Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет50/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   108

Жұмыс үлгілері

1. Индикаторлар, пройма, сақинала, калибрлер, манометрлер және басқа да арнайы құралдар – тексеру, реттеу және аттестаттау.

2. Салмақ өлшеуіш аспаптар – тексеру, аттестаттау және таңбалау.

3. Приборы электр және радио өлшеуіш аспаптар мен 1 - 4 квалитеттер бойынша қысым және сұйылту аспаптары - тексеру, аттестаттау.

§ 37. ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫ МЕН АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 1 сыныпты үлгі, аналитикалық, вагондық және техникалық аспаптарды, күрделі өлшеу және кесу құралдарын, қалыптар мен құрылғыларды түпкілікті құрастыру және өңдеуден кейін 6-7 квалитеттер бойынша өлшемдерді сақтай отырып, тексеру, бөлшектеу, реттеу және сынау. Оларды тексергеннен кейін аттестаттау және таңбалау. 1,0-сыныпқа дейінгі арнайы электр және радио өлшеу аспаптары мен қысым және сұйылту аспаптарын қабылдау, тексеру, реттеу және сынау.

Білуге тиіс: салмақ өлшеуіш аспаптарын тексеру, бөлшектеу және реттеу ережесі, оларды аттестаттау және таңбалау тәртібі; электр және радио өлшеу аспаптары мен қысым және сұйылту аспаптарын тексеру үшін қолданылатын бақылау аспаптарының мақсаты, құрылысы және олармен жұмыс істеу тәртібі; барлық бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын тексеру әдістері.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Техникалық вагондық, аналитикалық және үлгі таразылар – тексеру және таңбалау.

2. Дәлдігі мен күрделілігі ерекше құралдар – тексеру және аттестаттау.

3. II разрядты, 0,05 сыныпты МВП-2,5типті мановакуумметрлер – тексеру және аттестаттау.

4. 1,0 сыныпты қысым және сұйылту аспаптарын - қабылдау, тексеру және аттестаттау.

5. ИЛ-13, УП4-1М, УИП-1, АНТ типті аспаптар - тексеру және аттестаттау. 6. Приборы типа М-109, МОР-60, ЛМ-1 - тексеру және аттестаттау.

7. Хронометрлер – тексеру, реттеу және аттестаттау..

8. ЭНО-1 типті электронды – сәулелі осциллографтар мен ВК7-4 типті аспаптар - тексеру және аттестаттау.

§ 38. ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫ МЕН АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі оптикалық аспаптарды, үйлестіру машиналарын, құрастыру және сынау стенділерін, жазықтық шаблондарды, әртүрлі бұрышта үш-төрт жазықтықтың әртүрлі бұрышында саңылау тесуге арналған күрделі кондукторларды, оларды 5 квалитет бойынша өлшемдерді сақтай отырып түпкілікті құрастыру және өңдеуден кейін тексеру. Жазықтықтарды 1-4 квалитеттер бойынша орналасқан дәл және күрделі лекалаларды тексеру. Аспаптарды эвольвентті, спиралі мен қадамын тексеру үшін баптау және оларды тексеруге байланысты есептерді орындау.

Білуге тиіс: күрделі оптикалық аспаптардың, үйлестіру машиналарының, құрастыру және сынау стенділерінің және т.б. конструкциясы; кеңістікті шаблондарды өлшеу әдістемесі, олардың конструкциясы мен жасау технологиясы; кеңістікте белгіленген өлшемдерді есептеу тәсілдері; эвольвентті, спираль мен қадамды тексеру үшін қажетті есептердің әдістемесі; төлқұжаттарды, қабылдау актілерін ресімдеу ережесі.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Арнайы күрделі құралдар - тексеру және аттестаттау.

2. Әмбебап микроскоптар, компараторлар, интерферометрлер - тексеру және аттестаттау.

3. Күрделі пішінді көп орынды нығыздауыш қалыптар – жасауды бақылау және баптау.

4. Оптикалық өлшеу аспаптары - тексеру және аттестаттау.

5. Кузовтық штамптар - жасауды бақылау және баптау.

§ 39. МАТЕРИАЛДАР, МЕТАЛДАР, ЖАРТЫЛАЙ ДАЙЫН ӨНІМДЕР МЕН БҰЙЫМДАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қаңылтыр болатты, сорттық илемді, шойынды, мысты, қалайыны және чушкадағы басқа да металдарды, жартылай дайын өнімдерді, дайындамаларды, құймаларды, әртүрлі соқпалар мен қалыптарды бақылау-өлшеу құралдарын, серіппелерді, химикаттарды, кооперация арқылы түсетін күрделі емес дайын тораптарды, қалыпталған, резина және басқа да бұйымдарды мемлекеттік стандартқа сәйкес қабылдау және жарамсыз ету. Бақылап қабылдау құжаттамасын ресімдеу. Өнімді дұрыс тасымалдау және орналастыруды бақылау.

Білуге тиіс: өндірісте қолданылатын материалдардың, жартылай дайын өнімдердің, химикаттар мен бұйымдардың мақсаты мен қасиеттері; қолданылатын материалдар мен бұйымдардың мемлекеттік стандарты мен оларға қойылатын техникалық шарттар; материалдар мен бұйымдарды қабылдау және жарамсыз ету; бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу ережесі; ақаулардың түрлері және қабылданатын өнімнің кемшілік белгілері; шектеу, қондырма жүйесі, квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері; өнімді сақтау ережесі.

§ 40. МАТЕРИАЛДАР, МЕТАЛДАР, ЖАРТЫЛАЙ ДАЙЫН ӨНІМДЕР МЕН БҰЙЫМДАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі шыңдауыштарды, ірі құймаларды, қарапайым электр және радио техникалық жабдықтарды, әмбебап құралдарды, химикаттарды, металл илемдер мен резина бұйымдарды бақылау, қабылдау және жарамсыз деп тану. Материалдардың даярлығын химиялық және механикалық лабороторияның талдаулары бойынша анықтау. Үлгілер мен ыдыстар жасау үшін тақтайлар мен қырлы бөренелердің өлшемдерін тексере отырып, кесілмелі және ағаш материалдарын қабылдау.

Білуге тиіс: қабылданатын материалдар мен бұйымдардың мемлекеттік стандарты және оларға қойылатын техникалық шарттар; өндірісте қолданылатын материалдардың, жартылай дайын өнімдердің, химикаттар мен бұйымдардың мақсаты мен қасиеттері; сапасын бақылау ережесі мен әдістері; кесілмелі материалдарың жіктемесі, мақсаты мен маркасы, арнайы бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының реттеу құрылымы және қолданылу ережесі; ағаштық шекті ақаулықтары.

§ 41. МАТЕРИАЛДАР, МЕТАЛДАР, ЖАРТЫЛАЙ ДАЙЫН ӨНІМДЕР МЕН БҰЙЫМДАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі электр және радио техникалық жабдықтарды, әртүрлі пішінді илемдерді, кооперация арқылы түсетін машиналар мен аппаратураларды, күрделі құймаларды, шыңдауыштарды, әртүрлі металдан жасалған қалыптар мен серіппелерді, әмбебап және арнайы құралдарды қолдана отырып жасаған күрделі бұйымдарды бақылау, қабылдау және жарамсыз деп тану. Сертификаттық деректердің немесе бақылау сынақтарының мемлекеттік стандартқа және техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру. Нормаға сәйкес келмейтін өнімдерден бас тарту актісін ресімдеу.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет