Жўмыс баєдарламасы ф со пгу 7


Саусақша жанасу немесе құлып



Pdf көрінісі
бет13/34
Дата27.10.2023
өлшемі403,99 Kb.
#188737
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34
Байланысты:
сессия химия А, det bol det xir kz, 129678
4.Саусақша жанасу немесе құлып
— көрші жасушалар плазмолеммаларының бір-біріне қарама-қарсы саусақ
тәрізді еніп, құлып тіліне ұқсас байланысуын айтады.
5.Синапстық байланыс
— жүйкелік қозу мен тежелуді бір бағытта өткізуге маманданған,
нейроциттер, нейроцит - Бұлшықет жасушалары,  нейроцит-эпителиоциттер плазмолеммалары аралықтарындағы
жасушааралық жанасу.
8 Тақырып 
Цитоплазманың ұйымдасуы. Гиалоплазманың химиялық құрамы. Жасуша кірінділері
Цитоплазма
(гр. 
kytos
— жасуша және гр. 
плазма
— қалыптасқан) — ядроны қоршап жатқан жасуша бөлігі;
қоймалжың (
коллоидті
) ерітінді. Клетка Цитоплазмасының сырты плазмолеммамен қапталған. Плазмолемма —


Цитоплазманың ақуызды-билипидті қа-бықшасы, оның орт. қалыңд. 6 — 10 нм, құрамында ферменттер болады. Ол
жасуша мен оны қоршаған орта арасындағы зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Цитоплазманың негізгі
құрамы гиалоплазмадан, органеллалардан және қосындылардан тұрады.
Тірі ағзалардың құрамына кіретін жасушаларды екі топқа бөлуге болады: ядро қабаты болмайтыны
прокариоттар оларға көк жасыл балдырлар және бактериялар жатады, ядро қабаты жақсы жетілгені эукариоттар, бұған
өсімдіктер мен жануарлар жасушалары жатады.
Эукариотты жасушалар үш бөлімнен тұрады: сыртын қоршап жатқан плазматикалық мембранадан,
цитоплазмадан және ядродан.
Прокариоттар мен өсімдік жасушаларының плазматикалық мембраналарының сыртында жасуша қабаты
болады, ал жануарлар жасушаларында мұндай қабат болмайды. Клетканың ядросын қоршап жатқан қоймалжың затты
цитоплазма деп атайды Эукариотты жасушалар цитоплазмасының әртектілігі оның құрамында гиалоплазманың
болуынан. Гиалоплазма мембраналы және мембранасыз компоненттерден тұрады. Мембраналы компоненттерге
митохондриялар, пластидтер, эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, лизосомалар, ал мембранасыз
компоненттерге центриольдар, рибосомдар, микротүтікшелер,
 микрофиламенттер 
жатады. Цитоплазманың
құрамындағы жоғарыда аталған компоненттер бір-бірімен өте тығыз байланыста болады.
Гиалоплазма — Цитоплазманың нағыз ішкі ортасын түзетін, оның негізгі плазмасы. Онда ақуыз молекулалары
кешендерінің түзілуі мен ыдырау процестері үздіксіз жүріп жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет