Жұмыс оқу бағдарламасы(силлабус) Пән бойынша ақпарат



бет1/10
Дата17.10.2022
өлшемі178,76 Kb.
#153446
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
3.sillabus






Жұмыс оқу бағдарламасы(силлабус)
1. Пән бойынша ақпарат

Пән атауы
«Білім берудегі менеджмент»

Пән коды
Etn 2207

Кредит саны – 3,5

Курс
2,4

Семестр
3,7

ББ атауы: «Бастаушта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

ББ шифрі
6В01303



Педагогика
кафедрасы



Оқу нысаны: күндізгі, қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану

оқу тілі – қазақ

Кеңес беру уақыты: оқу үдерісінің кестесі бойынша

Өткізілетін орны,уақыты: ЕАГИ, М.Жұмабаев көшесі, 4

Оқытушы жайлы мәлімет:



Кударова Назгуль
Абильбековна педагогика кафедрасының
доценті

(телефон, e-mail)
Ұялы телефон: 56-22-00,
8-707-705-6-703
e-mail: nazgul.kudarova@mail.ru

Кафедраның әдістемелік кеңесінде талқыланды

№ 11 хаттама

24.06.2022

Институттың ғылыми - әдістемелік кеңесінде талқыланды

№ 6 хаттама

30.06.2022

Кафедра меңгерушісі

п.ғ.к., профессор Ныгыманова Н.Т.





2.Курстың сипаттамасы
Курстың мақсаты: болашақ мұғалімнің мектептің тұтас педагогикалық үдерісін және білім беру мекемесіндегі тәжірибелік іс-әрекетін жүзеге асыра отырып басқарудағы кәсіптік құзіреттілігін қалыптастыру.
Негізгі міндеттері:
- білім берудегі менеджменттің теориялық-әдіснамалық негіздері мен тұтас педагогикалық үдеріс және мектептің педагогикалық ұжымын басқарудың ерекшеліктері жөніндегі болашақ мұғалімдердің білімін қамтамасыздандыру;
- болашақ мұғалімдерді білім берудегі менеджменттің мәні және негізгі міндеттерімен таныстыру;
- айырықша қызмет түріндегі педагогикалық менеджмент туралы айқын әрі саналы көзқарасты қалыптастыру;
- менеджер қызметінің нысаны ретіндегі тұтас педагогикалық үдеріс тұрғысынан білім беру мекемесін басқару қабілет-дағдыларын қалыптастыру.
Пререквизиттері:«Психология», «Әлеуметтану».
Постреквизиттер:«Әлеуметтік педагогика», «Түзету педагогикасы».
2. 3.Оқытудан күтілетін нәтижелер
Берілген курсты меңгергеннен кейін, студент білуі тиіс:
білу тиіс:
- білім берудегі менеджменттің теориялық-әдіснамалық негіздерін: педагогикалық менеджменттің қызметін, заңдылықтарын, ұстанымдарын, әдістерін, педагогикалық менеджменттің жүйе қалыптастырушы факторларын, білім берудегі менеджмент тұжырымдамасының даму тарихын; жүйелілік, гумандылық, құзіреттілік, технологиялық ыңғайлар негізінде мектепті басқарудың ерекшеліктерін;
- мектептің тұтас педагогикалық үдерісті басқару негіздерін;
- мектептің педагогикалық ұжымын тиімді басқарудың талаптарын білуге;
меңгеру тиіс:
- игерілген теориялық білімді білім беру мекемесінде іс жүзінде
қолдануды;
- білім беру мекемесінің біртұтас жүйесі аясында диагностикалық,
талдамалық және жобалау қызметтерін жүзеге асыруды;
дағдылану тиіс:
- түрлі басқару қызметтерін жобалауды және жүзеге асыруды;
- білім беру мекемесін басқаруда жүйелілік, гумандылық, адамгершілік, құзіреттілік және технологиялық ыңғай дағдыларын пайдалануды;
- ашық педагогикалық жүйе ретіндегі тұтас педагогикалық үдеріс тұрғысынан басқару қызметінің сапасын бағалауды;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет