Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет30/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   108

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; иондық тозаңдандыру әдісімен өңделетін барлық балқымалар мен материалдардан жасалған құралдар, бөлшектер мен бұйымдар өңдеу үшін технологиялық режимдерді белгілеу ережесі; вакуумда қаптау процессінің теориялық негіздері; электротехника және электроника негіздері; вакуум сынақтарының теориялық негіздері мен практикалық әдістері; ағындарды анықтағышпен жұмыс істеу ережесі; өңдеудің жаға технологиялық режимдерін таңдау ережесі; қызмет көрсетілетін жабдықты баптау және реттеу ережесі.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

§ 71. ҚОРҒАСЫНШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қорғасындалған табақты тазалау машинасына салу және оларды машинадан шығару. Машинада тазалағаннан кейін табақтағы шағын ақаулықтарды жою. Табақтарды іріктеу және сапасыз қапталған табақтарды қайта қорғасындауға жіберу, өңделген кескіндерді жаңасымен ауыстыру. Тазалау машинасын ағымдағы жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: тазалау машинасының жұмыс қағидаты; тазалау машинасының негізгі бөлшектерінің атауы мен мақсаты; табақтардың сұрыптамасы.

§ 72. ҚОРҒАСЫНШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары қорғасындаушының басшылығымен табақтарды қорғасындау табақтарында қорғасындау процессін жүргізу. Табақтарды қорғасындау аппаратынан қабылдау және оларды салқындатуға орнату. Майдың астаудағы тұрақты деңгейін қамтамасыз ету. Майлау машинасының біліктерін ыстық және таза күйінде ұстау. Қорғасын мен қалайыны астауға балқыманы өндіру жағдайына қарай салу. Майды сүзгілеуге қатысу. Қайта қорғасындалуға тиіс табақтарды тазалау. Майлау машинасын баптауға және оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қорғасындау аппаратының жұмыс қағидасы; табақтарды қорғасындау процессі; орындалатын жұмыс көлемінде химикаттарды қорғасындау кезінде қолданылатын қорғасынның физикалық және химиялық қасиеттері.

§ 73. ҚОРҒАСЫНШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Табақтарды қорғасындау табақтарында қорғасындау процессін жүргізу. Табақтарды аппаратқа салу. Қаңылтыр табақтарды қорғасындау сапасын бақылау. Астаудың температурасын реттеу. Флюс режимін жүргізу. Қорғасындау аппаратын жұмыс барысында баптау. Біліктілігі анағұрлым жоғары қорғасындаушының басшылығымен табақтар мен таспаларды үздіксіз және жартылай үздіксіз жұмыс істейтін қорғасындау агрегаттарында қорғасындау процессін жүргізу.

Білуге тиіс: қорғасындау аппаратының құрылысы мен жұмыс қағидаты; табақтарды қорғасындау және өңдеу процессі; орындалатын жұмыс көлемінде химикаттарды қорғасындау кезінде қолданылатын қорғасынның физикалық және химиялық қасиеттері.

§ 74. ҚОРҒАСЫНШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Табақтар мен таспаларды үздіксіз жұмыс істейтін қорғасындау агрегаттарында қорғасындау процессін жүргізу. Қабаттың талап етілетін қалыңдығына, жолақ (табақ) бетінің сұрыптамасы мен сапасына және электролиттердің жай-күйіне байланысты агрегат жұмысының қозғалыс жылдамдығы мен технологиялық режимін белгілеу. Болат жолақтың (табақтың) бетін қорғасындауға дайындау сапасын бақылау. Астауға келетін тоқ күшін және қорғасындаудың технологиялық процессін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: үздіксіз ыстық қорғасындау, электролиттік майсыздандыру және өңдеу агрегаттарының құрылысы, кинематикалық және электр схемасы; қорғасындау агрегаттарының бақылау-өлшеу аспаптары мен аппаратурасын баптау және реттеу ережесі; электролиттер мен ерітінділерді талдау әдістері.

§ 75. ЫСТЫҚ ТӘСІЛМЕН МЫРЫШТАУШЫ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдарды мырыштауға қатысты қосымша жұмыстарды: жуу, ысқылау және тазалау жұмыстарын орындау. Бұйымдарды сілку және олар салқындағанша іліп қою. Дайын өнімдердегі мырыш қылаулары мен қаспақтарын металл щеткамен тазалау. Біліктілігі анағұрлым жоғары қорғасындаушының басшылығымен астауларға флюстер мен тұнба материалдарды құю, сымның астау мен орау аппаратына үздіксіз жіберілуі, табақтарды машинаға реттеп салу бойынша жұмысты орындау.

Білуге тиіс: қыздыру пештері мен мырыштау астауларының құрылысы; мырышталған бұйымдарға қойылатын техникалық талаптар; бұйымдарды мырыштаудан кейін тазалау тәсілдері; бұйымдарды сілку тәсілдері және оларды реттеп салу ережесі; мырышталатын табақтардың сұрыптамасы.

§ 76. ЫСТЫҚ ТӘСІЛМЕН МЫРЫШТАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пішіні бойынша қарапайым бұйымдар мен бөлшектерді пештер мен астауларда белгіленген технология бойынша батырып алу арқылы ыстық мырыштау әдісімен мырыштау. Астауларға флюстер мен тұнба материалдарды құю. Бұйымдардың мырыштауға жарамдылығын анықтау. Өңделген және жуылған табақтарды, бұйымдар мен бөлшектерді мырыштау астауларына салу. Астауға мырышты оның қаптауға жұмсалу жағдайына қарай салу. Флюс қорабына мүсәтір құю. Ысқылау сақинасы арқылы мырышталған құбырларды тарту. Біліктілігі анағұрлым жоғары ыстық тәсілмен мырыштаушының басшылығымен диаметрі 1 мм сым мен торды мырыштау. Сымның дұрыс оралуын және оны барабаннан алуды бақылау.

Білуге тиіс: қыздыру пештері мен мырыштау астауларының жұмыс қағидасы; ыстық мырыштау процессінің мәні; бұйымдарды балқытылған мырышқа батыру ережесі; орау аппаратының құрылысы; өңделетін металдардың атауы мен таңбалануы; химикаттармен және балқытылған мырышты қолдану ережесі.

§ 77. ЫСТЫҚ ТӘСІЛМЕН МЫРЫШТАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Мырыштау үшін қол жетімділігі қиын жерлері бар табақ болат құбырларды, ыдыс және басқа да бұйымдарды батырып алу арқылы мырыштау. Біліктілігі анағұрлым жоғары мырыштаушымен бірлесе отырып, үздіксіз жұмыс істейтін мырыштау агрегатында табақ болат пен құбырларды мырыштау процессін жүргізу. Флюсті мырыштау үшін дайындау және оны балқытылған мырыш құйылған астауға салу. Мырыштың бұйым бетінде біркелкі таралуын бақылау. Мырыштау сапасын қабаттың құрылысы мен түсі бойынша айқындау. Табақтарды құрғақ тәсілмен мырыштау үшін сұйық флюстерді дайындау. Табақтарды мырыштау аппараттарында ыстық тәсілмен мырыштаудың флюстік режимін енгізу. Балқытылған мүсәтірге әртүрлі компоненттерді қосу арқылы анағұрлым көп жылжымалылық қасиетін беру. Агрегатты баптау. Қосып дәнекерлеу қорабындағы флюстің деңгейін бақылау. Диаметрі 1 мм дейінгі тор мен сымды мырыштау. Мырыш сынамасын алу және талдауға тапсыру.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет