Жўмыс баєдарламасы ф со пгу 7


Тақырып  Жасушаның бөлінуі. Митоз Митоз



Pdf көрінісі
бет15/34
Дата27.10.2023
өлшемі403,99 Kb.
#188737
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34
Байланысты:
сессия химия А, det bol det xir kz, 129678
10 Тақырып 
Жасушаның бөлінуі. Митоз
Митоз
- сомалық жасушалардың бөлінуі. Митоз жасуша көбеюінің көбірек кездесетін әдісі. Осы әдіс
генетикалық материалдың жас жасушаларға тең бөлінуін және жасуша ұрпақтарындағы хромосоманың ұқсастығын
қамтамасыз етеді.
Митоздың биологиялық маңызы - хромосома санының екі еселенуі және олардың жас жасушаларға тең бөлінуі.
Митоз процесінде бір жасуша жаңа екі жасушаға бөлінуге даярлана бастаған шақта хромосомаларда таңқаларлық
өзгерістер байқалады. Әр хромосома ұзына бойына екіге бөлінеді және екі бөліктің екеуі де теңбе-тең генетикалық
материал алады.
Митоз процесі 4 сатыдан өтеді: профаза, метафаза, анафаза және телофаза.
Интерфаза – жасушаның екіге бөлінуі аралығындағы дайындық кезеңі. Бұл кезеңде боялып бекітілген ядроның
боялған жіңішке жіпшелерден тұратын торлы құрылымын байқауға болады.
Профаза – ядроның бөлінуге дайындалған бірінші сатысы. Бұл кезде хромосома жіпшелерінің өз осінде
шиыршықталып бұратылуының салдарынан хромосомалар қысқарып, жуандайды. Профаза кезінде хромосомалар
кариолимфада кездейсоқ жерлерде орналасады, осы кезеңде ядрошықтар бұзылады. Ал профазаның аяқ кезінде ядро
қабығы бұзылады да хромосомалар цитоплазмамен кариоплазманың сұйық заттарының қосындысы – миксоплазманың
ортасында қалады.
Метафаза фаза сатысының екі кезеңі бар: метакинез – хромосомалар жасушаның экватор аймағына жиналып
шоғырланады, жасуша бөлінуге дайындалады; нағыз метафаза – хромосома жіпшелері центромералармен
байланысады, хромосомалар хроматидтерге жіктеледі. Клетка цитоплазмасы бұл кезде тұтқырлығын жоғалтады. Бұл
кзеңде әрбір хромосоманың центромерасы дәл экваторда, ал қалған денесі экватордан тыс жазықта болуы мүмкін.
Анафаза – хроматин жіпшелерінің болашақ жас жасушалардың полюстеріне қарай созылып, ахроматин
ұршығын құрау кезеңі. Ахроматин ұршығының белдеуінде хромосомалар түрліше орналасып, ең алдымен аналық
жұлдызын құрайды. Сонан кейін аналық жұлдыздағы қосарланып орналасқан гомологиялық хромосомалардың
ұзынынан бөлінуі нәтижесінде пайда болған жас хромосомалар жасушаның полюстеріне қарай ығысады да, екі жас
хромосома жұлдыздары пайда болады. Осының нәтижесінде бір жасуша екіге бөлініп, жас жасушалар түзіледі.
Анафазада хромосомалардың жасуша полюсіне ығысуы бірден басталып, өте тез арада бітеді.
Телофаза митоздың ақырғы сатысы. Телофаза кезінде хромосомалардың қозғалуы аяқалады, митоздық аппарат
бұзылады, ядрошықтар пайда болады. Клетканың қарама-қарсы полюсінде жаңа пайда болған хромосомалардың
сыртынан ядролық қабық пайда болады. Жаңа ядролардың қайта құрылуымен қатар әдетте клтека денесі бөлініп,
цитотомия не цитокинез өтеді де, екі жасуша құрылады. Телофаза кейде цитотомиямен аяқталмай екі ядролы жасуша
құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет