Білуге тиіс: қабылданатын құралдар мен жабдықтардың мемлекеттік стандарттары және оларға қойылатын техникалық шарттар; төлқұжат деректері; қолданылатын аппараттарды, аспаптарды, электр машиналарының қозғалтқыштары мен жабдықтарды техникалық бақылау және сынау әдістері; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу ережесі; сапасын сызбалар мен схемалар бойынша тексеру тәсілдері; орындалатын жұмыс көлемінде электротехника негіздері; жарамсыз деп тану актілері мен мемлекеттік стандартқа және техникалық шарттардан, сызбалар мен схемалардан ауытқушылықтары бар өнімдерді өндірушілерге ұсынуға арналған құжаттарды әзірлеу тәртібі.
§ 42. МАТЕРИАЛДАР, МЕТАЛДАР, ЖАРТЫЛАЙ ДАЙЫН ӨНІМДЕР МЕН БҰЙЫМДАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бірегей электр және радио техникалық жабдықтарды, турбо және гидрогенератор құрылысында қолданылатын күрделі құймалар мен шыңдауыштарды әмбебап және арнайы құралдарды қолдана отырып, бақылау, қабылдау және жарамсыз деп тану. Лабороториялық сынақтарға қатысу.
Білуге тиіс: қабылданатын жабдықтардың мемлекеттік стандарттары және оларға қойылатын техникалық шарттар; қолданылатын электр жабдықтарды, аппараттарды, аспаптар мен құрылғыларды техникалық бақылау және сынау әдістері; сапасын күрделі монтаждау схемасы бойынша монтаждау тәсілдері; металтану негіздері; химиялық, металлографиялық талдау және механикалық сынау нәтижелері.
§ 43. ЭЛЕКТРОМОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫН БАҚЫЛАУШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым тораптар мен агрегаттарды құрастырғаннан немесе орнына орналастырғаннан кейін оларды сызбалар, схемалар мен техникалық шарттар бойынша бақылау және қабылдау. Қабылданған немесе жарамсыз деп танылған өнімге құжаттама ресімдеу.
Білуге тиіс: агрегаттар мен тораптар қабылдау мен сынаудың мемлекеттік стандарттары және оларға қойылатын техникалық шарттар; электромонтаждау жұмыстары мен тораптарды жасау технологиясының негіздері; қабылданатын нысандардың мақсаты; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты және қолдану ережесі; электротехника негіздері; әртүрлі қималы электр сымдардың маркалары; батарея аккумуляторларын зарядтау ережесі; ақаулықтардың жіктемесі.
Жұмыс үлгілері
1. Аккумуляторлық батарея - электролитті құюды, оның тығыздығын бақылау және жүктеу ашасымен зарядтау.
2. Электроаппаратураға арналған қарапайым ширатпалар – сапасын бақылау.
5. Ротор, статор, тороид, электр машиналардың қақпағы өзекшесінің жиынтықтары – іріктеу, дайындау және оқшаулау операцияларын бақылау.
6. Дірілмен массаждау аспабы – құрастыруды және электр монтаждауды бақылау.
7. Тұрмыстық электр аспаптары – құрастыруды бақылау және сынау.
8. Реле - құрастыруды бақылау.
9. Контактілі термобулар - құрастыруды бақылау.
10. Шиналар – дайындаудан кейін бақылау.
11. Электр вулканизаторлар – құрастыру мен монтаждауды бақылау.
12. Әртүрлі тұрмыстық электр аспаптар - құрастыру мен монтаждауды бақылау.
§ 44. ЭЛЕКТРОМОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫН БАҚЫЛАУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электромонтаждау операцияларынан кейін күрделілігі орташа тораптарды, конструкциялар мен жұмыс механизмдерін бақылау және қабылдау. Электромонтаждау операцияларынан кейін күрделілігі орташа тораптарды, конструкциялар мен жұмыс механизмдерін түпкілікті қабылдау. Қарапайым электр жабдықтарын машинада монтаждауды түпкілікті қабылдау. Электр жабдығының жекелеген агрегаттарын стенділерде қажетті бақылау-өлшеу аспаптарын қолдана отырып тексеру және сынау. Ақаулықтардың пайда болу себептерін жою және оларды уақтылы жою. Сынау журналын жүргізу.
Білуге тиіс: күрделілігі орташа тораптарды қабылдауға және өндіруге қойылатын техникалық шарттар; орындалатын жұмыс көлемінде электротехника негіздері; электр машиналары мен радио құрылғыларының негізгі пайдаланушылық сапасы; аккумулятолық батареялардың құрылысы; қарапайым электр машиналарын, электр аппараттары мен радио жабдықтарын құрастыру және монтаждаудың технологиялық процестері; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты және қолдану ережесі; электр жабдықтары ақаулықтары мен монтажының негізгі түрлері және олардың алдын алу.
Жұмыс үлгілері
1. Жылжымалы рентген аппараты – құрастыруды және реттеуді бақылау.
2. Дәнекерлеу аппараты - монтаж бен құрылғыны бақылау.
3. Май турбосорғылардың сөндіргіштері – саңылауларын тексеру.
4. Электр вагондардың калориферлері – орнатуды және монтаждауды бақылау.
Жұмыс сипаттамасы. Электромонтаждау операцияларынан кейін конструкциялар мен жұмыс механизмдерінің күрделі тораптарын бақылау және қабылдау. Күрделілігі орташа электр жабдықтарын түпкілікті қабылдау. Электр монтаждау кезіндегі ақаулықтардың себептерін анықтау және оларды жою бойынша уақтылы шараларды қабылдау. Белгіленген құжаттаманы ресімдеу.
Білуге тиіс: күрделілігі орташа электр жабдықтарды құрастыруға, сынауға және монтаждауға қойылатын техникалық шарттар; орындалатын жұмыс көлемінде электротехника және радиотехника заңдары; қуаты аз электр машиналарының құрылысы; бақылау-өлшеу аспаптары мен аппаратурасының құрылысы, мақсаты және қолдану ережесі; тораптарды, агрегаттар мен құрылғыларды, электр жабдықтарының құрылғыларын құрастыру кезіндегі және оларды машинада монтаждау кезіндегі ақаулықтардың түрлері.