Жўмыс баєдарламасы ф со пгу 7


Пәнді оқытудағы тақырыптық жоспар



бет5/27
Дата18.12.2021
өлшемі1,5 Mb.
#102443
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
5 Пәнді оқытудағы тақырыптық жоспар
Сабақтар бойынша академиялық сағаттардың тарлуы




Наименование тем дисциплины

Количество контактных часов в неделю

Лекции

Практ.

СРСП

СРС

1

Кіріспе.

1,5




1,5

4

2

Иммунология пайда болуы және пәнінің дамуы.

3

1,5

3

5

3

Иммунитет теориялары.

3

3

3

5

4

Антигендер және антиденелер.

3

3

3

8

5

Иммундық жүйе.

3

4

3

8

6

Иммунитет эволюциясы.

3




3

8

7

Гуморальдық және жасушалық иммунитетің негізгі феномендер.


3

9

3

14

8

Иммунодефицитті жағдайлар.

3

2

3

8

Итого по дисциплине:

22,5

22,5

22,5

60



6. Дәріс сабақтарының мақмұны




  1. Тақырып Кіріспе.

Иммунитет – ағзаның антигендік қасиеттерге ие инфекциондық және инфекциондық емес агенттер мен заттарға деген қабылдамаушылық қабілеті. Антиген дегеніміз иммундық жасушалар арнайы ерекше антиденелер түзетін кез келген заттар.

Бактериялар, вирустар, өсімдіктік және жануарлық табиғаты бар кейбір улар, донорлық қан және организм үшін бөгде басқа да заттар антигендер қатарына жатқызылады. Олар тек қана организмнің ішкі ортасына өздерінің антигендік қасиеттерін өзгертпей түскен кезде ғана бөгде болып саналады. Ас қорыту процесі кезінде өздерінің антигендік қасиеттерін жоғалтатын азықтық заттар иммундық реакцияларды туындатпайды.

Иммунитет жасушалық және гуморальдік, ерекше немесе ерекше емес қорғаныштық реакциялармен қамтамасыз етіле отырып, организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтайды. Иммундық реакцияны туындататын бөгде антигендердің түрлеріне байланысты антибактериялық, антитоксикациялық, вирустарға қарсы, ісікке қарсы, трансплантациондық иммунитет түрлерін ажыратады. Сонымен қатар организм антигендік қатынас нәтижесінде әр түрлі агенттердің әсерінен бөгде болып кеткен өзінің жасушаларына да иммундық реакциямен жауап бере алады.

Иммунитеттің екі негізгі түрін ажыратады: туа біткен және уақыт өте пайда болған. Туа біткен иммунитет (түрлік, тұқымқуалаушылық) жануарлардың небір түрлеріне тән және басқа да генетикалық сипаттар сияқты тұқымқуалаушылық жолымен беріліп отырады. Сол себепті де бір ғана түрге тән ауру түрлері болады; басқа биологиялық түрлер оларды мүлде қабылдамайды. Осылайша адамдар қара мал обасымен, мысықтар иттер обасымен, және т.б. ауырмайды.

Туа біткен иммунитеттің көрінуінің әр түрлі деңгейлері бар: абсолютті тұрақтылықтан ( мұндай тұрақтылық сирек кездеседі) организмге әсер ететін әр түрлі әсерлерден(мысалға алар болсақ, органзмнің аса тоңазытуы) бұзылуы мүмкін салыстырмалы қабылдамаушылыққа дейін.

Уақыт өте пайда болған иммунитет ауырып біткен инфекциондық сырқат нәтижесінде немесе вакцинациядан кейін пайда болады, тұқым қуаламайды.

Уақыт өте пайда болған иммунитеттің басты ерекшеліктерінің бірі – оның қатал тәнділігі: ол организмге түскен немесе енгізілген тек қана бір антигенге қарсы түзілетіндігі. Уақыт өте пайда болған иммунитеттің белсенді және белсенді емес түрлері қарастырылады. Белсенді түрдегі уақыт өте пайда болған иммунитет ауырып біткен сырқат нәтижесінде немесе жасырын инфекция мен вакцинациядан кейін туындайды. Белсенді түрдегі уақыт өте пайда болған иммунитет сырқат басталғаннан кейін 1-2 аптаның ішінде пайда болады да, салыстырмалы түрде ұзақ сақталады – яғни, бір жылдан бірнеше онжылдықтарға дейін. Осылайша, қызылшадан кейін пайда болған иммунитет өмір бойына сақталады. Басқа инфекциялардан кейін, мысалға алар болсақ, тұмаудан кейін белсенді түрдегі уақыт өте пайда болған иммунитет салыстырмалы түрде 1-2 жыл бойына аз уақыт қана сақталады.

Белсенді түрдегі уақыт өте пайда болған иммунитет иммунокомпетенттік жасушалардың – Т- және В-лимфоциттердің

( яғни, тимотәуелді және сопақша ми лимфоциттері) қызметіне тікелей байланысты. Бұл жасушалар бөгде агентті анықтап, оларға тиісті реакциямен жауап береді:

Т-лимфоциттер қызметтері бойынша әр түрлі болып келетін белсенді лимфоциттерге айналады, ал В-лимфоциттер арнайы ерекше иммуноглобулиндерді – антиденелерді түзетін плазмалық жасушаларға айналады. Т-лимфоциттер жасушалық иммунитетті қамтамасыз етеді, ал В-иммунитеттер гуморальді иммунитетті қалыптастырады.

Белсенді емес түрде уақыт өте келе пайда болатын иммунитет плацента арқылы анасынан антиденелер алатын ұрықта пайда болады, сол себепті де жаңа туылған сәбилер белгілі бір уақыт бойы кейбір инфекцияларға, мысалға алар болсақ, қызылшаға төтеп беріп, қабылдамайды. Белсенді емес түрдегі уақыт өте пайда болған иммунитет қолдан да жасалуы мүмкін – яғни, организмге белгілі бір ауру түрімен ауырып болған науқастардан немесе вакцинацияланған адамдар мен жануарлардан алынған дайын антиденелерді (иммуноглобулиндерді) енгізу арқылы жүзеге асады. Белсенді емес түрдегі уақыт өте пайда болған иммунитет тез пайда болады да ( иммуноглобулин енгізілгеннен кейін бірнеше сағаттан соң) біраз уақыт бойы (3-4 апта бойы) сақталады. Белсенді түрдегі уақыт өте пайда болған иммунитет пен белсенді емес түрдегі уақыт өте пайда болған иммунитеттің факторлары мен механизмдері әр түрлі.

Қалыпты қызмет атқаратын тері мен шырышты қабықтары организмнің сыртқы бактериялдық қоздырғыштардан және вирустық инфекциялардан қорғайтын бірінші қорғаныс қабатын құрайды. Тер-тұздық бездерден бөлініп шығатын сөлдерінде бактерияларға жойқын әсер ететін заттар болады. Оларды иммунитеттің табиғи факторларына жатқызады. Осылайша, конъюнктивалардың бөлетін сөлдерінде, ауыз қуысының шырышты қабатында, мұрында, өңеште лизоцим – кейбір бактериялардың жасуша қабықшасын бұзатын ақуыздар болады. Иммунитеттің табиғи факторларына сондай-ақ бактериялардың ферменттік белсенділігінің ингибиторлары, вирустардың ингибиторлары, асқазанның шырышты қабаты бөлетін сөл, және басқа да организм түзетін заттар жатады.

Организмнің маңызды қорғаныстық реакцияларына ісіну мен фагоцитоз (әр түрлі бөгде агенттерді фагоциттердің жұтып, қорытуы) жатады. Фагоцитозды екі жүйенің жасушалары жасайды: микрофагтар (гранулоциттер) және макрофагтар (моноциттер). Бұл қозғалмалы жасушалар. Бауыр ұлпаларының, лимфа түйіндерінің қозғалмайтын мононуклеарлы жасушалары да фагоцитозды жүзеге асырады. Макрофагтар микрофагтарға қарағанда қиындау қызмет атқарады: олар бактериялармен қоса, саңырауқұлақтарды, қарапайымдарды, антиген-антидене кешендерін, организмнің түр өзгерткен өзіндік жасушаларын, жаман ісіктердің жасушаларын қорыта алады. Сонымен қатар макрофагтар антидене түзуге де қатысады.

Организмнің бөгде антигендерге иммундық реакциямен жауап қайтару қабілеті жатырішілік кезеңде қалыптаса бастайды да баланың бір жасына дейін айқын көріне бастайды. Арнайы зерттеулер көрсеткендей, организм белгілі бір антигенге қарсы әрекет ететін қабілетін оны организмге эмбрионалдық кезеңде немесе туа салысымен енгізсе жоғалтуы мүмкін. Бұл қалып иммунологиялық төзімділік деп аталды, яғни организмнің белгілі бір антигенге қарсы әрекет ету қабілетін жоғалтуы.

Антиденелер иммунитеттің маңызды қызметтерінің бірін орындайды. Олар токсиндерді, вирустарды, бактерияларды зарарсыздандырып, оларды түптеп жоятын фагоциттерге барынша ашық етеді. Антиденелердің маңызы, әсіресе, вирусқа қарсы иммунитет түзілген кезде артады. Арнайы антиденелер вируспен қосыла отырып, оның адамның басқа жасушаларына енуіне мүмкіндік беретін рецепторларын тоқтатады. Тыныс алу жолдарының сөлдерінде бар антиденелер тұмау және басқа да респираторлық сырқаттардың алдын алуда маңызды рөл ойнайды.

Бөгде антигендік қасиеттерге ие патогендік және патогендік емес агенттерден қорғайтын жасушалық және гуморальдік реакциялар тығыз байланыста қызмет атқарады да организмнің ортақ бақылауында болады. Олар организмді патогендік микроағзалардан ғана қорғап қоймай, организмге түсетін басқа да бөгде заттардан, мысалы ас қорыту қызметі бұзылған кезде қанға араласатын азық компоненттерінен, тыныс жолдарының шырышты қабаты арқылы ішке енетін өсімдік тозаңдарынан, реципиенттің қан тобына сай келмейтін донорлық қаннан, иммунологиялық сәйкессіздік кезіндегі органдардың жасушалары мен ұлпаларынан қорғайды.




  1. Тақырып Иммунология пайда болуы және пәнінің дамуы.

Иммунитет туралы түсінік өте ерте заманда пайда болған. Тарихшы Фукидид жазған Пелолоннес соғысы туралы жылнамаларында (б.э.д. V ғасыр) жұқпалы аурулардың эпидемиясынан кейін ол аурумен қайта ауырмайтыны айтылған.

Біздің эрамызға дейінгі ғасырда Қытай мен Үнді елдерінде шешек ауруымен ауырған адамдардың денесіндегі күлдіреген көпіршіктері алынып, дені сау адамдарға осы ауруға шалдықпас үшін жұқтырылған. Батыс және Оңтүстік Африканың жергілікті халқы малды өкпе қабынуына қарсы егуді бірнеше ғасырдан бері нәтижелі қолданып келген. Олар қабынып өлген малдың өкпесіне пышақ сұғып, сол пышақпен сау малдың тұмсығын тілімдейді екен. Дегенмен ең алғашқы иммунологиялық тәжірибені жасаған адам – ағылшын дәрігері Э. Дженнер. Ол 1796 жылы сиыр шешегімен ауырып тұрған адамның қайтып бұл аурумен ауырмайтындығын байқаған. Ол сиыр шешегінен сауыққан сауыншылардың қолдарындағы күлдіреген көпіршіктердің суын басқа адамдарға екті. Сол сүйықты ол вакцина деп атады (латынша vacca сиыр деген сөзді білдіреді).

Иммунологияның ғылым болып қалыптасуы кейбір жұқпалы ауруларды қоздыратын микробтың ашылуымен тікелей байланысты. Бұл салада Л. Пастердің сіңірген еңбегі зор. Пастердің малды тырысқақ (холера) ауруына қарсы вакциналау тәжірибесінің нәтижелері туралы жазған мақаласы жарық көрген 1881 жыл иммунология ғылымының туған уақыты деп есептелінеді. Ол мақаласында ауру қоздырғыш қабілеті әбден әлсіреген микробтарды батыл түрде вакцина ретінде қолдануға болатынын айтты. Дегенмен Пастер иммундық теория жасай алмады.

1890 жылға дейін иммунологияның берік негізін қалаған көптеген ғылыми жаңалықтар ашылды. Илья Мечников фагоцитоз құбылысын ашып, «жасушалық иммунитет» деген ұғым енгізеді (1884); Эмиль фон Беринг Шибасабуро Китазатомен бірге дифтерия мен сіреспеге қарсы пассивті иммунизацияны қолданды (1891); Пауль Эрлих антиденелердің түзілуін түсіндіретін өзінің атышулы «бүйір тізбектері» теориясын үсынды (1897); Жюль Борде 1899 жылы комплемент жүйесін ашып, 1901 жылы комплементті байланыстыру реакциясын қойды. Бүл жаңалықтардан соң қанның АВО тобы (К. Ландштейнер, 1900), анафилаксия (Шарль Рише, 1902), Артюс феномені (М. Артюс, 1903) және сарысу ауруы (К. Пирке, 1905) белгілі болды. К. Пирке 1906 жылы «аллергия» деген үғым енгізді.

Соңғы 50 жыл ішіндегі пайда болған ғылымдардың методикалық жетістіктері иммунологияның қарқынды дамуына себепкер болды. А.Тизелиус 1938 жылы электрофорез тәсілін қолданып, Э. Кэботпен бірге антиденелердің глобулиндер екенін дәлелдеп берді; иммунодиф-фузия (Ж. Уден 1946), иммунофлуоресценция (А. Кунс, 1942) және иммуноэлектрофорез (П. Грабель, 1953) тәсілдері белгілі болды; антиденелердің қүрылысын зерттеу басталды.

1960 жылдан бастап иммунды жүйенін, орталык, торшасын-лимфоциттерді зерттеу жүмыстары басталды, П. Медавар мен оның қызметтестері (1958) иммунологиялык, толеранттылықтың феномені иммундык, жүйенің белсенді әрекетінің белгісі екенін дәлелдеді. Марк-Фарлейн Бернет пен Нильс Ерне (1958) антиденелердің түзілуінің клональді – селекциялық теориясын дамытты, ал Дж. Гуоэнс (1959) сәуленің әсеріне үшыраған сингенді реципиенттерге лимфоциттерді көшіру арқылы осы торшалардың организмнің иммунды жауабында үлкен міндет атк,аратынын дәлелдеп берді. Жан Миллер тимэктомиятәжірибесін жүргізіп, тимустың бастапқы лимфоидты ағза екенін анықтады. Трансплантациялық иммунологияның негізін қалаушылардың бірі Дж. Снелл 40-шы жылдарда өзінің конгенді тышқандармен жүргізген тәжірибелерінің нәтижелері негізінде үлпа сәйкестігін ашты (Н-2 жүйесі).

1959 жылы Жан Доссе бастаған ғалымдар тобы адамның антигендерінің гистосәйкестілігінің жүйесін (НА) ашып, аллотрансплантация кезінде үлпаларды жіктеуге мүмкіндік туғызды. Хью Мак-Девитт иммунды жауаптың гендері гистосәйкестіліктің бас комплексіне (кешеміне) жататындығын дәлелдеп өте маңызды ғылыми жаңалык, ашты. Б. Бенецерраф оларды Ir-гендер (ағылшынша immune response – иммунды жауап) деп атады, өйткені олар организмнің бөгдеантигендерге (мыcалы, зардапты микроорганизмдердің белгілі бір антигендеріне) қарсы жауап беру қабілетін анықтайды. Кейінгі жылдардың маңызды жаңалык,тарының ішінен моноклональдык, антиденелерді алу тәсілін – гибридомалык, технологияны атап айтуға болады (Келер және Мильстайн, 1975ж). Моноклональдық антиденелердің тазалығы соншалык,ты, ол антигеннің тек бір ғана детерминантасына (бөтен белгісіне) бағытталған.

Иммунология көптеген пәндермен тығыз байланысқан. Оған дәлел кейінгі кезде иммунохимияның, иммунопатологияның, ісік иммунологиясының, трансплантация иммунологиясының және басқа пәндердің пайда болуы. Қазіргі кезде антиденелер биология, биохимия, микробиология, фармакология сияқты ғылым салаларында бағалы реагент ретінде кең қолданылып отыр.


  1. Тақырып Иммунитет теориялары.

19 ғасырда П.Эрлихтің гуморалды иммунитет теориясы шығады. Эрлихтің пікірі бойынша антиденелер клеткалардың жақты тізбектері болады. Жақты тізбектер теориясы кәзіргі кездегі клеткалық рецепторлар туралы мәліметтер арқылы анықталды. Микробқа қарсы пайда болған заттарды антидене деп атады. Сонымен қатар, иммунитеттің фагоцитарлық теориясын феноменіне сүйене отырып И.Мечников иммунитеттің фагоцитарлық теориясын шығарады.

Бернеттің клон-сұрыптау теориясы – мағынасы: әр антигенге белгілі лимфоцит бар. Антиген өзіне сәйкес рецепторы бар лимфрцитті стимулдейді. Нәтижесінде осы антигенге арнайы лимфоциттер клоны пайда болады. Лимфоидті клеткалардың популяциясы өте көлемді, гетерогенді, антигендік детерминанттардың көп санды түрлерінен асып түсіп, басып кетеді. Бірақ, шындығында бұл процесс күрделенген, өйткені белгілі рецепторлары бар лимфоциттердің пайда болуы өмір бойы жүреді.

1974ж. Ерненің иммунологиялық теориясы – идиотип-антиидиотип қарым-қатынас теориясы. Әрбір иммуноглобулинде 2 негізгі бөлімшесі болады. Олардың ішінде: біріншілері - әдеттегі антигендердің антигендік детерминанттарымен байланысады, екіншілері – басқа Иг-ң молекуласы сыртында орналасқан, антигендік детерминанттармен ұқсас, идиотипикалық детерминанттармен өзара әрекет жасайды. Мұндай детерминаттар идиотип деп аталады.

Сонымен, иммунитет – организмнің генетикалық бөгде информациясын тасымалдаушылардан қорғану әдісі, ішкі гомеостазды сақтау үшін бағытталған.

Иммунды жауап дегеніміз антигенді байланыстырып, инактивациялап, ыдыратып және организмнен шығаруға бағытталған иммун жүйесінің арнайы комплексті реакциясы. Иммунды жауап бір-бірін толықтыратын клеткалық және гуморалды иммунитет реакциялармен жүзеге асады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет