Жўмыс баєдарламасы ф со пгу 7


қарапайым жанасу, саңылаулы жанасу



Pdf көрінісі
бет12/34
Дата27.10.2023
өлшемі403,99 Kb.
#188737
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34
Байланысты:
сессия химия А, det bol det xir kz, 129678
қарапайым жанасу, саңылаулы жанасу,
тығыз жанасу, саусақша жанасу (құлып), синапстық байланыс
жатады.
1.Қарапайым жанасу
— жасушааралық байланыстың ең көп тараған тұрі. Ені 15-20 нм жасушааралық
саңылау — көрші жасушалар плазмолеммалары гликокаликс қабаттарының өзара әрекеттесетін аймағы;
2.Саңылаулы жанасу немесе нексус
0,5-3 мкм жасушаарлық аймақты қамтиды. Көрші жасушалар
плазмолеммалары аралығында 2-3 нм саңылау қалады. Нексус аймағындағы көрші жасушалар плазмолеммаларында
арнайы протеиндік кешеннен түзілген, арналары 1,5-2 нм өзекшелер болады. Олар плазмолеммалар аралығындағы
саңылауда бір-бірінің ұштарымен өзара түйісіп, әртүрлі иондар мен ұсақ молекулаларды бір жасушадан екінші
жасушаға өткізетін өзектік бірліктер — коннексондарды түзеді. Коннексондар жасушалардың зат алмасуы мен
электрлік әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Коннексондар арқылы протеиңдер мен амин қышқылдарының ірі
молекулалары өтпейді. Нексус қозу процесі жұретін ұлпалар мен мүшелерде кездеседі;
3.Тығыз жанасу
— ұлпалар жасушааралық саңылауларын қоршаған ортадан оқшаулау арқылы, олардың ішкі
ортасын сыртқы ортадан бөледі. Көрші жасушалар плазмолеммаларының интегральды протеиндері бір-бірімен
байланысып, жасушааралық қосылу аймақтарын түзеді. Тығыз жанасу арқылы иондар мен молекулалар өте алмайды.
Тығыз жанасу эпителий жасушалары апикальды ұштары аралығында болады. Ал эпителиоциттер плазмолеммалары
аралығында, олардың механикалық байланысын қамтамасыз ететін, жалпы диаметрі 0,5 мкм, тығыз жанасудың тұрі —
тығыз жабысу немесе десмосома кездеседі. Десмосома аймағындағы ені 22- 35 нм жасушааралық саңылауда
плазмолеммалар
жарғақұсті
қабаттарынан
талшықты
зат
түзіледі.
Оның
орталығындағы протеиндер мен мукополисахаридтерден түзілген жалпақ тақташалар көлденең жіпшелер арқылы
көрші жасуша плазмолеммасымен байланысып тұрады. Десмосома аймағына іргелес көрші жасуша цитоплазмасы
бөлігі тығыздалып, онда да жіпшелер түзіледі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет