Әр топ берілген сөздерді буынға бөліп,оқып береді,және мағынасын ашып,бір сөзге сөйлем құрайды.
-Жарайсыңдар!
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінің мазмұнын әр топ өзіне берілген суретті кезеі бойынша айтып шығуы керек.
Кітаптағы жаттығуларды орындау.
Топ бойынша
«Қар кесегі»стратегиясы арқылы бір-біріне топтар сұрақтар қою.
Аты мәшһүр жаһанға,
Бауыржан ата қаһарман.
Мағынасын ашу.
Әр оқушы бланк парақшаларына кері байланыс орнатып,жазып шығады.
«Алты қалпақ»стратегиясы арқылы қалпақ киген оқушылар кері байланыс орнатп ауызща жасайды.
Микрофон
Суретпен жұмыс
.
Оқулықпен жұмыс.
Жазу дәптер
«Өз орнын тап» ойыны
Топтық жұмыс
Оқушы белсенділігі артады
Ертегі кезеңдерінің суреттері ,топтамалары
Сергіту сәтіне арналған жинақ
Бейнебаян
Алты қалпақ
Арнайыбет бейнелер көрсетіледі.
Мәтін желісі бойынша оқулықта берілген сұрақтарға оқушылардан жауап алуды ұйымдастырамын. Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу білігін
|
|
Кері байланыс:
Балалар бүгінгі сабақ ұнадыма?
Қай ойын ұнады?
Бүгінгі сабақтан сөз қоржындарыңа қандай сөз салдыңдар?
Бүгін біз не үйрендік?
Ия біз бүгін басқа дыбыстардан ерекшелігін Ө дыбысының оқылуын ,жазылуын және сөздік қорымызды толықтырдық.
|
Ұжымдық жұмыс
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру
Кретериалды бағалауды дескриптор арқылы бағаладым.
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
|
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
|
Кретериалды бағалауды дескриптор арқылы бағаладым
|
Кері байланыс
|
ІV. Зерттеу бөлімі
4.1 Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру
Зерттеу тақырыбымның нәтижелерін талдау мақсатында мен «Топтық жұмыста Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бола ма?» деген сұраққа жауап іздедім. Егер зерттеу жұмыстары дұрыс жүргізіліп, нәтижелер талданса, қорытындысында оң нәтиже көрсетілуі керек.
Зерттеу сыныбы ретінде 4 «ә» сыныбын алдым. Өйткені бұл менің практика кезінде сабақ берген сыныбым болатын. Сыныпта – 24 оқушы бар. Оқушылардың әлеуметтік жағдайлары әр түрлі. Осы сыныпта оқитын 3 оқушыны зерттеуге алдым. Оқушылар туралы мәліметтер
№ 1 кестеде берілген.
кесте № 1
№
|
Фамилиясы, аты-тегі
|
Туған жылы
|
Оқуға қабілеті
|
Темперамент
|
Интелл. Деңгейі
|
Логикалық ойлау
|
1
|
Арман
|
2004
|
жоғары
|
Сангвиник
|
85 -ортадан жоғары
|
жоғары
|
2
|
Сауле
|
2003
|
орта
|
Флегматик
|
80 – орта
|
орта
|
3
|
Қарақат
|
2003
|
төмен
|
Холерик
|
78 – орта
|
орта
|
Сыныптағы оқушылардың бір-біріне қарым-қатынасын зерттеу мақсатында «Социограмма» сауалнамасы алынды. «Социограмма» сауалнамасының қорытындысы мына № 2 кестеде берілген: кесте № 2
|
Дос
|
Дос болғым келеді
|
Үзіліс кезінде ойнаймын
|
Сыныптың ең танымал оқушысы
|
Ең ақылды оқушы
|
Арман
|
7
|
4
|
2
|
6
|
7
|
Сауле
|
1
|
3
|
1
|
4
|
4
|
Қарақат
|
2
|
2
|
3
|
1
|
1
|
Мен де іс-тәжірибемдегі өзгерісті ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында топтық жұмыс әдістерін енгізуден бастадым.Оқушыларды топқа бөліп оқытуды және қысқа мерзімді жоспарымды Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмаларға негіздедім. «Туған өлкем - тұғырым» тарауы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасының бірінші сабағы «Елтаңба мен Ту туралы жыр» тақырыбында өтті.
Бұл сабақтың негізгі мақсаты:
Мәтінді түсініп оқиды,оның мазмұнын ұғынады,Қазақстан рәміздері туралы білімдерін топпен бірлесе отырып талқылайды;
Пырақ пен Қыран сөздерінен диалог құра отырып, байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;
Ел рәміздерін,тарихын білуге,қастерлеуге үйренеді;Елге,жерге деген патриоттық сезімі оянады.
Ойлау деңгейлері
Білу Мақсаты: Бұған дейінгі оқушылардың мемлекеттік рәміздер жайлы білетінін анықтау. Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Әр топ бейнелері қайда орын алған? ҚР рәміздері туралы мен не білемін?
Бағалау: Смаилик арқылы бағалау
Түсінуі: Мақсаты: Білетіндерін әңгімелеу.Мәтінді оқу,талқылау. Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Мәтінді «ЖИГСО» әдісі арқылы оқып, постер құрайды,әр топтан елшілер постерді қорғайды.
Бағалау: Топтар бірін-бірі бағалайды(бағдаршам) әдісі.
Қолдануы: Мақсаты: Қисынды ойлауға әкелу. Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Пырақ пен Қыран сөздерінен диалог құрастыру.
Бағалау: Жұлдызша беру арқылы
Талдау: Мақсаты:Бұған дейінгі білімін зерделеу.
Тапсырма:“Ауызша волейбол” ойыныШарты: Жүргізуші мақалды бастап допты екінші балаға лақтырады.Допты алған оқушы мақалды аяқтайды.Өзі мақалды бастап,келесі оқушыға лақтырады.Әр аяқталған мақалға 1 ұпай, егер аяқтай алмаса1 ұпай алынып тасталады.
Жинақтау: Оқушыларды өз ойын жинақтап айтуға итермелеу.
Тапсырма: Мақал-мәтелдерді сатылай кешенді талдау. Жетонмен немесе фишкалармен бағалау. Толық талданған мақалға 5ұпай. Бұл тапсырманы орындау барысында Бағалау:Мақсаты:Оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін бағалай алуын бақылау.
Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Гүлнұр Оразымбетованың «Туған өлкем» әнін тыңдау.Осы әнді тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар? Сен өз еліңнен жырақта жүрсің, сағынышыңды қалай білдіресің? «Туған елге сағыныш» эссе жазу. Бұл тапсырманы оқушылар өз ойын ашық бейнелей алуы арқылы мені таңқалдырды. Бүгінгі сабақты рефлексияда оқушылар «екі жұлдыз,бір тілек» арқылы ойларын ашық айтты.Өзім бағалауда оқушылардың сабақ бойында алған формативті бағаларын есептеп, қорытынды суммативтік баға бердім.Бүгінгі сабақты оқушылар өте үлкен қуанышпен аяқтады.Өздері бір-бірімен даурығып, бүгінгі сабағымыз күшті болды – деп ой бөлісіп жатты.Ертеңгі сабағымыз да осындай бола ма? деп сұрады.Бірақ менің бүгінгі сабағыма өзімнің көңілім толмады.Себебі, оқушылар топта бірлесе жұмыс істеуге дағдыланбаған.Блум таксономиясы негізінде құрылған тапсырмалар оқушылардың ойлау деңгейлеріне қиындық туғызды.Себебі, мен дәстүрлі сабақтарымда жабық сұрақтарды көп қоямын,оқушыларым автоматты түрде еш қиналмастан оқулықтан қарап жауап беретін.Оқушылардың логикалық ойлау деңгейлері төмендеу болғандықтан оларға эссе жазу қиынға соқты.Олар әлі де қиялға берілуге жаттықпаған. Сондықтан келесі сабақты жоспарлағанда оқушыларымның ойлау деңгейлерін есепке алуым керек. Зерттеу тақырыбымның нәтижелерін талдау мақсатында қойылған «Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бола ма?» деген сұраққа байланысты келесі тұжырымдамаларды айтуға болады:
Сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді, сұрақ қойып,дәлелдерді талдайды,мағынаны тану үшін әр түрлі стратегияларды қолданады;
Оқушылар әдебиеттік оқу сабағында өлеңді жаттау,әңгімені мазмұндау, яғни механикалық есте сақтау (бірер уақыттан кейін ұмытылып қалатын) арқылы білімдерін көрсетсе, енді талдау, талқылау, салыстыру, жинақтау, бағалау арқылы сөздік қорлары артып, ойларын ашық, еркін, дәлелді түрде айтуға үйренді;
Оқушылар сабаққа белсенді араласа бастады. Мысалы: зерттеуге алған Қарақат оқушымның көрсеткіштері жоғарылай бастады;
Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар берілгенде оқушылар өздерін шығармашылық жағынан көрсете алды.
Оқушылардың жалпы пәнге деген белсенділіктері мен қызығушылықтары артты.
V. Қорытынды
Қорыта келе, Блум таксономиясы бойынша сабақ жоспарын жасап үйрендік. Жасап қана оймай сол жоспар бойынша сабақ өткізіп практика жүзінде жоспарды іске асырдық.
Сонымен қатар қазақстандық білім беру дәстүрлері мен мектеп түлектерін халықаралық квалификациялық талаптарға сай даярлау ісі бұрынғысынша маңызды стратегиялық міндет болып қала береді.
Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы негізгі құзыреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіріліп отыр. Оқу әрекетін ұйымдастыруда жеке тұлғаның өзін-өзі таныту тетіктерін, ғылыми ойлауәдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін игеруді, кәсіби мақсаттарынқалыптастыруды қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі таңда педагогтіңміндеті оқушылардыбілім мөлшерімен жабдықтау емес,білімді өз бетіменалу үшінжағдай жасау болып табылады. Осыған орай,әдебиет пәнінің оқытылусапасынжақсарту, оқыту әдістемесін ғылыми зерттеу нысанына ала отырып, сонныізденістер жасау, оны тікелей іс-тәжірибе арқылы дәлелдеуге қол жеткізу кезеккүттірмейтінмаңызды мәселеге айналуда. Әдебиеттен білім беру көркем әдеби мәтіндіой көзімен түсіне оқып, жан-жақты талдау жасаумен ерекшеленеді. Осыған орай, тілдікқатынастың дамуынаалғышарт тудырудың басты факторы оқушығатілдік орта
Жасауболса, сол тілдік орта оқу мәтіндерініңкоммуникативтік, ой дамытушылық,шығармашылық, зерттеушілік сипаттарымен айқындалуы
оқу тапсырмаларындажан-жақты қарастырылуы қажет. Тұлғаның рухани-адамгершіліктәрбиеленуі бүгінгі таңдаөзекті мәселе болып отыр.
Оқушының адамзаттық құндылықтарды игеруі ана тілі жәнетуған әдебиетіміздің рухани байлықтарын түйсінуіарқылы бойына сіңірілмек.
Ол үшінсабақта әр оқушының өзінің интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерініңшыңына жету мүмкіндігін қамтамасыз ететін, құзыреттілігін қалыптастыратын оқутапсырмаларынәзірлеу қажеттігітуындайды.
Осыған орай, заманауи талаптарға сайЕуропалық біліктілік жүйесіндегі «Ана тілінде сөйлесе алу»құзыреттілігіненегізделгеноқутапсырмаларын әзірлеудің әдіс-амалдарынқарастырукөзделеді. Әдебиетті оқытуда көркем әдеби мәтінді ой көзімен түсіне оқып, жан-жақтыталдау жасаумен ерекшеленеді.
Бүгінде көркем мәтінді табиғатына сай талдаудың тиімді жолдарын қарастыра отырып,Блум таксономиясына негізделіп құрылған тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыратыноқу тапсырмаларын дайындаудың теориялық амал-тәсілдері мен практикалық бөлімдегіоқу тапсырмалары арқылы оқыту әдістемесіне білім сапасын арттыратынинновациялық өнімді әдістер енгізу өзекті болуда.
Оқушының өздік жұмысын тиімдіұйымдастыруда ұсынылатын Блум таксономиясынанегізделген тапсырмалар жүйесінің алдына қоятын мақсаты да жоғарыдағымәселелерге байланысты құрылған.
Осы орайда төмендегідей әдістемелік нұсқау ұсынамын:
Б. Блумның мақсат қою технологиясын тиімді пайдаланған оқушының «Мен шығармашыл тұлғамын» деген өзіне-өзі сыни көзбен қарауға көзқарасы қалыптасатыны сөзсіз екенін ескеру қажет;
Оқушылар алған білімін өмірде пайдалана алатын әлеуметтенген құзыретті тұлға даярланады;
Деңгейлік тапсырмалар негізінде тұлғаның өз ісіне мақсат қоя отырып, оны іске асыру үшін әртүрлі жағдайлардағы проблемаларды анықтап, жауапты шешім қабылдап, өз шешімінің нәтижесін бағалай алу біліктілігі және эвристикалық, ізденушілік әдістерге негізделген шығармашылық зерттеу мәселелерін шеше алу қабілеттілігі дамитынын ескеру қажет;
Тұлғаралық әлеуметтенуі негізінде коммуникативтік құзыреттілігі арттыру қажет;
Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге үйретіп, талабын ұштап, қиялын дамыту керек;
Бір – бірінің, өзінің іс-әрекетіне талдау жасауға, бағалатуға дағдыландыру қажет;
Өздерінің нәтижесін көре білуге, оны бағалай білуге дағдыландыру тиіс;
Тез, әрі нақты ойлап, дұрыс шешім қабылдай алу және тапқырлық, тиянақтылық дағдыларын дамыту;
Алған білімдерін пайдалана отырып, жаңа қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру.
Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұрғанын ескеру қажет;
Б.Таксономиясының белгілі критериялар мен ұстанымдарын түсіну және қолдану керек;
Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін ескерген жөн;
Блум таксономиясы адамның ақыл- ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет ететінін ескеру;
Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні -оқушыларды кәсіби іс- әрекетті меңгеруге бағыттау қажет.
VІ.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мұғалімге арналған нұсқаулық. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы, Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББ, 2015.-24 б.
Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012. - 306 б.
Бағалау саясаты. Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі. – 2014. http://www.nis.edu.kz/.
Cpm. Kz. Үшінші негізгі деңгей. Бірінші бетпе-бет, 3 апта, 1 күн ресурстары.
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030» Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы». Алматы: Дәуір, 1997
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан Астана, Ақорда, 2007
Қисымова А.Қ., Нұрланов Е.Б. Біртұтас педагогикалық процесте сабақтың технологиялық картасын құрудың үлгісі. // Әлеуметтік жаңғырту жағдайында білім беру жүйесін жетілдіру. Халықаралық ғылыми практикалық конференциясының материалдар жинағы.(Астана, 6-7 желтоқсан, 2013). Б.341-346
Әлімов А.Қ. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері
Алматы 2013 447 б
«Қазақстан мектебі» журналы. № 9 2009 жыл.28 бет
Қ.Ө.Бітібаева.Оқушыларды ғылыми зерттеу жұмысына баулу жолдары 120—121 беттер.
« Қазақстан мектебі»журналы №11-12 2007 жыл
Н.С.Сарсенова «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда оқытудың жаңа технологиясын енгізудің тиімді жолдары»Алматы 2006жыл
«Оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары туралы жалпы мағлұматтар» (әдістемелік көмекші құрал)
Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші деңгей «Назарбаев Зияткерлік мектептері » ДББҰ , 2012
«Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т. п.ғ.к., ББЖКБАРИ
Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
Достарыңызбен бөлісу: |