ЖҰмыс мазмұны кіріспе


ІІ. Сабақ үрдісінде Блум таксономиясы арқылы оқыту үшін бағалау мен оқудағы бағалауды тиімді ұйымдастыру



бет2/3
Дата03.12.2019
өлшемі392,25 Kb.
#52967
1   2   3
Байланысты:
docx1543899211


ІІ. Сабақ үрдісінде Блум таксономиясы арқылы оқыту үшін бағалау мен оқудағы бағалауды тиімді ұйымдастыру

2.1 Блум таксономиясы бойынша сабақ жоспарын құру әдістемесі
Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім-дер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» -деп нақты көрсетілген.Бүгін тәуелсіз,демократиялық Қазақстанның білім беру жүйесінің алдында басты проблеманың бірі ретінде : «Ел азаматын қалай тәрбиелеу керек?» деген сұрақ тұрды.Неге? Проблема өзектілігі неде?Шынымен ғасырлар бойы,баяғыдан бұл сұрақ қоғамның алдында тұрмады ма?Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.Сын тұрғысынан ойлау бақылау,тәжірибе,толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну,бағалау,талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз,түрткі болуы да мүмкін.1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. [1]Сын тұрғысынан ойлауды,әдетте, білім берудің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарымен байланыстырады.Алайда сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады.Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл – балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. [2] 

Жалпы мақсат: Әріптестердің сабақ үрдісінде оқыту үшін бағалау мен оқудағы бағалауды іс-тәжірибелерінде тиімді қолдануларына ықпал жасау; Өзара бағалауға үйрету. 

Оқу нәтижесі Бағалау түрлерін өзара, жұптық және топтық бағалауда

ұтымды ұйымдастыра біледі және тәжірибелерінде қолданады. 

Түйінді идеялар: Бағалау жолдарын тиімді жүргізу арқылы табысты оқытуға қол жеткізу. 

Сабақта қолданылатын материалдар: А- 4 парақтары,стикер, смайликтер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам. 

Оқыту әдістері:

1.Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер 

2. Оқыту мен оқытудағы АКТ 

3. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

1. Диалог 

2. Жеке жұмыс 

3. Топтық жұмыс 

Дерек көздері: Әдеби материалдар, газет-журналдар. 

Тапсырмалар: Сұрақ- жауап, ДЖИГСО, жинақтау және қолдану, көзбен

көретін айғақтар негізінде ой тұжырымдау. 

Оқуға арналған тапсырма: Топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық 

Мұғалімге арналған нұсқаулық. 

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті: 

І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу 

Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті 

«Комплимент айдары» 

Қатысушыларды қарсы алады. Шеңбер бойына тұрғызып, маңыздылығын түсіндіреді. Күнделікті күйбің тірлікпен жүріп бір-біріміздің жақсы қасиеттерімізді айтып, бір-біріміздің мәртебемізді көтеруге уақыт таппай жатамыз. Ендеше дәл қазіргі сәт сол олқылықтың орнын толтыруға арналғандай. Шеңбер бойымен қасымызда тұрған әріптесіміздің үш жақсы қасиетін тізіп шығайықшы. 

Шеңбер бойымен қасында тұрған әріптесінің үш жақсы қасиетін тізіп айту

арқылы жақсы орта қалыптастырады. 

Топқа бөлу 

Бір адамды сыртқа шығарамыз, осы кезде топ қандай белгілерге қарап бөлінетінін келісіп алады да екі топқа бөлінеді.(мысалы шашы ұзындар және қысқалар немесе аяқ киімінде жібі барлар және жоқтар). Кірген адамның тапсырмасы – қандай белгі бойынша топ екіге бөлінгенін табу. Топқа бөлінеді, көңілді, жұмысқа белсенді орта қалыптасады. 

І тапсырма

Джигсо әдісі 

Берілген теориялық мәтінмен жұмыс. Постер әзірлеу. 


«Блум таксономиясы арқылы 

оқыту үшін бағалау мен оқудағы бағалауды тиімді ұйымдастыру». 


1-топ. Білу, түсіну, қолдану кезеңдері. 

2-топ. Талдау, жинақтау, бағалау кезеңдері. Теоиялық мәтінді игере отырып, талдайды. Блум таксономиясы бойынша түсініктері кеңейеді. Мәтінді өзгеге

үйрете отырып, өздері меңгереді. 

ІІ тапсырма 

Көзбен көретін айғақтар негізінде ой тұжырымдау. 

«Ертегілер туралы түсінік» тақырыбы бойынша тапсырма түрлері ұсынылады, сол тапсырмаларды Блум таксономиясына салады және бағалау критерийлерін әзірлеуге тапсырма беру. Топтар бір–бірін бағалайды. 


Сіздерге неліктен бұндай баға қойылғаны түсінікті ме? Сіздере қойылды... Неге? Сіздер баға қою кезінде неге көңіл аудардыңыз? Жұмысты бағалау қиын болды ма? Сіздердің бағалауларыңыз қандай аспектілерді қамтиды?
ІІІ тапсырма 

Топтық жұмыс 

Білімді тәжірибеден өткізу. 

Көрініс. 

1-топ. Шалқан ертегісі 

2-топ. Бауырсақ ертегісі 

Бағалау. 

Екі жұлдыз бір тілек 

ІV Ақпарлама 

Блум таксономиясы туралы және бағалау түрлері бойынша Power point арқылы қысқаша мәлімет беру. Блум таксономиясы және бағалау түрлері

туралы мәліметпен танысады. 

VІІ Рефлексия 

Ұсыныс және пікір Коучинг бойынша ұсыныс-пікірлерін білдіреді. 

«Сабақ үрдісінде Блум таксономиясы арқылы 


оқыту үшін бағалау мен оқудағы бағалауды тиімді ұйымдастыру» 
тақырыбында өткізілген коучинг-сессия бойынша 
рефлексивтік есеп 

Әріптестерім коучинг-сессияға жиналыстан кейін шаршаңқырап, сәл көңілсіздеу енді. Сондықтан бірінші кезекте көңілдерін көтеру, жайлы орта қалыптастыру басты мақсатым болды. Әріптестерімді көңілді әуеннің желісімен жылы қарсы алып, шеңбер бойымен тұруларын өтіндім. 


Комплимент айдарында «Күнделікті күйбің тірлікпен жүріп бір-біріміздің жақсы қасиеттерімізді айтып, бір-біріміздің мәртебемізді көтеруге уақыт таппай жататынымыз анық. Ендеше дәл қазіргі сәт сол олқылықтың орнын толтыруға арналғандай. Осы шеңбер бойымен қасымызда тұрған әріптесіміздің үш жақсы қасиетін айтып, шынайы түрде мәртебесін көтерейікші» дегенімде әріптестерім жайдарыланып, еш іркілместен «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей жақсы қасиеттерін айту арқылы күліп, көңілденіп, жайлы ортаны бірден қалыптастырып жібергендей болды. 

Топқа бөлу кезеңінде орталарыңыздан бір адамды сыртқа шығарамыз, осы сәтте Сіздер қандай да бір белгілерге қарап, келісе отырып, екі топқа бөлінесіздер. Кірген адамның тапсырмасы – қандай белгі бойынша топ екіге бөлінгенін табу. Қатысушы әріптестердің келісімімен Б.Қ-ны сыртқа шығардық. Топ шашы ұзындар және шашы қысқалар болып екіге бөліне қалды.Б.Қ-ны кіргізіп, топқа қандай ерекшелікпен бөлінгенін сұрағанымызда: 30-жасқа дейін және 30-жастан асқандар деп жауап беруі күтпеген сәйкестік болып шыға келді. Бәріміз бұл сәйкестікпен келісетінімізді білдіріп, тағы да қандай ерекшелік байқап тұрсыз дегенімізде, сәл ойланып қарап тұрып, ааааа шашы ұзындар және шашы қысқалар деп ұтқырлық танытты. Шынымен көз жүгіртіп қарасам, 30-жасқа дейінгілер – шашы ұзындар қатарына, 30-жастан асқандар-шашы қысқалар тобына жатады екен. 

Келесі кезең: Берілген теориялық мәтінмен жұмыс. Постер әзірлеу болды.

ДЖИГСО әдісі бойынша: 

1-топ. Білу, түсіну, қолдану кезеңдері. 

2-топ. Талдау, жинақтау, бағалау кезеңдері. 

Әріптестер бұл тапсырмада теориялық мәтінді игере отырып, талдау жасады.Топтың барлық мүшелері белсене ат салысты. Блум таксономиясы бойынша түсініктері кеңейді. Мәтінді өзгеге үйрете отырып, өздері меңгерді. 
Алған білімдерін қолдану дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Көзбен көретін айғақтар негізінде ой тұжырымдау» стратегиясы арқылы «Ертегілер туралы түсінік» тақырыбы бойынша қиынды тапсырма түрлері ұсынылды, сол тапсырмаларды Блум таксономиясына салуға және әрбір тапсырмаға бағалау критерийлерін әзірлеуге тапсырма берілді. 

Бұл тапсырманы орындауды «Шаш үлгісі қысқалар» тобы алғырлық танытты. Әсіресе топ мүшелері Ж.Е., Қ.М. белсене орындап, ой ерекшеліктерін, жылдам шешім қабылдау мүмкіндіктерін көрсетті. 


Топтарды бір–бірі бағалауға шақырдым. Сіздерге неліктен бұндай баға қойылғаны түсінікті ме? Сіздерге қойылды... Неге? Сіздер баға қою кезінде неге көңіл аудардыңыз? Жұмысты бағалау қиын болды ма? Сіздердің бағалауларыңыз қандай аспектілерді қамтиды? - сұрақтарына жауап беруде А.А., және К.С. қиналып, бағалауда тек тапсырманың сауатты орындалғанына қарадық десе, А.Б. және Қ.Р. алғырлықтарын, жылдам шешу қабылдау ерекшеліктерін, ойларын жеткізу мүмкіндіктерін де ескергендіктерін айтып өтті. 

Білімді тәжірибеден өткізу мақсатында көрініс көрсетуге, білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білуге шақырдым. 

1-топ. Шалқан ертегісі. 

2-топ. Бауырсақ ертегісі. 

Екі топта белсене қатысты. Міне, керемет. Әріптестер нағыз әртістер. Қыран топан күлкіге де кенелдік. 

Әрқайсысы бала күндерін естеріне алып, өз рөлдеріне еркін енді. Топтар бір-бірін «екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалап, оқушыларға да осындай тапсырмалар қызықты ғой деп ой түйді. 

Келесі кезекте Блум таксономиясы туралы және бағалау түрлері бойынша Power point арқылы қысқаша мәлімет беріп өтуім бүгінгі алған білімдерін нақтылауға, жинақтауға көмектесті. 

Коучинг – сессия бойынша әріптестерім өз ойларын стикер қағаздарына жазып, ұсыныс-тілектерін, жақсы пікірлерін білдірді. Үйренген әдіс-тәсілдерін сабақтарында қолданатындықтарын, коучинг-сессияның тиімді болғандықтарын атап өтті. 



Жалпы, коучтік қызметімді атқарған кезден бастап, коуч ретінде кәсіби тұрғыда дами бастағанымды сезе бастаған коучинг болды. Уақытты сәл ғана ұтымды басқара алмау сияқты аздаған кемшіліктер кеткен де болар, дегенмен әріптестерімнің коучинг сессия соңындағы жарқын жүздері кочингтің әріптестеріме шынайы ұнағандығын білдіргендей болды.

2.2 Блум таксономиясы бойынша сұрақтар


Ойлау деңгейі

Сұрақтар үлгілері

Білу және түсіну

Не? Кім? Қашан? Не …. үлгісі болып табылады? …. не тұспалданады? …. басқаша қалай түсіндіруге болады? …. бұл үлгі боп табыла ма? Мен мұны өз сөзіммен сипаттай алам ба?

Қолдану

Бұл қалай пайдаланылады? Бұл немен байланысты? … қандай жағдайларда?

Талдау

Неге? Қалай? …. себебі не болып табылады? Қорытынды үшін не нәрсе дәлел? ...себебі қандай? …бір-бірімен қалай үйлеседі?

Жинақтау

Егер бұл іске асатын болса, осыдан кейін не болады? Теорияның болжамы іске аса ма? Алынған ақпарат негізінде қандай қорытынды жасадым? Бұл онымен қалай байланысты?







Бағалау: Бұл жақсы ма және неліктен? Бұл қисынды ма және не себепті?

Блум таксономиясын қолдану

Мақсаттар

Пайдаланылатын етістіктер

Білім

еске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау, әңгімелеу, ұсыну, табу

Түсіну

қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарту, мойындау, қайта қарау, түсіндіру, әңгімелеу, айқындау

Қолдану

көрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысу

Талдау

ажырату, саралау, үміт арту, даулау,жатқызу, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қарама-қарсы қою, зерделеу

Жинақтау

тұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау

Бағалау

жорамалдау, бағалау, таңдау, баға қою, анықтау, санау, өлшеу, айыптау

Мақсат пен бағалау арасындағы байланыс

Мақсаттар

Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері

Ұпай

Білу:

Оқыған материалды есте сақтап, қайталап айтып беру

2




1.Пайдаланылған сөздіктер мен түсініктерді білу

0,5

2.Нақты фактілерді (мәліметтер мен деректер) білу

0,5

3.Негізгі ұстанымдар мен ережелерді білу

1,0

Түсіну:

Берілген материалды өз сөзімен басқаша жеткізе алу

4




1.Ұстаным, ереже, фактілерді түсіну

0,5

2.Мәтінді басқа формада жеткізе алу

1,0

3.Нәтиженің келешегін болжамдай алу

2,5

Пайдалану:

Материалды жаңа жағдайда пайдалану

6



1.Әдіс-тәсілдерді орнымен қолдану

1,0

2.Нақты жағдайда заңдылықты орнымен пайдалану

2,0

3.Ұстаным, ережелерді жаңа жағдайда қолдана алу

3,0

Талдау:

Материалды негізгі компоненттерге жіктей білу

8



1.Жасырын болжамды айқындау

2,0

2.Өрбу логикасында жіберілген кемшіліктерді көре білу

2,5

3.Фактілер мен салдар арасындағы айырмашылықты ажырату

3,5

Жинақтау:

Алған біліміне сүйене отырып, ойды жинақтап, түйін түю

10



1.Болжам жасау

2,5

2.Эксперимент жоспарын құру

3,0

3.Проблеманы шешу жобасын (проект) жасау

4,5

Бағалау:

Оқыған материалдың құндылығын бағалау

12




1.Материалдың қажеттілігін айқындай білу

6,0

2.Жасалған қорытынды жарамдылығын бағалай білу

6,0



Б.Блум таксономиясы бойынша тапсырма сипаттары


Білу

Қай жылы болды? Қайда болды? Қалай болды? Формуласын жазыңыз. Атап көрсетіңіз.

1-2 ұпай

Түсіну

Сөйлемді аяқтаңыз. Не білдіңіз? Неліктен? Сөйлемді өзгертіңіз. Өзара байланысын түсіндіріңіз. Өз сөзіңізбен айтыңыз.

3-4 ұпай

Қолдану

Бірнеше тәсілмен шешіңіз. Құбылыстың негізін түсіндіріңіз. Жорамалды тексеріңіз. Қорытынды жасаңыз.

5-6 ұпай

Талдау

Құрылымы қандай? Топтастырыңыз. Салдары не? Салыстырыңыз. Бөліктерге бөліңіз. Себебін талдаңыз.

7-8 ұпай

Топтау

Өз шешеміңізді көрсетіңіз. Алгоритм ұсыныңыз. Баламасын табыңыз. Бөліктерден құраңыз. Жүйелеңіз. Зерттеңіз.

9-10 ұпай

Білімді бағалау

Қосынды ойды бағалаңыз. Жетістіктерін атаңыз. Өлшемдерін көрсетіңіз. Сәйкестігі қандай? Қаншалықты дұрыс? Өз ойыңыз?

11-12 ұпай


ІІІ.Практикалық тапсырма

Блум таксономиясы бойынша сабақ жоспары.

Күні:

Сынып: 1 «Ә»



Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы

Һ дыбысы мен әрпі.Қаһарлы не? Қаһарлы кім?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:һ әрпін таниды,дыбысты ажыратады

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: сөздерден сөйлем құрай алады,мәтінді оқи алады,өз ойын еркін айта алады.


Бағалау критерийі:

-Әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіре алады

-Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

-Мәселені түсінгенін көрсете алады.

Сыни тұрғыдан ойлауға машықтанады.




Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы

Денсаулық сақтау технологиялары,сынып қауіпсіздігі,күн тәртібін сақтау,сергіту сәті,шаттық шеңбері,белсенді оку әрекеттер


Құндылықтарды дарыту

Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.


Пәнаралық байланыс

Өнер, дүниетану,жаратылыстану,музыка,орыс тілі

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым,бейнежазба,интербелсенді тақта

Сөздік қор

Батыр-богатыр-hish






Алдыңғы меңгерілген білім

юЮ дыбысы мен әрпін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Білу


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

1 минут


-Сәлемдесу

-Оқушыларды түгендеу

-Сабаққа әзірлігін тексеру
Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте!

Ертеңгілік шеңбері

Қол алысып қане біз

Достасайық бәріміз,

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге,

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!


Шеңбер бойына тұрады.



Түсіну

3минут
«Еркінмикрофон»

әдісінжүргізу

Қолдану


Оқылымкезеңі

Сөздіккеталдауғакөмектесу

5 минут

Талдау


15минут

Сергіту сәті


Жинақтау

9минут


Бағалау

6минут


Еркін микрофон арқылы өткен сабаққа шолу.Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақ көпірін орнату:

1.Дыбыс деген не?

2.Дыбыс нешеге бөлінеді?

3.Әріп дегеніміз не?

4.Дауысты дыбыстардың айтылу ерекшелігі қандай?

5.Дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі қандай?

6.Антоним деген қандай сөздер?

7.Омоним деген қандай сөздер?

8.Синоним деген қандай сөздер?
1.Қаһар,гауһар,жиһан

2.Қаһарлы,жиһаз,жиһанкез

3.Қаһарман,шаһар,мәшһүр
Өлең шумағымен таныстыру.

«Ой толғау» сұрақтары.

-Ерлік жасаған адамды кім дейді?
Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу;
Батырлар

Ержүректер

Қаһармандар

Һ дыбысы туралы ереже шығару;

Топ бойынша

Оқылым.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет