5. Латунь немесе мыстан жасалған колонналарға арналған секторлардан болған диаметрі 3000 мм түптер - жасау.
6. Алюминий балқымалардан жасалған қанаттың, тіреудің, ер-тоқым тәрізді қалыпты форкильдің маңдай зализалар – орны немесе макеті бойынша қиыстырып келтірілген кеспелтектер бойынша тесу.
7. Конденсаторлар мен ректификациялық колонналар - жасау.
8. Оттегі құрылғыларына арналған регенераторлар - жасау.
9. Ауа мен кокс газын бөлу агрегаттарының зәкірлі, этилен жылу алмастырғыштары - жасау және күрделі жөндеу.
§ 53. БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫ МЕН АВТОМАТИКАНЫ БАПТАУШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым электронды жылу техникалық аспаптарды, автомат газоанализаторларды, бақылау-өлшеу, электромагнит, электродинамикалық, есептеу-талдау механизмдерін бөлшектері мен тораптарын қиыстырып және жетілдіре отырып баптау. Контактілі-релелік, ионды, электромагнит және жартылай өткізгіш электр жетектерінің басқару схемаларын баптау. Элементтер мен қарапайым электронды блоктарды олардың сипаттамаларын ала отырып баптау, сынау және тапсыру. Қарапайым және күрделілігі орташа схемаларды жасау және макеттеу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы, жұмыс қағидаты және баптау ережесі; пайдаланудың техникалық шарттары; сынау кезінде сипаттамаларын алу ережесі; радиошамдардың, триодтардың, жартылай өткізгіш диодтардың, транзисторлардың құрылысы мен жұмыс қағидаты және олардың негізгі сипаттамалары; электронды есептеу машиналарын элементтері мен қарапайым блоктарын электр және механикалық реттеу әдіс-тәсілдері, күшейтуді генераторлау қағидаты; радиотолқындарды қабылдау ережесі және күрделілігі орташа станцияларды баптау ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының (осциллограф, стандарт - генератор, катод вольтметр және т.б.) мақсаты және қолданылуы; өлшемдерді есептеу ережесі және олар бойынша кесе түзу; орындалатын жұмыс көлемінде электротехника, электроника және радиотехника негіздері.
Жұмыс үлгілері
1. Газ шаруашылығындағы автоматика - баптау.
2. Қоректендіру автоматтары, контакторлар, ұштық сөндіргіштер, қорғаныш және блоктау элементтері – қызмет етуін тексеру.
3. Химиялық-термиялық және электр вакуум жабдықтарының блоктары, тораптары мен аспаптары – реттеу.
4. Шам генераторлары – экран кернеуін таңдай отырып, градуирленген жиілікті қисық сызықтарды ала отырып және қуатын өлшей отырып баптау.
5. Шлейф осциллографтары – орташа жөндеу және баптау.
6. Электр түрлендіргіштер – схемасын құрастыру, баптау және ақаулықтарды жою.
7. Есептеп шығарушы аспаптар – тораптарын реттеу.
8. Төрт-алты каскадты күрделі емес қабылдағыштар - жиілік сипаттамасын ала отырып баптау.
9. Сельсиндер – техникалық шарттар мен нұсқаулықтарға сәйкес станция схемасында реттеу және сәйкестендіру.
10. Барлық типті ілмекті және реттеу құрылғыларының металл кесетін станоктары, электр жетектері – автоматика схемасын күрделі емес баптау.
11. Өнеркәсіптік газ құрылғылары (оттегі, сутегі және ацетилен станциялары) - аппаратураны, автоматика мен схемаларды баптау.
12. Электр тізбектер – тоқ пен кернеуді осциллографтау.
§ 54. БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫ МЕН АВТОМАТИКАНЫ БАПТАУШЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жинақтау механизмі бар және көрсеткіштерді қашықтықтан жеткізетін күрделілігі орташа, автоматты түрде реттелетін аспаптар мен құрылғыларды баптау. Күрделілігі орташа блоктар мен электронды есептеуіш және басқарушы машиналардың қоректендіргіш жүйесін, аспаптарды және ақпаратты өлшеу жүйелерін баптау, сынау және тапсыру. Реттелетін аппаратураның электр өлшемдерін барлық қолданылуы мүмкін бақылау өлшеу аспаптарын қолдана отырып тексеру. Күрделі механизмдерді, аспаптар мен жүйелерді реттеу және сынау үшін үлгі сызбаларды жасау.
Білуге тиіс: жекелеген құрылғылардың аспаптар мен блоктардың жұмыс режимін белгілеу қағидаты; күрделілігі орташа блоктарды және тұрақтандырылған қоректендіру көздерін реттеу қағидаты; телемеханика жүйесіндегі код қою және кодты алу қағидаттары; сандық қадағалаушы жүйені баптау техникасы; радиотехникалық жүйелер мен аспаптардың күрделі механизмдерінің құрылысы, мақсаты және жұмыс қағидаты; күрделі құрылғыларды электр, механикалық және кешенді баптау әдіс-тәсілдері және баптаудың технологиялық жүйелілігі; күрделі сызбалардың элементтерін өңдей отырып, оларды макеттеу; механика негіздері.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
Жұмыс үлгілері
1. Жабдықтау, қысым және температура автоматикасы – баптау және тексеру.
2. Радиостанциялардың зауытішілік диспетчерлік байланыс және сөйлесі құрылғыларының аппаратурасы – баптау және реттеу.
3. Өнеркәсіптік телевидение аппаратурасы, электронды ойма жасайтын станоктар – баптау.
4. Контактісіз және реле жүйелердің телебасқару аппаратурасы – баптау және реттеу.
5. Өнеркәсіптік ультрадыбыстық аппаратура және медициналық аппаратураның, фототелеграфтың дефектоскопиясы - баптау.
6. Жартылай өткізгіш аспаптардағы блоктар – баптау.
7. Күрделі химиялық-термиялық және электр вакуум жабдықтарының блоктары, тораптары – реттеу.
8. Электронды басқару жүйесі бар діріл стенділері – баптау, тексеру.
9. Реле қорғаныш – баптау.
10. Машиналар, өздігінен жазатын автомат, электр және электронды аспаптар – баптау және тексеру.
11. Автоматтандырылған кір жуғыш машиналар – бағдарламалық құрылғыларды жөндеу және баптау.
13. Оттегі және пирометриялық аспаптар – баптау және тексеру.
14. Түзетуші және бағдарламалық құрылғылардың аспаптары – баптау.
15. Радиоблоктар – қоректендіргіш құрылғысы бар схемада блокты электр желіге қосу, жоғары жиілікті бөлігінің толқындарының ұзындығын баптау, тұрақты тоғы бойынша режимді алу, радиожиілігінің күшейткіштерін тексеру.