Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


§ 25. ҚАҢЫЛТЫРЛАР МЕН ҚҰБЫРЛАРДЫ ЛАКТАУШЫ



бет18/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   108

§ 25. ҚАҢЫЛТЫРЛАР МЕН ҚҰБЫРЛАРДЫ ЛАКТАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құбырларды лактау құрылғысында лактау процессін жүргізу. Лактау кезінде құбырлардың температурасын бақылау. Лакталған құбырларды кептіргішке салу және олар кепкеннен кейін шығару. Орама қаңылтырды лактау агрегатында немесе электростатикалық өрісте лактау процессін жүргізу. Қаңылтыр жолақтарының тозаңдандырғыш немесе лактау машиналарының бағыттаушы дискілері арқылы дұрыс өтуін бақылау. Жолақтың қозғалу жылдамдығы мен лактау машинасының біліктері арасындағы саңылаудың көлемін реттеу. Таспаны біліктер мен лактау машиналарының бағыттаушы дискілері арқылы салу. Лактың температурасы мен тұтқырлығын бақылау. Тозаңдандырғыштарды дайындау, баптау және орнату.

Білуге тиіс: орындалатын жұмыс көлемінде қызмет көрсетілетін жабдықтың кинематикалық және электр схемалары; лактауға түсетін қаңылтырлар мен құбырлардың сұрыптамасы; лактың тұтқырлығын айқындау әдістері; лак жақпасының ақаулықтарының түрлері, оларды анықтау, алдын алу және жою әдістері.

§ 26. ЫСТЫҚ ТӘСІЛМЕН ҚАЛАЙЫЛАУШЫ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қалайыланған қаңылтырларды реттеп үю бойынша қалайылау агрегаттарына қызмет көрсету. Қаңылтырларды сұрыптау үстелдеріне жеткізу. Қоймадан қалайылау агрегатына қалайы, флюс, қышқылдар мен басқа да материалдарды жеткізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; қалайылау агрегаттарында ыстық қалайылаудың мақсаты; қалайылауға түстетін қаңылтырдың сұрыптамасы.

§ 27. ЫСТЫҚ ТӘСІЛМЕН ҚАЛАЙЫЛАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қаңылтырды қалайылау агрегатының магнит қоректендіргішіне салу. Қалайылау аппаратының астауына май қосу және астаудағы майдың температурасын бақылау. Қарапайым бұйымдар мен бөлшектерде астауда және қолмен қалайылау. Материалдарды қалайылауға дайындау. Бөлшектерді қалайылау алдында тазалау және дәрілеу. Қалайыны сырттай бақылау және механикалық тәсілмен оның дайын екенін анықтау. Бөлшектерді қалайылағаннан кейін жуу және кептіру. Астауларды тазалау. Қалайылау агрегатын ағымдағы жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қалайылау агрегатының және басқа да қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидасы; ыстық қалайылау процессінің мәні; қалайылау кезінде қолданылатын құралдардың және бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты мен қолданылу ережесі; қышқылдар мен және сілтілерді пайдалану ережесі; қайта қалайылауға тиісті қаңылтырларға арналған ерітіндінің құрамы мен жасау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Болттар, гайкалары, тіреушіктер, тойтармалар, ілмектер, фланецтер, контактілі пластиналар мен жапырақтар - қалайылау.

2. Мыс және шойын ішпектер - қалайылау және қашап дәнекерлеу.

3. Арнайы антенна сәулелерінің ұштары - қалайылау.

4. Ыдысты кептіруге арналған тұғыр - қалайылау.

5. Тік құбырлар - қалайылау.

§ 28. ЫСТЫҚ ТӘСІЛМЕН ҚАЛАЙЫЛАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа бұйымдар мен бөлшектерді наз шілтерлі көріктерде және бензин лампамен алдын ала қыздыра отырып, сүрту және астауда қалайылау. Түсті және қара металдан жасалған қаңылтырларды екі жағын сүрте отырып қалайылау. Ультрадыбыстық арнайы дәнекерлеуішпен қыздырылатын құрылғыда және дәнекерді балқыту температурасы 210 - 230 град., қыздыру алаңы - 600 x 700 кв. мм болған жағдайда ПОЦГ 10-1 (қалайы-цинктелген германий) маркалы дәнекерді пайдалана отырып қалайылау. Қаңылтырды қалайылау агрегатында қалайылау кезінде белгілі бір концентрациялы сода ерітіндісін дайындау. Қалайыланатын қаңылтырдың сапасын тексеру. Қаңылтырлардың қоректендіргіштен флюс машиналарға немесе электролиттік дәрілеу астауларына дейін ілгерілеуін, тазалау машинасының жұмысын және қалайыланған қаңылтырдың өңделуін бақылау. Тазалау машинасына кесінділерді толтыру және оны баптау. Өлшеу аспаптарының көмегімен бұйымдардың қыздырылу температурасы мен балқытылған құрам құйылған астаулардың температурасын анықтау. Қалайыланған беттің сапасын сырттай тексеру, механикалық тәсілмен және бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен анықтау. Қаңылтыр жолақтарын орамаға орамдардың астына қағаз сала отырып орау және қалайыланған бөлігінің ақаулықтарын кесу.

Білуге тиіс: қалайылау агрегаттарының құрылысы; қалайылаудың негізгі тәсілдері; үздіксіз ыстық қалайылау агрегаттарында қалайылау процессі; электролиттер мен ерітінділердің химиялық құрамы мен қасиеттері; қалайылау астауларына арнап ерітінді дайындау тәсілдері және олардың рецептурасы; қалайылау кезінде қолданылатын арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен құрылысы.

Жұмыс үлгілері

1. Арматураланған баллондар - қалайылау.

2. Әртүрлі қималы және диаметрлі иректемелер – сыртқы бетін қалайылау.

3. Шойыннан жасалған бұйымдарды, ет турағыштарды, ас ішетін ыдыстарды, самауырларды қалайылау.

4. Ас пісіруге арналған қазандар, тұщытқыштар - қалайылау.

5. Темір мен мыстан жасалған ернеушелер - қалайылау.

6. Қарапайым пішінді қаңылтыр алюминийден жасалған панельдер, корпустар

- белгіленген өлшемді сыртқы бетке ультрадыбыстық құрылғыда қызмет көрсету.

7. Диаметрі 400 мм дейінгі мойынтіректер, диаметрі 500 мм дейінгі тығындар – қалайылау және баббит құю.

8. Үштіктер, айқастырмалар, құбырлардың мыс пен темірден жасалған буындары - екі жақты қалайылау.

§ 29. ЫСТЫҚ ТӘСІЛМЕН ҚАЛАЙЫЛАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өңдеу үшін қолжетімділігі қиын күрделі бұйымдарды қалайылау. Қалайылаудың ең тиімді режимдерін айқындау. Қалайылау үшін белгіленген рецептура бойынша ұнтақ дайындау. Ультрадыбыстық арнайы дәнекерлеуішпен қыздырылатын құрылғыда және дәнекерді балқыту температурасы 210 - 230 град., қыздыру алаңы - 600 x 700 кв. мм болған жағдайда ПОЦГ 10-1 (қалайы-цинктелген германий) маркалы дәнекерді пайдалана отырып қалайылау. Сегіз жолаққа дейін созылатын үздіксіз жұмыс істейтін агрегаттарда ыстық қалайылау процессін жүргізу. Қаңылтырды майлау машинасының жоғарғы және төменгі біліктерімен қысу дәрежесін реттеу. Қаңылтырды қалайымен қаптау қалыңдығы мен сапасын, жуу машинасының жұмысын бақылау. Флюсті жұмысқа жарамды жағдайда ұстау, қалайы мен майдың қажетті температурасын сақтау. Астаудағы тоқ күші мен кернеуді реттеу.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет