1 Пәннің мақсаты: Болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерін дайындаудағы орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын барысында дидактикалық зерттеу әдістері, жалпы ғылыми таным мен шығармашылық әдіснамасы жөніндегі мағлуматтар негізінде педагогикалық зерттеу бағыты мен оны таңдау, зерттеу логикасын түзу, педагогикалық эксперименттерді жүргізу әдістері, зерттеу нәтижелерін өндеудің математикалық тәсілдерімен таныстыру.
Пәннің міндеттері: - ғылыми таным мен шығармашылық негіздерін;
- педагогикалық зерттеулердің бағытын таңдау;
- ғылыми ақпараттарды іздестіру, жинақтау және өндеу;
- педагогикалық эксперимент мазмұнын, логикасын түзу;
- зерттеу жұмыстарының айқындаушы және қалыптастырушы эксперименттері мазмұнын жасау, оларды жүргізу;
- зерттеу жұмыстарыныңнәтижелерін дайындауды қарастырады.