Сырт көрінісі. Көпжылдық шөптектес өсімдік. Тамыры, сабағы қысқа, ал гүл өсетін сабағының биіктігі 20-40 см дейінжетеді.Жинау әдәсі. Жапырақтарын маусым- шілде айларында жинайды, бүлінбеген, бүтіндерін толық өсіп жетілгенде сағағымен қосып кептіреді. Химиялық құрамы. Майлар нәруыздар, лимон қышқылы, калий тұздары, С, К дәрумендері.
Қолданылуы. Дизентирия, ірінді жаралар, көкжөтел аурулары. Дайындау әдісі. 200мл ыстық суға кептірілген жапырақпен тамырды үгіп, екі ас қасық салып, сүзіп тұнба аламыз.
Долана
Долана- сабақтары тікенекті кішкене келген бұта. Жапырақтары ірі, қою жасыл түсті кезектесіп ораласқан. Айналасы араның тісі сияқты, ал гүлдері уақ,ақ түсті, гүл қалқан тәрізді болады. Жемісі уаұ, алма формалы ашық қызыл тусті, диаметрі 8-10 см. шамасында. Долана мамыр-маусым айларында гүлдейді жемісі тамыз-қыркүйек айларында піседі.Долана еліміздің Европалық бөлігінде Батыс және Шығыс Сібірдің тоғайлы жерлерінде, Орта Азия мен Қазақстанның таулы аудандарында тараған.Өзен жағалаулары мен олардың арналарында, тау етектерінде өседі. Қазіргі уақытта бақтар мен парктерде егіп өсіріліп жүр. Емге долананың жемісі мен гүлі пайдаланады. Жемісінде гликозидтер,органикалық қышқылдар, холин тағы басқа заттар бар.
Чабрец
Чабрец- жер бетіне жайылып өсетін кішкене бұта Қызыл қоңыр, сабақтары жерге төселе жайылып, кей жерлерде көтеріліп өседі. Гүлдері жиналып, бұтақ басында гүл шоғын құрайды. Маусым-шілдеайларында гүлдейді.
Көбіне тау бөктерніде, ашық құмды жерлерде, қарағайлы тоғайларда өседі. Дәрілкке чаврецтың шөбі пайдаланылады.. Онда эфир майы (тимол, цинеол), урсол, олеин қышқылдары бар. Мұны қақырық түсуді жеңілдетуге, ескі бронхит, демікпе, көкжөтел, гастрит ауруларын емдеуге тұнба қолданады. Тұнба дайындау үшін екі ас қасық кептірілген, уақталған шөпті ыдысқа салып, үстіне бір стақан қайнаған ыссы су құйып оны суы бар ыдысқа орналастырып, бетін жайып 15 минут қайнатады. Содан кейін үй ішінде 5 минут салқындатып, сүзіп, стақанға құйып, толмаған жеріне қайнаған су қосып толтырады. Осылай дайындалған тұнбаны күніне 3 мезгіл стақанның 1/3 мөлшерін жұтымдап ішу керек.