Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет54/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   108

Білуге тиіс: медициналық қызметте қолданылатын әртүрлі жабдықтардың, құрылғылардың, бақылау-өлшеу аппаратурасы мен құралдарының құрылысы; қыздыру аппаратурасының құрылысы мен пайдалану ережесі; күрделі медициналық жұмыстардың технологиялық жүйелілігі; күрделі бөлшектерді жасау, құрастыру және монтаждау тәсілдері мен жолдары; жұмсау нормасы, күрделі дәнекерлердің рецептурасы және оларды дайындау тәсілдері; әртүрлі сынақтарды жүргізу ережесі; тораптар мен механизмдерді құрастыру, сынау және пайдалануға қойылатын техникалық шарттар.

Жұмыс үлгілері

1. Құбырлы тоңазытқыштардың батареясы – құбырларды тоға дәнекерлеу.

2. Гидравликалық, жанармай жүйесінің әртүрлі пішінді бактары, аспалы бактар, алюминий және магний балқымаларынан және тоттанбайтын болаттан жасалған күшейткіштер – құрылғыларда және кеспелтектер бойынша құрастыру, дәнекерлеуден кейін түзету, ақаулықтарын түзету және сынауға тапсыру.

3. Ауаны бөлу блоктары - блок ішілік коммуникацияларға арналған құбырды ию.

4. Диаметрі 200 мм дейінгі мойынтіректер – қалайылау және түсті металдармен құю.

5. Пішіні бойынша әртүрлі қаптамалар - жасау және орнына қиыстыра отырып орнату.

6. Мыс үрмелі құралдардың қаттылық сақинасы – жабу.

7. Күрделі пішінді оттегі құрылғыларының конденсаторлары - жасау.

8. Қақпақтар, түптер және диаметрі 300 мм дейінгі бортшайбалар - жасау.

9. Қақпақтар мен түптер - сфераны қағу.

10. Аралықтар мен компенсаторлар - жасау.

11. Қол жуғыштарға арналған мыстан жасалған раковиналар - жасау.

12. Күрделі пішінді жылу алмастырғыштар (зәкірлік және этилендіден басқасы) - жасау.

13. Латун құбырлар - дәнекерлеу латун штуцерлер мен конустарды дәнекерлеу.

14. Пішіні әртүрлі су және ауа тоңазытқыштар - жасау әне орны бойынша қиыстыру.

15. Құбырларды июге арналған шаблондар - жасау.

16. Диаметрі 500 мм дейінгі шарлар - жасау.

§ 51. МЫСТАУШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Барлық қолданылуы мүмкін жабдықтарды, құрылғылар мен құралдарды қолдана отырып, күрделі медициналық жұмыстарды орындау. Диаметрі 100 мм астам құбырларды ию. Түйіскен тораптарының саны көп және арматурасын орната отырып, өнімділігі әртүрлі оттегі, сутегі және гелий құрылғыларының бөлшектерін, тораптар мен бұйымдарын жасау. 2,5 МПа (25 кгс/кв. см) астам қысыммен және вакуум ішінде жұмыс істейтін жіктерді баяу балқитын дәнекерлермен дәнекерлеу. Күрделі жылу алмастырғыштар, конденсаторлар, ректификациялық сутекті-гелий сұйылтқышты коллоналарын жасау және монтаждау. Бөлу оттегі аппараттарын монтаждау. Қисық сызықты фигуралардың күрделі бұрмаларын белгілеу және жазу. Үлкен көлемді сфералық, фигуралық бұйымдарды қолмен сферасы терең тесілген, шығыңқы және ішке майысқан жерлері түйіскен шаблондар ыстық және суық күйінде бойынша. Күрделі бөлшектерді бақылау және өндіруге арналған шаблондарды жасау. Ыдыстар мен арматураларды гидравликалық және пневматикалық сынау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың конструктивтік құрылысы; қызмет көрсетілетін жабдықтардың, құрылғылардың, бақылау-өлшеу аппаратурасы мен медициналық қызметте қолданылатын құралдардың құрылысы; күрделі қыздыру аппаратурасының құрылысы; күрделі бұйымдарды жасау, құрастыру және монтаждау тәсілдері мен ережесі; геометриялық фигуралардың күрделі бұрауларын жазу және құру ережесі және оларды есептеу; қолданылатын металдардың механикалық қасиеттері; күрделі тораптар мен құрылғыларды жоғары қысыммен құрастыру, сынауға қойылатын техникалық шарттар.

Жұмыс үлгілері

1. Автоклавтар - жасау.

2. Бөлуші оттекті аппараттар - жасау.

3. ауаны бөлу блогы – камераны қайта дәнекерлеу.

4. Вакуум - аппараттар - жасау.

5. Шар вентильдер - жасау.

6. Ауа жинағыштар - бөлшектерді тесу және түзету арқылы толық жасау, құрастыру және орнына қиыстырып келтіру.

7. Буландырғыштар – жөндеу, гидравликалық сынау.

8. Ректификациялық коллоналар – тарелкаларды құрастыру және дәнекерлеу.

9. Лабораториялық қазандықтар - жасау.

10. Сынау конструкцияларының шығаратын келтеқұбырлары – орнына қиыстырып келтіре отырып, кеспелтектер бойынша тесу.

11. Әртүрлі маркалы іштен жану қозғалтқыштарының радиаторлары - жасау және күрделі жөндеу.

12. «Құбыр ішіндегі құбыр» типті құбырлардың торабы - жасау.

13. Домна пештерінің фурмалары - жасау.

14. Диаметрі 500 мм астам шарлар - жасау.

§ 52. МЫСТАУШЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі медициналық жұмыстарды орындау. Күрделі сынақ тораптарын, индикаторлар, оптикалық бұрыш өлшеуіш, координаттық микроскоптар және басқа да дәлме-дәл бақылау-өлшеу аспаптары бойынша тексерілетін, шектеулерді, ос бірлігін, параллельділікті сақтай отырып, дәнекерлеу мен қалайылауды пайдалана отырып, ені әртүрлі материалдардан жасалған бөлшектер мен профильдері көп түйіскен бұйымдарды құрастыру. әртүрлі типті оттегі, аргон, криптон және гелий құрылғыларының технологиялық схемалары бойынша монтаждау. іске қосу және баптау жұмыстарын оларды қалыпты нормаға дейін және оттегі, азот және сирек наздар бойынша жобалық өнімділікті алуға дейін жеткізе отырып орындау.

Білуге тиіс: медициналық қызметте қолданылатын әртүрлі типті жабдықтардың, құрылғылардың, бақылау аппаратурасы мен құралдардың конструкциясы; күрделі бұйымдар мен құрылғыларды сынау тәсілдері; мыстан күрделі бұйымдарды қолмен тесу, итеріп шығару және қалыптау; күрделі тораптар мен механизмдерге қойылатын техникалық шарттар.

Жұмыс үлгілері

1. Ауа мен кокс газын бөлу агрегаты - жасау және күрделі жөндеу, сынау және пайдалануға тапсыру.

2. Күрделілігі әртүрлі аппараттар – гидравликалық және пневматикалық сынау және оларды технологиялық өнімділікке дейін жетілдіру.

3. Оттегі бөлі аппараты – сынақ үлгілерін жасау.

4. Ауаны бөлу блогы – кешенді сынаумен монтаждау.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет