Трансмиссионды электронды микроскопта
электрондар жарық микроскопындағы объект арқылы өтетін жарық
секілді өтеді. Нәтижесінде, электрондар шоғы фотография тақтасында объектінің суретін көрсетеді. Электрондар
жақсы өту үшін объект кесінділері өте жұқа болуы тиіс.
Микрохирургия әдісінде
микроманипулятордың көмегімен клетканың жеке бөлімдерін алып тастауға, жаңа
бөлімдер қосуға немесе қандай да болсын өзгеріс енгізуге болады. Амебаның ірі клеткасының негізгі үш компоненті –
клетка мембранасы, цитоплазма және ядро бөліп алып, соңынан қайта жинап тірі клетка алуға болады. Осындай
жолмен амебаның бірнеше особінен жиналған құрамды клетка алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: