Жұмыстың бағыты: Адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау Секциясы



бет8/9
Дата28.01.2018
өлшемі1,53 Mb.
#34521
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Итошаған (череда)- (Bіdens) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Итошаған – дәрілік өсімдік, халық медицинасында кеңінен қолданылады. Ол тәбет ашып, ас қорытуды жақсартады, тері ауруы кезінде зат алмасуды қалыпқа келтіреді. Қан кетуді тоқтатып, жүйке жүйесін тыныштандырады. Үштармақты итошағанның жапырағы мен гүлін қайнатып, балалар шірінше (золотуха) ауруымен ауырғанда ішкізеді. Мұның шөбінде каротин, аскорбин қышқылы, эфир майы, илік заттары бар. Шырының әр түрлі ауруларға – экземаға , дизентерияға, буын ауырғанда, қан азайғанда , диатезді емдеуге қолданады.

Жолжелкен- оның құрамында әр түрлі витамин, белок, май, қышқылдар мен тұздар мол болғандықтан, одан жасалынған дәріні көптеген ауру түрлеріне қолданады.Мәселен ол адамның тәбетін ашып, қандағы гемоглобинді молайтып, түрлі жүйке ауруларын тыныштандырады. Сондай-ақ қан тамырының қатаюына, асқазан, ішек жарасына, тыныс жолдарының қабынуына, өкпе туберкулезіне, созылмалы бронхит, плеврит және бүйрек, несеп жолдарының қабынуы тәрізді сырқаттарға қолданылады. Тамырының қайнатпасын іштен қан өткенде, өқан қақырғанда ішкізіп, мұрыннан қан тоқтамағанда танау ішіне құяды. Ал тұқымның қайнатпасын қант диабетіне, дизентерия және іш өткенге ішеді. 
Ертеде қазақтар жолжелкен жапырағын кептіріп ұнтақтап, жараның аузына сеуіп қанды тоқтатқан. Жас жапырағын түйіп жасаған қоймалжың сөлін улы жәндіктер шаққанда беріп, уын қайтарған, сүйелге таңып кетірген. Жарақаттанған малдарында осымен емдеп, күнделікті тұрмыста тері илеуге пайдаланған. 

Түйежапырақ (Ошаған) Лопух, репейник- Ошаған өсімдігі көпке мәлім. Ошағанның тамыры емдік мақсатта қолдануға күз айларының аяғына қарай жиналады. Бір жылдық өскіндердің ғана тамырларын жинау керек. Жинау кезінде тек топырағынан ғана сілку арқылы тазартылады яғни жумау керек. Кебіңкіреген топырақ қалдықтарын сол алғашқы күні ақ щетка мен тазаланады.Ошаған тамырының тұнбалары мен қайнатпалары гастриттерді, асқазан мен ұлтабар жараларын, іріңдерді, сыздауықтарды емдеуге қолданылады.  Қан құрамын жақсартуға үлкен көмегі бар.Қуық және жыныс мүшелерінде болатын түрлі кеселдерге ошаған қайнатпасының пайдасы бар. Сондай ақ подаграны, ревматизмді, геморройды, жиі іш қатқан жағдайларда және қант диабетін емдеуге қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет