Жұмыс оқу бағдарламасының Нысан титулдық парағы пму ұс н 18. 4/17



бет1/5
Дата15.09.2017
өлшемі1,13 Mb.
#33906
  1   2   3   4   5
Жұмыс оқу бағдарламасының Нысан

титулдық парағы ПМУ ҰС Н 7.18.4/17

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылыс кафедрасы

MKRRO 5202 «Соңғы айырымдар әдісін пайдаланып қабықтарды есептеу»



ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(SYLLABUS)

Павлодар



1. Пәннің оқу бағдарламасының паспорты
Пәннің атауы Соңғы айырымдар әдісін пайдаланып қабықтарды есептеу
ЖОО компонентінің пәні

Кредит саны және оқытылу мерзімі

Барлығы2 кредит

Курс: 1

Семестр: 2

Жалпы аудиторлық сабақ – 30 сағат

Дәрістер – 15 сағат

Тәжірибелік сабақтар – 15 сағат

СӨЖ – 60 сағат

Оның ішінде СОӨЖ– 15 сағат

Жалпы еңбек сыйымдылығы – 90 сағат


Бақылау түрі

Емтихан – 2 семестр


Пререквизиттер:

Бұл пәнді игеру үшін информатика, математика 1, физика пәндерін оқу кезінде алынған білім мен тәжірибеге негізделеді.


Постреквизиттер:

Пәнді оқу барысындағы білім мен тәжірибе келесіде көрсетілген пәндерді игеруге қажет: «Инженерлік механика I», «Инженерлік II», «Инженерлік механика III», «Құрылыс конструкциялары»


2. Оқытушы туралы мәлімет

Елмұратов Сембай Қайкенұлы.

т.ғ.д., профессор.

200-ден аса ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы; соның ішінде: ғылыми мақалалар, оқу құралдары, орысша-қазақша және орысша-қазақша-ағылшынша түсіндірме сөздіктері, өнертабыс патенттер.

«Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылыс» кафедрасы. 307-аудитория, Д корпусы.
3. Пәннің мәні, мақсаты мен мен міндеттері
Пәннің мәні

Бұл пәнде «Сандық әдістердің теңдеулерін шешу», «Инженерлік механика», «Құрылыс материалдары», «Компьютерлік жобалау» пәндерінің негізінде жұқа қабырғалы құрылымдардың нақты жұмыс шартындағы есептеулері зерттеледі. Аралас шеткі жағдайлар, жүктемелер, материалдардың физико-механикалық қасиеттері ескеріледі. Есептеулердің негізінде қабықшалар мен платиналардың кернелген және деформацияланған қалпы зерттеледі. Есептеу барысында алынған нәтижелер салыстырылады және түрлі пішіндегі (цилиндрлік, екі бағытты қисықсызықты, тегіс қабықшалар, панельдер және түрлі плиталар) қабықшаларды жобалауға ұсыныс жасалады



Пәнді оқытудың мақсаты

– магистранттардың ғимараттарды есептеудің сандық әдістерін тәжірибе негізінде үйрену;

– ЭЕМ-де есептеулерді автоматтандыру және оны келесіде ғимараттарды есептеуде пайдалану;

логикалық ойлауды дамыту және кәсіби тапсырмаларға шығармашылық жолмен қарау.



Пәнді оқытудың міндеттері

– құрылыс конструкцияларын есептеудің әдістерін үйрену;

– сызықтық және сызықтық емес алгебралық теңдеулер жүйесін шеші;


  • Құрылымның кернелген және деформацияланған күйін зерттеу.


4. Білімге, дағдыға, іскерлікке және біліктілікке қойылатын талаптар
Студенттердің пәнді оқып білу нәтижесінде төмендегілерді(туралы):

түсініктің болуы:

  • материалдың өндірісте, экономикада, басқару саласында, білім жүйесінде және басқа да қоғам салаларындғы ғылымның рөлі;

  • құрылыстағы жаңа тенденциялар, сонымен қатар заманауи ғылыми-зерттеу және кәсіби проблемаларды шешу әдістері туралы түсініктің болуы;

  • заманауи ғимараттарды есептеу саласында ғылыми жаңалықтарды білу;

білуге тиісті:

  • ЭЕМ-ді қолдана отырып ғимараттарды есептеудің негізгі сандық әдістерін;

  • есеп шығару үшін бағдарламалардың негізін ;

  • конструкцияның кернелген-деформацияланған жағдайындағы зерттеудің сандық әдістерін.

істей білуге тиісті:

– қарастырылып отырғанқұрылымның жұмыс қабілеттілігі мен жарамдылығын бағалағанда, анықталған заңдылықтарға дұрыс түсініктеме беру;

– қабықшалар мен пластиналарды ЭЕМ-де есептеу үшін бағдарлама құру;

– матрицада операция жасау;



  • шешімдердің сәйкестігін тексеру.

тәжірибелік жұмыстарға дағдылану:

– қарастырылып отырған құрылымға жұмыс жасау қабілетін заңдылықтарға сүйене отырып түсініктеме беру;



– инженерлік құрылымдарды жобалағанда ұсыныс жасау.

құзыреттілігі:

  • ұйымдастыру-басқару, жобалық-құрылымдық және ғылыми зерттеу қызметінде, құрылыс саласында түрлі шығармашылық міндеттерді жүзеге асыру;

– ғылыми зерттеулерге жүйелі тәсілдеме қолдану.

5 Тематический план изучения дисциплины
Сабақ түрі бойынша академиялық сағаттарды бөлу


п/п

Тақырыптардың атауы

Сабақ түрі бойынша аудиториялық сағаттар саны

СӨЖ

дәрістер

Тәжірибелік

(семинар)

Барлығы


Оның ішінде СОӨЖ

1

Математикалық модельдер және сандық әдістер

1

1

5

2

2

Қабықша қозғалысының дифференциалдық теңдеуі

1

1

5

2

3

Соңғы айырымдар әдісі, дискретті теңдеулер

2

2

20

3

4

Қабықшалар мен пластиналар үшін сызықты теңдеулер жүйесі

4

4

10

3

5

ЭЕМ-де есептеулерді автоматтандыру

3

3

10

3

6

Қабықшалар үшін сызықты емес жүйенің теңдеулері.

4

4

10

2




Барлығы:90

(2 кредит)

15

15

60

15




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет