Ж¦мыстыњ жалпы сипаттамасы


Шаршысөздің ритуалдық қырлары



бет32/42
Дата06.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#33493
түріДиссертация
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42
Шаршысөздің ритуалдық қырлары – сөйлеушіні аудиториямен байланыстыруға қажетті, сөзге құрметтеу реңін беретін, тұрақты әрі арнайы қолданылатын қарым-қатынас орнатудың тілдік бірліктері. Бұларға құрметті қауым, ардақты әлеумет, құрметті ханымдар мен мырзалар, жолдастар, қадірлі ағайын, қадірлі бауырлар, қымбатты достар т.б. тәрізді атауыш қаратпалар жатады.
Шешендік сөзде ситуацияға қарай этикет формалардың ресми, бейтарап, эмоционалды түрлері қолданылады. Ресми формаларға жолдастар, ханымдар мен мырзалар; эмоционалды формаларға қымбатты достар, қадірлі бауырлар, қадірлі ағайын т.б., ал бейресми формаларға әріптестер, халайық, әлеумет т.б. тәрізді қаратпалар жатады.
Сөздің басталуында этикеттік қаратпалардың қандай мәні болса, назар салып тыңдағандарыңызға рахмет, ден қойып тыңдағандарыңызға рахмет деп сөзді аяқтаудың да соншалықты мәні бар. Бұлай деу бір жағынан этикеттік норма болса, екінші жағынан, аудиториямен коммуникативтік байланыстың аяқталғанын байқататын белгі болып табылады.
Тілдік қарым-қатынас әңгімелесу, пікірлесу, сұхбаттасу тәрізді жеке коммуникация жағдайында, шаршытоп сондай-ақ талас-тартыс, ой-пікір қақтығыстары, сөз жарыстыру, ой жарыстыру жағдайында да жүзеге асатын ұжымдық, коммуникация немесе, газет, журнал, радио,=телеарналар тәрізді құралдар арқылы жүзеге асатын бұқаралық коммуникацияда
Өркениетті адам тілдік қарым-қатынастың әртүрлі формаларын жете меңгеруі керек. Бұл – нарық пен демократияға бет бұрған заманның талабы. Әсіресе нарық заманының адамы тілдік қатынаста тек өз саласымен шектеліп қалмай, шаршытоп алдында айтыс-тартысқа түсудің логикалық, әлеуметтік, психологиялық жақтарынан хабардар болуға тиіс. Ал тілдік құралдарды талғау, саралау айтыс-тартыстың логикалық, әлеуметтік, психологиялық жайттарына тәуелді. Осы жайттарды дұрыс аңғарғанда ғана тілдік құралдарды, стильдік амал-тәсілдерді мүмкіндігінше тиімді пайдалануға зор жәрдемі тиеді. Әрине коммуникацияның біз айтыс-тартыс мәселесінің мәніне егжей-тегжейлі тоқталу зерттеудің тікелей міндетіне жатпайды. Сондықтан бұл тараушада күнделікті өмір тәжірибесінде жеке коммуникацияда, ұжымдық коммуникацияда, бұқаралық коммуникацияда жиі байқалатын жайттардың сөз мәдениетіне қатысты қырларына тоқталдық.


Пайдаланған әдебиет




  1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 260 б.

  2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. –581 б.

  3. Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі. Алматы: Ғылым, 1987, – 272 б.

  4. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. Астана: Елорда, 2001. –230 б.

  5. Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Атамұра, 2005. – 272 б.

  6. Матезиус В. Избранные труды по языкознанию. М.: Едиториал УРСС, 2003. – 232 с.

  7. Головин Б.Н. Основы культуры речи: Учеб. пособие. –М.: Высш. Школа, 1980. –335 с.

  8. Скворцов Л.И. Теоретические основы культуры речи. М.: Наука, 1980. –252 с.

  9. Речевое воздействие в сфере массовой коммуникации. – М.: Наука, 1990. –136 с.

  10. Сүлейменова Э.Д. Понятие смысла в современной лингвистике. Алматы: Мектеп, 1989. – 160 с.

  11. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика: Учебное пособие. Мн.: Тетра Системс, 2004. –256 с.

  12. Языки как образ мира. – М.: ООО “Издательство АСТ”, СПб.: Я41 Tezza Fantastіca, 2003. – 568 с.

  13. Вежбицкая А. Язык. Культура: Пер. с анг. –М.: Русские словари, 1997. – 416 с.

  14. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. Алматы: Мектеп, 1984. – 107 б.

  15. Мартине Андре. Основы общей лингвистики: Пер. с франц. М.: Едиториал УРСС, 2004. – 224 с.

  16. Шарков Ф.И. Основы теории коммуникации: Учебник для вузов. М.: Издательский дом “Социальные отношения”, 2003. – 248 с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет