Қашықтық байқаулар.
- ағылшын тілінен «Менің сүйікті адамым!» 2 оқушы Мұсабаева Д., Қайруллина А. (Мұғалімі Хадыс Ж.).
- «Пони» бастауыш сынып байқауына қатысып, 2 оқушы Қайруллина А., Тлеутаева Ж.сертификат алды. (Мұғалімі Ахметкалиева Қ.Ж.)
- Қазақ тілінен шығармалар мен өлең оқу байқауына 2 оқушы Кеңшілік Ы., Қалмұрат Е. қатысып, Кеңшілік Ы. мадақтамамен марапатталды.
2 оқушы Мұсабаева Д., Қалмұрат Е. «Қазақ даласының ұлы тұлғалары» өлең оқу байқауының қатысушылары. (Мұғалімі Қойшыбай Е.)
- КИО олимпиадасында орыс тілінен мектептен 4 оқушы Дәуіт Дәулет, Саябекова М., Кеңшілік Ы., Сансызбай М. қатысты. (Мұғалімі Мұстафина С.Е.)
Қорытынды:
- мектептің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру жүйесі педагогикалық шеберлікті және мұғалімдердің біліктіктерін арттыруға жағдай жасайды, талапқа сай педагогтардың концептуалды – әдістемелік базасын жетілдіру мектеп тақырыбын іске асыруға бағытталған;
Ұсыныстар:
- педагогикалық қызметте жетістіктері бар мұғалімдердің аттестациядан өту үшін, оларға жағдай жасау;
- оқу үрдісіне инновациялар енгізу үшін мұғалімдердің курстан өткізі жұмыстарын әр қарай жалғастыру;
- әдістемелік бірлестіктер жұмыстарын жоспарлағанда мұғалімдердің тәжірибе алмастыру жұмыстарын өткізулерді жоспарлау;
-оқушылармен жұмыстар жүргізу кезіндегі психологтар мен жас мұғалімдердің бірігіп жұмыс істеулерін күшейту;
- жаңа оқу жылында мектеп олимпиадаларының жеңімпаздарымен облыстық олимпиадаға қатыстыру үшін бағытты жұмыстар жүргізу қажет;
- мектеп алдына қойылған негізгі мақсаттар мен міндеттерге жету үшін мектеп әдістемелік тақырыбын жаңа оқу жылында жалғастыру қажет;
Жоғары айтылғандарға орай жаңа оқу жылында мектеп алдына келесі мақсаттар мен міндеттер қойды:
Әдістемелік тақырып:
«Нәтижеге бағдарланған оқыту – білім сапасын арттыру негізі».
2016-2017 оқу жылында әдістемелік жұмыс мақсаттары
1.Мектеп материалдық базасын жетілдіру мен заманға сай келтіріп, жаңашылдықтарды белсене енгізе отырып білім деңгейін көтеру жұмыстарын жалғастыру.
2. Педагогикалық қызметте жетістіктері бар мұғалімдердің кезекті біліктілік категорияға аттестациядан өту үшін және кәсіптік байқауларға қатысуға жағдай жасау.
3. Жаңа бағдарлама бойынша курстық дайындықтан өтуге қажет мұғалімдерге, курстан өту жағдайларын жасау.
4. Мұғалімдер арасындағы педагогикалық тәжрибе алмастыру жұмыстарын жандандыру.
5. Жұмыс қорытындылары үшін мұғалімдердің жеке жауапкершіліктерін күшейту. (МІБ, ынталандыру арқылы).
6. ӘБ деңгейіндегі дарынды балалармен жұмыстарды жандандыру.
(пән апталықтары, пәндер олимпиадалары, әр түрлі марафондар мен байқаулар).
7. Ұжым жұмыстарын облыстық, республикалық ақпараттық баспа құралдар беттеріне шығаруды жалғастыру.
9. 2015-2016 жылғы тәрбие жұмысының сараптамасы.
2015-2016 оқу жылына арналған тәрбие жұмысына төмендегідей мақсат қойылды:
«Дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, мәдениетті, іскер, жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу»
Мектептің шұғылданатын өзекті мәселесі:
«Оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, өз білімін жүзеге асыра алатын жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу»
Бұл мақсаттар мен міндеттер жалпы мектептік жұмыстардың жылдық нәтижесінде жүзеге асырылды. Дәстүрлі мерекелерде әрбір сынып ұжымына өздерінің шығармашылығын танытуға, іс-шараға қатысудың түрін, мазмұнын таңдау мүмкіндіктері беріледі.
5 қыркүйек күні мектептептің барлық оқушылары мен мұғалімдер ұжымы толықтай «Салаутты өмір салтын таңда!» ұранымен өткізілген Денсаулық Фестиваліне қатысты. Денсаулық Фестивалі сағат 9.00-де салтанатты жиынмен басталды. Салтанатты жиында еліміздің әнұраны орындалып, мектеп директоры Біржанов Д.Б. салауатты өмір салтын дәріптеу шарасына байланысты өзінің құттықтау сөзін сөйледі. Мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі Мусабаева Г.К. денсаулық тақырыбында шағын әңгіме өткізді. Сынып оқушылары денсаулық пен салауатты өмір сүру салтына байланысты мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер жазылған плакаттармен, денсаулыққа байланысты өлеңдермен Фестивальдің ажарын айшықтай түсті. Фестивальдің салтанатты ашылуының соңында мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Бржанов Т.Ж. мен Тоқыбаев А.М. Денсаулық күнінің күн тәртібімен таныстырып өтті.
Денсаулық Фестивалінің салтанатты ашылуынан кейін мұғалімдер мен оқушылар спортзалда өткізілген дайындық гимнастикалық жаттығуларына қатысты. Жаттығу жасап долған соң оқушылар спорттық ойындар ойнады. Спорттық ойындар кезінде оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, бірнеше топтарға топтастырылды. Бастауыш сыныптардың оқушыларымен /17 оқушы/ түрлі қимыл-қозғалыс ойындары ойналып, көңілді эстафета ұйымдастырылса, орта буын мен жоғарғы сынып оқушылары /27 оқушы/ арасында футбол, баскетбол және волейбол ойындары ойналды. Фестиваль қорытынды жиылыспен аяқталды. Онда жеңіске жеткен топтар /мини-футболдан «Арлан» командасы 1-орын, топ капитаны Дауіт Даулет 11-сынып, 2-орын «Бүркіт» командасы, капитаны Тасбулатов Ерғанат 9-сынып, волейболдан мұғалімдер командасы 1-орын, 2- орын «Сұңқар» командасы, капитаны Дауіт Д.;үстел теннистен Кеңшілік Ырысгүл бірінші орынға ие болды.Бастауыш сыныптарда өткізілген «Көңілді эстафета» сайысы бойынша 1-орын «Қыран» командасы, 2-орын «Тұлпар» командасы. Белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Достарыңызбен бөлісу: |