2.5 9,11 сыныптар арасындағы қорытынды аттестация нәтижесі.
Мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының басты бағыты – шығармашыл, сыни тұрғыда ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді, әр түрлі әлеуметтік және өндірістік мәселелерді өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау және оқу – тәрбие үрдісінің тәжірибесін жетілдіру. Бұл жұмыстар кең көлемде жүргізілуде. Атап айтсақ, олар: оқудың мазмұнын жаңарту дидактикалық жетістіктерді білім беру тиімділігін арттыру мақсатында пайдалану, ғылыми негізделген жаңа идеялар мен технологияларды қолдану жолдарын табуды қамтиды. Осыған байланысты мұғалімдер ұжымының табысты еңбектенуінің арқасында жақсы дәрежеге қол жеткізеді. Өткен 2015-2016 оқу жылында мемлекеттік қорытынды / аттестациядан түлектерді өткізу үшін жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді. Жоспар келесі бағыттар арқылы жүргізілді: ұйымдастырушылық сұрақтар, мектеп ұжымымен жұмыс, ата-аналармен жұмыс, оқушылармен жұмыс. Мемлекеттік аттестациядан 9 сыныпта 5 түлек өтті. 11 сынып бойынша барлығы 4 оқушы. Оның 4-уі де ҰБТ тапсырды.
9- сыныптың мемлекеттік қорытынды аттестация нәтижесі:
Пән атауы
|
Пән мұғалімі
|
Тапсырған оқушысаны
|
«5»
|
«4»
|
«3»
|
сапасы %
|
Қазақ тілі
|
Қойшыбай Е.
|
5
|
3
|
1
|
1
|
80%
|
Орыс тілі
|
Мұстафина С.Е.
|
5
|
1
|
3
|
1
|
80%
|
Алгебра
|
Құрсанова С.М.
|
5
|
1
|
1
|
3
|
40%
|
Адам.Қоғам.Құқық
|
Таукелова А.Т.
|
5
|
5
|
0
|
0
|
100%
|
Оқушылар жалпы білімдерін көрсетіп, дәлелдей алды. Емтиханға дайындықтары жоғары дәрежеде екені көрінді. Негізгі пәндер бойынша 9- сыныптың оқу бағдарламасын меңгергендері бірден байқалды. Ал, бірақ математика пәнінен төмен көрсеткіш көрсетті, пән мұғалімінің түсіндіруіне қарағанда сынып оқушыларының емтиханға салғырттықпен қарайтындығын алға тартады. Мектеп ұжымы оқушылардың терең білім алып жан-жақты дамыған тұлға болып шығуына өз тараптарынан білім беруде.
2.6. 2016-жыл. ҰБТ-ға сараптама.
Мамай орта мектебінің 2016 оқу жылында мектеп түлектері 4 оқушыны құрады,барлығы қазақ тілінде білім алуда. ҰБТ-ға қатысқан 4 түлек,бұл 100%. Мектеп түлектерінің 5 пәннен алған орташа ұпайлары-78,2; 4 пәннен- 61,75 болды. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда орташа ұпай саны 5 пән бойынша -9,8 ұпайға төмендеді. Мектеп бойынша ең жоғарғы ұпай -88. Ол 11 сынып оқушысы Дәуіт Дәулет. Мектеп бойынша ең төменгі көрсеткіш - 61 ұпайды құрады. Аудан бойынша 6 орынды иелендік.
Тестілеу нәтижесі:
-3 түлек – 70-тен 90-ға дейін, бұл 75%.
-1 түлек 50- ден 70 ұпай алды.бұл 25%.
Кесте 1. Пән бойынша орташа ұпай
№
|
Пәндер
|
Қазақ тілінде оқытылатын сыныптар
|
Пән мұғалімі
|
Орын
|
Ор.
балл
|
Білім сапасы
|
Район бойынша
|
Обл. бойынша
|
1
|
Қазақ тілі
|
18,25
|
100%
|
Қошыбай Е.
|
|
|
2
|
Орыс тілі
|
16,5
|
100%
|
Мұстафина С.Е.
|
|
|
3
|
Математика
|
11
|
25%
|
Құрсанова С.М.
|
|
|
4
|
Қазақстан тарихы
|
17,75
|
100%
|
Біржанова М.О.
|
|
|
5
|
Биология (1)
|
15
|
100%
|
Рамазанова С.Т.
|
|
|
6
|
Физика (2)
|
13,5
|
50%
|
Мұсабаева Г.Қ.
|
|
|
7
|
География (1)
|
17
|
100%
|
Біржанова М.О.
|
|
|
Егер өткен жылғымен салыстыратын болсақ математика 6,25 ұпай, орыс тілі 5 ұпай, қазақ тілі 4,45 ұпай төмендеді. Физика пәнінен 1,25 ұпай жоғарлады. Кесте 2. ҰБТ-ның 5 жылғы салыстырмалы сараптамасы.
Оқу жылы
|
Түлектер саны
|
ҰБТ-ға қатысқаны
|
Орташа балл
|
Аудан бойынша орын
|
2010-2011
|
5
|
5
|
91,8
|
І
|
2011-2012
|
4
|
4
|
79
|
ІІ
|
2012-2013
|
7
|
7
|
61,7
|
-
|
2013-2014
|
2
|
1
|
54
|
-
|
2014-2015
|
4
|
4
|
88
|
ІІ
|
2015-2016
|
4
|
4
|
78,25
|
ҮІ
|
ҰБТ-де өз пәндерінің мамандары екендерін дәлелдеп шығу үшін, мектеп бітіруші түлектермен жан-жақты дайындалып, мектептің дәрежесін жоғарылатуға үлестерін қосу.
3.1 Мектепшілік бақылаудың сараптамасы.
Мектеп жұмысын басқару, мектепішілік бақылау ұйымдастыру аса күрделі де сан – салалы мәселе. Мектеп әкімшілігі өзінің басқарушылық білім мен шеберлігін, бірлігі, әдіс – тәсілдерін игеру, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту жолында біраз жұмыстар атқарады. Мектеп әкімшілігі арасында еңбек бөлінісі мен міндеттерін нақты айқындау ісі жүргізіліп, әрбір сабақтастықты сақтау жолдарын анықтады. Мектепішілік бақылау жыл бойы барлық пәндер бойынша жүргізілді.
- жалпы оқумен қамту.
- оқушылардың білім сапасымен қабілетін айқындау.
- сабақ беру сапасы
- бағдарламаға сай жазба жұмыстарының орындалуы
- мектеп құжаттарын толтыру.
- аттестациядан өтетін мұғалімдерді дайындау.
- педкеңесте, жиналыстарда қаралған шешімдерді орындау.
Сабаққа қатысу жоспары толық орындалды. Өткен оқу жылында оқу ісінің меңгерушілері 96 сабаққа қатысты. Мектептің оқушылары барлық олимпиадаларға қатысты. Оларға жеке марапаттау қағаздары, алғыс хаттар берілді.
Сабаққа қатысу сараптамасы төмендегідей:
сабақтың мақсаттары толық жазылмаған;
сабатың тақырыбына байланысты көрнекіліктер аз қолданылады
Мектеп ішілік іс-қағаздарының дұрыс жүргізілуін бақылау. Өткен оқу жылында сынып журналдар, оқушылардың жеке іс-қағаздары, күнделіктері тексерілді. Тексеріс барысында тазалық пен ұқыптылыққа көп мән берілді.Оқу барысына сай бағдарламаның орындалуы, бағалардың дұрыс қойылуы қатаң қадағаланды.
Мектепшілік іс-қағаздарды реттеу, дұрыстау біршама дәреже жетті. Күнделіктерге тоқталатын болсақ, жыл бойына күнделіктер тексерілді. Тексеріс барысында оқушылар мен сынып жетекші арасында қарым-қатынас байқалады. Ата-ана мен сынып жетекші арасында да жұмыс жүргізілетіні көрінді.
2015-2016 оқу жылындағы жоспар бойынша бекітілген барлық жұмыстар орындалып оларға сараптама жүргізіліп,қорытындысы шығарылып отырды.
2015-2016 жылға арналған қорытынды мен нұсқаулар.
Жалпы 2015-2016 оқу жылына қойылған міндеттер орындалып, оқу бағдарламасы өтілді.
Өткен оқу жылы түлектерінің 100 пайызы жоғарғы оқу орындарына түсті.
Мектептің педагогикалық ұжымына оқушыларға бағыттылы негізгі білімі бере отырып үлгермеушілдіктің алдын алуы мәселесі бойынша жұмыс жүргізу.
Жаңа педагогикалық заманауи технологияларды, оқу үрдісіндегі жаңа тәсілдерді оқып үйренуді жалғастыру.
Оқушылардың оқып үйрену біліктіліктерін, өзін-өзі дамыту қабілеттерін, әлеуметтік тәжірибені үйренуін, өздігінен білім алуын, әмбебап оқу әрекеттерін біріктіре отырып, оқуға деген уәждемесін қалыптастыру.
2015-2016 оқу жылына қорытынды жасап, бір «3»-і немесе бір «4»-і бар оқушылармен жеке жұмыстарын өткізуі жөнінде шара қолдану.
Мектептегі оқушылармен бейінді алды дайындығын жүйелі түрде жүргізу.
Оқушылардың таңдауы бойынша қолданбалы және элективті курсты жүргізу жүйелерін кеңейту.
2016-2017 жаңа оқу жылында алға қойылатын негізгі міндеттер.
Нашар оқитын және дарынды балалармен жеке жұмыстар жүргізе отырып білім сапасын көтеру, заманауи педагогикалық технологияларды қолдау.
Ақпараттық-білімді ортаны дамыту, оқу үрдісіне ақпараттық коммуникативті технологиясын қарқынды түрде енгізу.
Оқушыларды қорытынды аттестациясына заманауи педтехнологияларды қолдана отырып дайындау.
Оқыту мен тәрбие үрдісінде, жанұя мен мектеп арасындағы қарым-қатынастарды қамтамасыз ету.
Бейінді алды дайындық пен кәсіби бағыттылықты дамыту.
4.1. 2016-2017 оқу жылы жалпыға білім беру жұмыстарын ұйымдастыру
Аталған қызметтің мақсаты - аз қамтылған отбастарынан шыққан 1-11 сынып оқушыларына әлеуметтік қорғауды және өте қажеттілік материалдық қолдауды қамтамасыз ету. 1-11 сыныптарда оқушыларының әлеуметтік қорғауын қамтамасыз ету және материалдық қолдауды жасау өте қажет ететін отбасыларына бөлінген қор. Киім, аяқ киім сатып алуға және мектепте ыстық тамақты ұйымдастыруға арналады. Асхана жұмысы қалыптастырылған, тамақтандыру кестесі мектеп директорымен бекітілген. Мектепте оқушылардың тамақтану сапасын тексеру бойынша комиссия ұйымдастырылған. Асханада екі жұмалық көрме ас мәзірі ілінген. Онда астың атаулары мен бағасы көрсетілген. Санитарлық жағдайы санитарлық қалыптарға сәйкес келеді. 2016 жылдың кыркүйек айынан бастап аз 1-11 сыныптың оқущылары 39 адам тегін тамақтанды. 1 оқушының тамақтануына (Бұлғамия Қ. – жетім бала) қаражат «Жалпы оқу» қорынан бөлінді. Ыстық тамақтың төмен бағасы 100-120 тенгені құрайды. 2015 жылдың 15 тамыздан 30 қыркүйегіне дейін «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Оның мақсаты аз қамтамасыз етілген отбасы оқушылардың оқу жылына дайындауға қолдау жасау. Бұл акцияға бірінші болып мемлекеттік мекемелер әкім аппараты бас болып кірісті, ауданның мәслихат аппараты, ауылдардың округ әкімдері, жеке шаруашылық кәсіпкерлері де тыс қалмады. Біздің мектеп бойынша 1 балға 10630 тенге көмек көрсетілді. Оқу жылының басында төмен қамтамасыз етілген жетім, көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы, оқушыларын анықтау бойынша жұмыс жүргізілді. Ауыл бойынша 1 жетім бала бар. Жетім бала төмен қамтамасыз етілген балалардың тізіміне кірді және тегін тамақтану, оқу құралдармен, киім және аяқ киіммен қамтамасыз етілді. Желтоқсан айында аудан әмімімен жетім балаларға жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды. Бұлғамия Қайырылыс облыс және аудан әкімі шыршасыны қатысып сыйлыққа планшет, пуховик, жаңа жылдық сыйлық (кулек), жұмасақ ойыншықтар сыйлыққа алды. Тамыз және қантар айларында жылына екі рет біздің мектептің учаскесінде көшелерге рейдтер жүргізілді. Барлығы 4 көше қамтылды, біздің ықшам аудан бойынша 1-18 жас аралығында 81 бала болды. 2015 жылдың 10 қантар 10 ақпанына дейін «Қамқорлық» Республикалық акциясы жүргізілді. Бұл акцияға мектеп мұғалімдері қатысып, сонымен бірге ата-аналар да белсенді көмек көрсетті. Бұл көмек киім-кешек, аяқ киім, мектеп киімімен және т.б.1 оқушыға 10000 тенгеге көмек көрсетілді. Мектеп түлектерінің жұмысқа орналасуына үлкен көңіл бөлінеді. Биылғы жылы біздің мектеп бойынша 11 сынып түлектері 4, 9 сыныпта 5 оқушы. 11 сынып түлектерінің 4-де ҰБТ тапсырды және жоғарғы оқу орындарына түсуге дайындалуда, 9-сынып түлектері мемлекеттік емтихан тапсырды. Жазда біздің балаларды денсаулығын жақсартту үшін мектеп маңында ойын алаңында ІІІ ауысым және жазғы лагерьдерге демалуға жоспарлаған.
5.1. Оқыу үрдісіне жаңашылдықтарды енгізу.
Өткен оқу жылының ІҮ оқу тоқсанынан біздің мектеп «Күделік КZ» электронндық оқыту жүйесіне енгізілді. Соңғы оқу тоқсанында 6,8,10 сыныптар электрондық жүйеге енгізілді. Алдағы оқу жылы мектеп толығынан электрондық оқыту жүйесіне енгізіледі.
Сонымен қатар оқу жылының ішінде әдістемелік жаңашылдық жұмыстар Кембридж университеті бағдарламасымен дайындалған үш деңгейлік курстан өткен мұғалімдер шығармашылық тобы құрылып, жұмыс істеді, тренері Қойшыбай Е. арқылы да жүргізілді. Бұл жұмыс оқу – тәрбие үрдісіне замануи әдіс – тәсілдермен оқыту технологияларын толық (тұтас) енгізудегі кезекті мақсаттарды шешуге жағдай жасады. Аталған тақырыптағы жұмыстардың толық нәтижесін көру үшін, бұл жұмыстарды келесі жылдары да жүргізу шарт.
5.2. ӘБ және ЖММ жұмысытары.
ӘБ-тің әдістемелік жұмыстары – ол тұтасталған, ғылым мен алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжрибеге және оқу – тәрбие үрдісінің нақты сараптамасына байланыстырылған жүйілі шаралар, іс-әрекеттер мен жұмыстар. Олар әр мұғалімдер мен тәрбиешілердің жан - жақты кәсіби дамуына, ӘБ – дегі педагогикалық ұжымның шығармашылдық потенциалын дамытып жоғарлатуға, қорыта келгенде оқу – тәрбие жұмыстарының дамуына, білім беру деңгейінің ұтымдылығын, нақты оқушыны дамыту мен тәрбиелеуді жетілдіруге бағытталған. Мектепте мұғалімдердің 4 әдістемелік бірлестіктері өз жұмыстарын атқарып жатыр. ЖМЦ ӘБ 8 адамнан, ҚГЦ ӘБ 6 мұғалімнен, бастауыш сыныптар мұғалімдеріннің ӘБ 4 мұғалімнен құралған. Оқу жылының ішінде ӘБ отырыстары өтті, аталған отырыстарда мұғалімдер өздерінің жинаған тәжрибелерімен алмасып бөлісті, ашық сабақтар мен апталықтарды талқылады, нормативтік және нұсқаулық құжаттармен танысты. Жоғарғы әдістемелік деңгейде және қызықты - дәстүрлі пәндер апталықтары өтті. Апталық кезінде Қойшыбай Е., Біржанова М.О., Құрсанова С.М., Мұсабаева Г.Қ., жас маман Хадыс Ж. ашық сабақтары жақсы әдістемелік деңгейде өтті. ӘБ мүшелері пән олимпиадаларын, байқаулар мен басқада іс – шараларды дайындап өткізуге де белсене ат салысты. Жалпы ӘБ жұмыстары жоспар бойынша жүргізіліп толық деңгейде іске асты.
Мектепте бір жас маман бар, жұмыстар тәлімгерлер және жас мамандар мектебі арқылы жүргізілді. Ағылшын тілі мұғалімі Хадыс Ж. тәлімгері ретінде тәжірибелі ұстаз орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Мұстафина С.Е. тағайындалды. Атқарылған жұмыстар сараптамасы, жаңа бастап жатқан мұғалімдердің ең басты қиыншылықтары ол сабақтағы тәртіп сұрақтары, сабақ аумағындағы әдістемелік жағдай, мектеп құжаттарын жүргізу, сынып жетекшілігі. Жас мұғалімдердің өз жұмыстарын бастаған кездегі білім деңгейлері жеткілікті болсада, әлі кәсіби деңгейінің төмен болуы оның істерінде қиын мәселелерді тудырады, сондықтанда жас мамандарға күнделікті әдістемелік көмек көрсету қажет болып отыр. «Жас мамандар мектебі» оқулары айына бір реттен (немесе керек болған жағдайда ұстаздарға пайда болған сұрақтарға жеке консултациялар берілді) әр түрлі болып өткізілді, олар: дөңгелек стөлдер, сөзжарыстар, ашық сабақтар, коучингтер. Келесі жылы қаралатын мәселелер аумағы кеңейтілмек.
Қорытынды: Жас мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеріп, теориялық білімдерін шыңдау сұрақтарында – әкімшілік, педагогтар мен тәлімгерлер көмек көрсетуде.
Мақсаттар: Келесі оқу жылында жас мұғалімдермен «Келесі қателерді жібермеуге тырыс....», «Сабақты қалай тиімді және әсірлі етуге болады?» тағы с.с. бағыттарда консултациялық жұмыстарды жалғастыру қажет. Өздеріне ерекше көңіл бөлуді қажет ететін, сонымен қатар психофизикалық дамуында ерекшеліктері бар, сондай-ақ білім алуға құштарлығы жоғары оқушылармен жұмыс жүргізген жас мұғалімдер мен психологтар жұмыстарын жандандырып, оқу үрдісін ұйымдастыруда тиімді әдіс, тәсілдерді қолдануға ерекше назар аудару қажет.
5.3. Семинарлар мен кәсіби байқаулар.
Ұстаздардың кәсіби деңгейі мен мәдениетін жоғарлату жолдарының негізігі түрлерінің бірі ол кәсіби семинарлар мен байқауларға қатысу. Мектеп мұғалімдері практикалық, тақырыптық семинарлар мен кәсіби байқауларға белсене әрі қызығушылықпен қатысады. Технология пәнінің мұғалімі Құсаинова Г.Т. қыркүйек айында бейнелеу өнері пәнінен Көкшетау қ. №6 мектебінде облыстық семинарға қатысты. Облыс, аудан мектептерінде өткен семинарлар мен ашық сабақтарға қатыса отырып: Құсаинова Г.Т. (Көкшетау қ. №6 ОМ бейнелеу өнері пәні мұғалімдерінің облыстық семинары), Қажымұратова А.Л., Қойшыбай Е. (Казгородок ОМ аудандық деңгейлік курс өткен мұғалімдерге арналған семинар), Мұстафина С.Е. (Құдықағаш ОМ орыс тілі пәні мұғалімдерінің аудандық семинары), Біржанова М.О. (аудандық орталық кітапханасы, дінтану мұғалімдерінің семинары), Нұржанова К.С. (Степняк қ. №2 ОМ психологтардың аудандық семинары) өздерінің кәсіби деңгейлерін жоғарлатты.
Сәуір айында мектепте жаратылыстану-математика пәндері мұғалімдерінің «Жаратылыстану-математика бағыты пәндері сабақтарын кіріктіріп оқыту арқылы оқушылардың ізденіс дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар өткізіліп, онда көрсетілген математика 5-сыныпта, физика 7-сыныпта, химия 11-сыныпта, география 9-сыныпта ашық сабақтар жоғары бағаланды.
Достарыңызбен бөлісу: |