Итмұрын- көп сабақты, тікенді кішілеу бұта, жемісі қызыл, дәндерін тікенді түк басқан. Еліміздің барлық жерлерінде , соның ішінде Қазақстанда да тараған. Тоғайлы жерлердің ашық алаңдарында, бұталар арасында өседі. Дәрілікке
жемісі, гүлі, жапырағы пайдаланады. Жемісінде С, А, В, К, Р витаминдері , ал дәнінде Е витамині бар. Медицинада негізінде асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына айдалануға болады
Мыңжапырақ- көпжылдық шөп өсімдігі.Қазақстанның тоғайлық, шабындық жерлерінде, ағаштар арасында , жол бойында өседі.
Дәрілікке гүлі, жапырағы пайдаланады. Мыңжапырақ жапырағында алколоидтар, эфир майы, С витамині ,органикалық қышқылдар тағы басқа заттар болады.Осы шөптен жасалған тұңба қан аққанды тоқтатуға , асқазан ауруларын ,әр түрлі сыртқы жараларды емдеуге пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |