Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет17/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   108

Білуге тиіс: металмен қаптаудан кейін бөлшектер мен бұйымдарды қабылдауға қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар; әртүрлі металл қаптамалардың сапасын анықтау бойынша нұсқаулықтар; талап етілетін бет тазалығы мен қабат қалыңдығы; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары; бетінің кедір-бұдырлығы өлшемдерін айқындау әдістері; бөлшектерді әртүрлі металл қаптамаларға дайындау тәсілдері; гальваностегияда қолданылатын материалдар және олардың негізгі қасиеттері; шектеу, қондырма жүйесі, квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері.

Жұмыс үлгілері

1. Негізгі бұлғақ авиақозғалтқыштарының тығындары – қалайы-қорғасын балқымасымен қаптаудан кейін бақылау.

2. Коррозиялы ортада және жоғары температурада (пирометриялық аспаптар) жұмыс істейтін аспаптардың бөлшектері – қара хромды өсіргеннен кейін бақылау.

3. Ұшақтардың электр түрлендіргіш бөлшектері - өлшемдік хромдаудан кейінгі бақылау.

4. Сырғанау мойынтіректері - бинарлы антифрикциялық қаптаудан кейін бақылау.

§ 19. АСТАУЛАРДЫ ТҮЗЕТУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гальваникалық астауларды толтыруға арналған химикаттарды дайындау. Біліктілігі анағұрлым жоғары астауларды түзетушінің басшылығымен астаудағы ерітінділердің концентрациясын түзету. Компоненттерінің белгілі бір саны бар толтыру қоспасын жасау. Құжаттаманы ресімдеу. Астауларды, штангалар мен контактілерді тазалау. Өңделген анодтарды жаңасымен ауыстыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс қағидаты; металмен қаптау кезінде қолданылатын барлық химикаттардың атауы мен таңбалануы; химикаттарды лаборатория талдамасының мәліметтері бойынша гальваникалық астауларға толтыру ережесі; химикаттармен жұмыс істеу ережесі; ерітінділердің құрамы мен қасиеттері және оларды түзету тәсілдері; құжаттаманы ресімдеу тәртібі.

§ 20. АСТАУЛАРДЫ ТҮЗЕТУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гальваникалық астауларға арналған барлық ерітінділер мен электролиттерді технологиялық және өндірістік нұсқаулықтарға сәйкес түзету. Астауда ерітінділер мен электролиттердің тұрақты деңгейін ұстау. Электролиттің айналу, сүзілу және булану процессінің дұрыстығын бақылау. Индикатор бойынша астауларды қарапайым талдау жұмыстарын жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы; электролиттерді құрастыру ережесі; электролиттік қаптау, сүзу, электролитті буландыру тәсілдері; гальваникалық астаулардың ертінділерінің құрамы.

§ 21. АСТАУЛАРДЫ ТҮЗЕТУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген рецептура бойынша барлық астаулар үшін электролиттерді құрастыру. Астауларды қаптамалардың барлық түрлері бойынша белгіленген температура мен ерітінді деңгейіне дейін жетілдіру. Үздіксіз сүзуге арналған сүзгі-нығыздауыштарды іске қосу. Гальваникалық астаулардың қышқылдығын түзету. Астаулардағы олқылықтарды жою. Астаулардағы электр контактілердің, ілмек құрылғылардың беріктігін тексеру және тозғандарын жаңасымен ауыстыру. Құрамында никель мен мыс бар астауларды питтингілерден босату.

Білуге тиіс: металл қаптамалардың барлық түрлерімен қаптау процессі; астауларды лабороторияларының талдамасы бойынша түзету; әртүрлі тұздарды еріту, араластыру, тұндыру ережесі; ерітінділерді сүзу; орындалатын жұмыс көлемінде электротехника, электрохимия және бейорганикалық химия негіздері; электр аспаптар мен іске қосуды реттеуші аппаратура; астауды талдау әдістері; у және оны пайдалану тәсілдері.

§ 22. АСТАУЛАРДЫ ТҮЗЕТУШІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Астаулардың эксперименталды химиялық құрамын іріктеу және түзету, металл қаптамаларға арналған арнайы электролиттер. Қаптаудың тәсілдері мен режимдерін өздігінен таңдау. Электролиттерді түзету және ілмекті-барабан типті автомат желілерді қаптау процессін реттеу. Сору-тоңазыту агрегаттарының және үздіксіз сүзу автомат құрылғыларының жұмысын бақылау. Бұйымдарды (бөлшектерді) сапасыз қаптау себептерін жою.

Білуге тиіс: металл қаптау кезінде қолданылатын кез келген жабдықтар мен құрылғылардың құрылымдық ерекшеліктері мен құрылысы; металмен қаптаудың анағұрлым өнімді режимдері мен процестерін таңдау ережесі; электролиттердің арнайы құрамының қаптау режиміне тигізетін әсері; электролиттерді сынау тәсілдері және сынау кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары; сору-тоңазыту агрегаттарының, үздіксіз сүзу автомат құрылғыларының және автомат желілердің басқа да жабдықтарының жұмыс қағидаты мен қызмет көрсету ережесі.

§ 23. ҚАҢЫЛТЫРЛАР МЕН ҚҰБЫРЛАРДЫ ЛАКТАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құбырларды лактау құрылғысында лактау процессін жүргізуге қатысу. Құбырларды лактау құрылғысының науасына әперу және орнату (құбырларды түйістіру және оларды бекіту), лакталған құбырларды босату және алу, лакталған құбырларды кептіргіштерге салу және оларды кептіргеннен кейін біліктілігі анағұрлым жоғары лактаушының басшылығымен түсіру. Қажетті концентрациялы және тұтқыр лак дайындау.

Білуге тиіс: лактау құрылғысының жұмыс қағидаты; лактар мен ерітінділердің құрамы мен қасиеттері; лакты дайындау тәсілдері; құбырларды лактау негіздері.

§ 24. ҚАҢЫЛТЫРЛАР МЕН ҚҰБЫРЛАРДЫ ЛАКТАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қаңылтырды лактау процессін жүрізуге қатысу. Таспаны кептіру пешіне кіргізген және шығарған кезде бағыттаушы дискілердің арасына саңылау салу. Таспаны алған рет кептіргіш пештердің конвейері және тасымалдау салқындату барабандары арқылы салу. Таспаның кептіргіш пештердің конвейері арқылы дұрыс өтуін бақылау. Конвейерді және тасымалдау салқындату барабандарын тазалау. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: лактау агрегатының, бағыттаушы құрылғылардың, тасымалдау салқындату барабандары мен кептіргіш пештердің құрылғысы; қаңылтырларды лактау процессі және лакпен қаптау режимі.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет