Антиденелер қасиеттері
1. Спецификалық қасиеті - иммуноглобулин тек арнайы антигенмен қарым-қатынасқа түседі. Онда антидене белсенді орталығы — антидетерминант (паратоп) антигендер белсенді орталығы — детерминантпен (эпитоп) байланысады.
2. Валенттілігі-иммуноглобулин молекуласындағы антидетерминанттың саны, көбінесе бұлар екі валентті, бірақ кейде 5-10 валентті антиденелер кездеседi.
3. Аффиндігі олардың байланысы өте мықты, (антидене + антиген) антидетерминант + детерминант байланысы.
4. Авидтігі — антиген мен антидене байланысы тұрақты, олардың байланысуы жылдам және толық, олар әр түрлі торшалармен байланыс жасай алады:
макрофагтармен байланысып фагоцитозды белсендіреді.
нейтрофилдермен фагоцитозды белсендіреді.
базофилдермен байланысып атопиялық реакция жүріп, медиаторлар бөлініп, жедел жүретін аллергиялық реакцияға әкеледі.
тромбоциттермен байланысып қан ұюын өзгертеді.
Лимфоциттермен-FC рецепторымен (иммуноглобулин G)
Достарыңызбен бөлісу: |