«Керқұла атты Кендебай» ертегісінің көркемдік ерекшелігі
Сабақ барысында жүзеге асырылатын оқу мақсаттары
(А/И3) Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар орындай алады: Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) таба алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу, түсіну, қолдану
Бағалау критерийі
-Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) таба алады.
-Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтайды.
Тілдік мақсат
Оқушылар орындай алады: Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтайды.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: кейіпкер, көркем шығарма, тілдік бейнелеу, суреттеу құралдары, теңеу, эпитет, ауыспалы мағыналы сөздер, қайталау.
Диалог құруға шығарма жазуға арналған тіркестер: кейіпкер, көркем шы-ғарма, тілдік бейнелеу, суреттеу құралдары, теңеу, эпитет, ауыспалы мағыналы сөздер, қайталау.
Талқылауға арналған сұрақтар:
-Әдеби шығарманы неліктен көркем шығарма деп атайды?
-Көркем шығармада сөздер ауыспалы мағынада бола ма?
-Неліктен автор шығармада көркем сөздерді қолданады?
-Төмендегі сөздердің мағынасын анықтаңдар:
Төбелері көкке жетіпті, алып жігіт, құралайды көзінен тигізген мерген, қарық болыпты да қалыпты, терең құз, арыстандай көкжал, арыстай еркек құлын, алты кез ат, аузымен құс тістеген өрен жүйрік, ардақтаған анаңда алса, төгілмей ме ырысың, асқар таудай әке, көзінің жасын кқл қылып, тұяқ қалдырмай, құстай ұшып, зор денелі адам, алтын құйрықты, құндыз жүнді арғымақ құлын, жеті басты дәу, жүз батпан шоқпар, арыстанның апандай аузы, алты құлаш алмас қылыш, мойындары ырғайдай, сирақтары шидей болып.
- Анықталған бейнелеу құралдарының мағынасына талдау жасайды Қалыптастырушы бағалау (Жазбаша: бейнелеу құралдарын дұрыс таптың, мағынасын дұрыс аша білдің, бейнелеу құралдарын түрін толық оқы, мағынасын әлі де аша түсу керек , т.б.).
2-тапсырма. Жеке жұмыс.