Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


«СЛЕСАРЬЛЫҚ ЖӘНЕ СЛЕСАРЬЛЫҚ-ҚҰРАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ» ТАРАУЫ



бет41/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   108



«СЛЕСАРЬЛЫҚ ЖӘНЕ

СЛЕСАРЬЛЫҚ-ҚҰРАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ» ТАРАУЫ

§ 1. БӨЛШЕКТЕР МЕН ТОРАПТАРДЫ ТЕҢГЕРІМДЕУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жалпы мақсаттағы шағын және орташа машиналардың айналу жиілігі 1500 мин.-1 дейінгі желдеткіштерінің, зәкірлері мен роторларының статикалық теңгерімділігі. Жүкті бекіту арқылы теңгерімсіздікті айқындау және алдын алу. Саңылауларды пневматикалық және электр машиналармен немесе қарапайым бұрғылау станоктарымен бұрғылау. Бұрандасын қолмен белгілеуіштермен кесу.

Білуге тиіс: статикалық теңгерімдеу кезінде теңгерімсіздіктерін анықтау тәсілдері; жүкті бекіту ережесі; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидасы; қарапайым құрылғылардың, бақылау-өлшеу және кесу құралдарының жұмыс қағидасы; теңгерімделетін бұйымдардың мақсаты және оларға қойылатын талаптар.

Жұмыс үлгілері

Статикалық теңгерімдеу:

1. Бір сериялы асинхронды электр қозғалтқыштардың желдеткіштері.

2. Қуаты 100 кВт дейінгі айнымалы және тұрақты тоқты электр машиналарының роторлары, зәкірлері және тегершіктері.

§ 2. БӨЛШЕКТЕР МЕН ТОРАПТАРДЫ ТЕҢГЕРІМДЕУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жалпы мақсаттағы ірі машиналардың айналу жиілігі 1500 мин.-1 дейінгі желдеткіштерінің, зәкірлері мен роторларының статикалық теңгерімділігі. Шағын және орташа машиналардың айналу жиілігі 1500 бастап 3000 мин.-1 дейінгі зәкірлері мен роторларын қарапайым теңгерімдеу станоктарында динамикалық теңгерімдеу. Қарапайым пішінді бөлшектерді искралы дискілі арнайы теңгерімдеу станоктарында, призмада және роликтерде статикалық және динамикалық теңгерімдеу. Теңгерімсіздігін бұрғылау арқылы немесе қайрау станогында жою. Біліктілігі анағұрлым жоғары теңгерімдеушінің басшылығымен теңгерімдеу станоктарын баптау.

Білуге тиіс: статикалық және динамикалық теңгерімдеу кезінде теңгерімсіздіктің мәнін айқындау тәсілдері; теңгерімдеу станоктарының құрылысы мен жұмысы қағидасы; бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары; бөлшектерді орнату және бекіту тәсілдері; теңгерімделетін бөлшектердің шекті ауытқулары.

Жұмыс үлгілері

1. Үстелге қойылатын желдеткіштер – динамикалық теңгерімдеу.

2. Тегершіктер, барлық диаметрлі шкивтер, шынжыртабандар – теңгерімдеу.

3. Токарьлық және қырнағыш станоктардың патрондары мен планшайбалар -теңгерімдеу.

4. Шағын және орташа электр машиналарының қуаты 100 кВт және айналу жиілігі 3000 мин.-1 роторлары мен зәкірлері - динамикалық теңгерімдеу.

5. Турбогенераторлардың, орталықтан тепкіш сорғылардың роторлары - статикалық теңгерімдеу.

6. Қуаты 100 кВт астам айнымалы және тұрақты тоқты электр машиналарының роторлары, зәкірлері және тегершіктері-статикалық теңгерімдеу.

§ 3. БӨЛШЕКТЕР МЕН ТОРАПТАРДЫ ТЕҢГЕРІМДЕУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ірі машиналардың айналу жиілігі 1500 бастап 300 мин.-1 дейінгі зәкірлері мен роторларын, сондай-ақ шағын және орташа электр машиналарының айналу жиілігі 3000 мин.-1 астам зәкірлері мен роторларын әртүрлі үлгілі теңгерімдеу станоктарында статикалық теңгерімдеу. Күрделі пішінді машиналардың бөлшектері мен тораптарын искралы дискілі әртүрлі үлгілі теңгерімдеу станоктарында статикалық және динамикалық теңгерімдеу. Теңгерімсіздікті анықтау үшін бұрыштардың градустарын өлшеу. Қызмет көрсетілетін теңгерімдеу станоктарын баптау.

Білуге тиіс: әртүрлі үлгілі теңгерімдеу станоктарының құрылысы; қызмет көрсетілетін жабдықтарды баптау тәсілдері және олардың дәлдігін тексеру тәсілдері; бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен қолданылу ережесі; күрделі пішінді бөлшектер мен тораптарды теңгерімдеу ерекшеліктері.

Жұмыс үлгілері

1. Икемді біліктер - теңгерімдеу.

2. "Москвич" автомобилінің иінді біліктері – бетінен металдың артығын алып тастап біліктің екі басын теңгерімдеу.

3. Рессорлар - теңгерімдеу.

4. Дәлме-дәл аспаптардың қозғалтқыштарының роторлары – сұйықтықта теңгерімдеу.

5. Қуаты 100 кВт астам айнымалы және тұрақты тоқты электр машиналарының роторлары мен зәкірлері – динамикалық теңгерімдеу.

6. Турбиналардың көп сатылы роторлары - теңгерімдеу.

7. Қуаты 30000 кВт дейінгі турбогенераторлардың роторлары - динамикалық теңгерімдеу.

8. Ірі көлемді токарьлық және қайрау станоктарының шпиндельдері - теңгерімдеу.

§ 4. БӨЛШЕКТЕР МЕН ТОРАПТАРДЫ ТЕҢГЕРІМДЕУШІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнайы мақсаттағы жылдам жүретін электр машиналардың айналу жиілігі 3000 - 10000 мин.-1 зәкірлері мен роторларын күрделі теңгерімдеу станоктарында динамикалық теңгерімдеу. Ірі көлемді айнымалы және тұрақты тоқты электр машиналарының құрастырылған мойынтіректеріндегі роторлар мен зәкірлерді динамикалық теңгерімдеу. Күрделі пішінді бөлшектер мен тораптарды статикалық және динамикалық теңгерімдеу. Теңгерімсіздіктің ауқымын айқындау бойынша есеп жүргізу, белгілеу, жүктің салмағын және оның бекітілетін жерін айқындау. Әртүрлі үлгілі теңгерімдеу станоктарын баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы; арнайы мақсаттағы жылдам жүретін электр машиналарына қойылатын техникалық талаптар; құрастырылған мойынтіректерді теңгерімдеудің ерекшелігі; әртүрлі үлгілі теңгерімдеу станоктарын баптау тәсілдері; теңгерімсіздіктің мәнін айқындау бойынша есеп жүргізу әдістемесі.

Жұмыс үлгілері

1. Автомобильдердің кардан және иінді біліктері - теңгерімдеу.

2. Диаметрі 800 мм дейінгі индукторлар - динамикалық теңгерімдеу.

3. Айналу жиілігі үлкен емес арнайы мақсаттағы электр машиналарының роторлары мен зәкірлері - динамикалық теңгерімдеу.

4. Қуаты 30000 кВт және одан да жоғары турбогенераторлардың роторлары стендте құрастырылған мойынтіректерде динамикалық теңгерімдеу.

5. Диаметрі 800 мм дейінгі электр машиналардың есу зәкірлері - динамикалық теңгерімдеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет