§ 1. ЭМАЛЬ ШЫЛАНҚҰРАМДЫ ҚҰЮШЫ 2-разряд Жұмыс сипаттамасы. Эмаль шыланқұрамдарды құюға арналған бур, сода, поташ, тұз ерітінділерін және басқа да құю құралдарын технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес дайындау. Шыланқұрамды сүзу және түйіршіктелген тұнбаларды алып тастау. Шыланқұрамды толтыру барысында және одан кейін орналастыру. Білуге тиіс: толтыру құралдарын дайындау үшін қолданылатын материалдар мен химикаттар және олардың қасиеттері; толтыру құралдарын дайындау тәсілдері; шыланқұрамның физикалық қасиеттері; қышқылдармен, сілтілермен және тұздармен жұмыс істеу ережесі. § 2. ЭМАЛЬ ШЫЛАНҚҰРАМДЫ ҚҰЮШЫ 3-разряд Жұмыс сипаттамасы. Эмаль шыланқұрамды және эмальделетін бұйымдарға сәйкес суды құю құралдарын қосу арқылы белгілі бір консистенцияға дейін құю. Эмаль шыланқұрамның жұмыс қоспасының жай-күйі. Техникалық құжаттаманы жүргізу. Біліктілігі анағұрлым төмен құюшылардың жұмысын басқару. Білуге тиіс: әртүрлі эмальдер мен оларға құюға арналған құралдардың номенклатурасы, қасиеттері мен құрамы; әртүрлі бұйымдарға арналған шыланқұрамдардың тығыздығы, ылғалдылығы мен консистенциясы және оларды айқындау әдістері; ылғалдылығы мен консистенциясын айқындауға арналған аспаптар мен оларды пайдалану ережесі. § 3. ЭМАЛЬ ҚАБАТТЫ БАҚЫЛАУШЫ 3-разряд Жұмыс сипаттамасы. Эмальмен қапталған қарапайым және күрделілігі орташа бұйымдарды оларды күйдіргеннен кейін бекітіліген техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарға сәйкес бақылау және қабылдау. Эмаль қаптама сынықтарының, толқындарының, талшықты сызаттарының, саңылаулары мен көпіршіктерінің болмауын, термоберіктігін, біркелкілігі мен қалыңдығын және оның металмен бірігу беріктігін тексеру. Қабылданған бұйымдардың сорты мен таңбалануын айқындау. Ақауланған бұйымдар туралы нарядтар, хабарламалар мен актілер ресімдеу. Білуге тиіс: қарапайым және күрделілігі орташа бұйымдарды қабылдаудың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары және қабылдау әдістері; шығарылатын бұйымдардың номенклатурасы мен мақсаты; ақаулықтардың сыныптамасы мен түрлері; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы. Жұмыс үлгілері Бақылау және қабылдау: 1. Тоңазытқыштардың бөлшектері. 2. Араластырғыштар. 3. Газ плиталар. 4. Түптер. 5. Ыдыс. 6. Раковина. 7. Сырттағы судың және басқа да агрессивті заттарды өткізетін кеме құбырлары. 8. Термометр түтіктері. 9. Қол жуғыш. 10. Унитаздар. 11. Клозет құралдары. § 4. ЭМАЛЬ ҚАБАТТЫ БАҚЫЛАУШЫ 4-разряд Жұмыс сипаттамасы. Эмальмен қапталған күрделі бұйымдарды оларды күйдіргеннен кейін бекітіліген техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарға сәйкес бақылау және қабылдау. Қабаттың ақтығын бекітілген эталонмен салыстыру. Ақаулықтардың пайда болу себептерін анықтау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау. Ақаулық себептерін талдауға техникалық құжаттама дайындау. Білуге тиіс: күрделі бұйымдарды қабылдаудың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары; күрделі бұйымдарды техникалық бақылау және сынау әдістері; ақаулықтардың сыныптамасы және олардың пайда болу себептері; күрделі бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары. Жұмыс үлгілері Бақылау және қабылдау: 1. Кеменің жылу алмастырғыш аппараттары. 2. Қысыммен жұмыс істейтін аппаратура. 3. Ванналар. 4. Гидролизерлер. 5. Импеллерлер. 6. Газ колонкалар. 7. Қазандықтар. 8. Пропеллер араластырғыштар. 9. Сүзгі-нығыздауыштардың плиталары мен рамалары. 10. Друк – сүзгілердің торлары. § 5. ЭМАЛЬ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰНТАҚТАУШЫ 2-разряд Жұмыс сипаттамасы. Эмаль материалдарын ұнтақтау жабдықтарында біліктілігі анағұрлым жоғары ұнтақтаушының басшылығымен тарту. Материалдарды, пудра эмальды елеу, шыланқұрамды қол және механикалық електе елеу. Материалдар мен фритталарды арту, түсіру және жұмыс орнына тасымалдау. Материалдарды жуу, сұрыптау, кептіру және қолмен ұнтақтау. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты; жабдықты біркелкі арту ережесі; эмаль және ұнтаққа қосылатын қоспалардың құрамына енетін материалдардың номенклатурасы мен сорттары. § 6. ЭМАЛЬ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰНТАҚТАУШЫ 3-разряд Жұмыс сипаттамасы. Эмаль материалдарын ұнтақтау жабдықтарында тарту. Астар және жабын эмальды дайындау. Ұнтақтау процессін бақылау. Материалдарды өлшеу. Материалдар мен фриттерден әртүрлі шаң-тозаңдарды алып тастау. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау. Білуге тиіс: ұнтақтау жабдығының құрылысы мен оны баптау ережесі; шикіқұрам мен эмаль дайындау үшін қолданылатын материалдар және олардың қасиеттері; оларға қойылатын техникалық шарттар және оларды сақтау ережесі. § 7. ЭМАЛЬ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰНТАҚТАУШЫ 4-разряд Жұмыс сипаттамасы. Эмаль материалдарын дірілді ұнтақтау құрылғыларында тарту. Дірілді ұнтақтауды бақылау. Артылатын материалдардың сапасын тексеру. Фриттер мен материалдарды мөлшерлеу және өлшеу. Шар диірмендердегі футеровка мен шардың жай-күйін тексеру. Ұнтақтың ұсақтығын айқындау. Дірілді ұнтақтау құрылғыларын және басқа да ұнтақтау жабдықтарын іске қосу және тоқтату. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды баптау. Білуге тиіс: дірілді ұнтақтау құрылғыларын құрылысы мен баптау тәсілдері; ұнтақтау жабдықтарының жұмыс режимі; эмаль шыланқұрамды дайындауға арналған шар көлемдерінің арақатынасы; эмаль және ұнтаққа қосылатын қоспалардың құрамына енетін материалдардың номенклатурасы, сорттары мен сапасы; дайын бітеуіштер мен эмальдерге қойылатын техникалық шарттар; жұмыс орнына беру және есепке алу тәртібі. § 8. ЭМАЛЬДЫ КҮЙДІРУШІ
Достарыңызбен бөлісу: |