Металтану сөз тіркесінің орысша-қазақша сөздігі



бет1/9
Дата15.09.2017
өлшемі0,81 Mb.
#33954
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Е.Б. СҮЛЕЙМЕН

МЕТАЛТАНУ СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ

ОРЫСША-ҚАЗАҚША СӨЗДІГІ



РУССКО-КАЗАХСКИЙ СЛОВАРЬ СЛОВОСОЧЕТАНИЙ ПО МЕТАЛЛОВЕДЕНИЮ

Павлодар


УДК 669.017 (038)

ББК 34.2я2


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесі басылымға ұсынған

Пікірсарапшылар: техника ғылымдарының докторы, профессор А.Т. Қанаев, техника ғылымдарының кандидаты, доцент М.М. Сүйіндіков

Сүлеймен Е.Б.

Металтану сөз тіркесінің орысша-қазақша сөздігі. Түзетіліп және толықтырылып екінші рет басылуы. – Павлодар: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми баспа орталығы, 2005 –35 б.
Сөздік «Металтану» саласының 1000-ға тарта аталымдары мен сөз тіркестерін қамтиды. Сөздік жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары, аспиранттары және оқытушыларына арналған.

Сүлеймен Е.Б. 2005

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2005


Кіріспе

Жоғары оқу орындарында техникалық және т.б. мамандықтағы студенттерді қазақша оқыту басталғалы тіл мамандары мен ғалым-оқытушылар әр сала бойынша сөздік жасауға ат салысуда. Орысша-қазақша сөздіктердің шығу себебі біріншіден өмір талабы болса, екіншіден еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қазақ тілі қолдану аясының кеңеюі. Нәтижесінде орысша-қазақша аталымдар сөздіктері молаюда. 2000 – жылы Республикалық мемлекеттік «Рауан» баспасынан, ғылым мен техниканың 30 саласына арналған, қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер жарық көрді.

Өз мамандығы мен қазақ тілін ойдағыдай дәрежеде меңгерген жас маман даярлау жолында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті де өз үлесін қосуда. 2002 – жылдан бастап университет ғылыми баспа орталығынан, ғылым мен техниканың отыздан астам саласына арналған, орысша-қазақша түсіндірме сөздіктер шықты.

Материалтану аталымдары жоғарыда аталған сөздіктердің мәшине жасау және металлургия салаларына еніпті. Жеке сөздік болмаған соң материалтану аталымдары көлемі жағынан қанағаттанарлықтай болып көрінбеді. Осы олқылықтың орнын аздап болса да толтыру мақсатымен, бұрын жарық көрген материалтану сөз тізбектерінің орысша-қазақша сөздігін [1] түзетіп, әрі толықтырып екінші рет баспаға ұсынуды жөн көрдік.

Аталмыш сөздіктің материалтану сөз тізбектерінің орысша-қазақша сөздігі болып шығуының да өзіндік мәні болатын. «Материалтану» пәнінің қазақша оқулығы жоқ кезде, орысша оқулықтарды пайдалану үшін, студентке алдымен сөз тізбектер сөздігі құндырақ деген ой болды. Содан бері 10 жылдан астам уақыт өткенмен, «Материалтану» пәнінің қазақша оқулығы, студенттер үшін әлі де шешіле қоймаған өзекті бір мәселе болып қалып тұр. Сондықтан «Металтану» сөз тіркестерінің орысша-қазақша сөздігі болуы болашақ жас мамандарды даярлауда өз маңызын жоя қойған жоқ.

Бүгінгі күні орыс тілінде қолданыс тапқан аталымдардан қазақша аталым жасау қағидалары белгілі болғанмен, жарық көрген сөздіктердегі аталымдардың кейбір нұсқасы, осы саланың мамандарын қанағаттандырады деп айту қиын. Себебі аталымдарды түгелдей дерлік қазақша атауға тырысушылық байқалады [2-5]. Бұның қазақ тілінің тазалығын сақтаудан шығып тұрғаны түсінікті. Бірақ латын, грек және т.б. тілдердегі халықаралық сөзге айналып кеткен аталымдардың [6,7] ойдағыдай қазақша баламасын таппай тұрып, аудара салғанымыз жөн бола қоймас деп, сөздікте осы жағына көңіл бөлінді.

Сөздікте аталымдар мен сөз тіркестер алфавит бойынша жазылып, кейбір шетел тілі (грек, латын, ағылшын, француз, неміс және т.б.) сөздерінің этимологиясы тік жақшада көрсетілген. Егер басты сөз бен этимон бірдей болса, соңғысы аудармасыз берілген, ал кейбір этимон мен оның бөліктерінің аудармасы көрсетілген.

Латын және грек сөздері этимонының атау септігіндегі негізі түсініксіздеу болса, сөз негізін ашу үшін ілік септігіндегі түрі дөнгелек жақшада жазылған.

Кейбір күрделі сөздердің этимологиялық анықтамасында этимон құраушылары түгел жазылып көрсетілген, ал этимонның бір құраушысы алдынғы бір сөзде көрсетілген болса, онда соңғысында жазылмаған. Кейбір этимологиялық анықтамада сөздің қай тілден шыққаны ғана көрсетілген.

Кісі немесе жер атынан шыққан сөздерде фамилия немесе атау көрсетілген. Мынадай белгі (<) сөз осы тілдің мына сөзінен немесе негізінде алынған деген мағына береді.

Сөздіктегі қысқартылған сөздер мағынасы мынадай:

англ. – ағылшын тілі;

гр. – көне грек тілі;

лат. – латын тілі;

малайск. – малай тілі;

нем. – неміс тілі;

польск. – поляк тілі;

фр. – француз тілі;



шв. – швед тілі.

Металтану сөздігі




А





Абсолютная [лат. аbsolutus] температура

- абсолюттік температура

Автоматизация [фр. аutomate, <гр. automatos самодействующий] процесса

- үрдісті автоматтандыру

Агрессивная [фр. аgressif < лат.] среда

- агрессивті орта

Адсорбция [лат. аd на, к + sorbere поглощать, всасывать] атомов

- атомдар адсорбциясы

Азот [фр. аzotе < гр. а не + zoos живой]

- азот

Азотирование

- азоттандыру

Азотирование стали

- болатты азоттандыру

Азотированный слой

- азоттандырылған қабат

Активный [лат. асtivus] газ [фр. gaz <гр. chaos хаос ]

- активті газ

Алитирование [<нем. аlitieren] стали

- болатты алюминийлендіру (алитирлеу)

Аллотропия [<гр.allos другой, иной + гр. tropos поворот, свойство] элемента

- элемент аллотроптігі

Аллотропическая модификация [лат.modificatio]

- аллотроптік модификация

Аллотропическое превращение

- аллотроптік түрленіс

Алюминий [фр. aluminium < alumine глинозем < лат. alumen (aluminis) квасцы]

- алюминий

Алюминиевая бронза

- алюминийлі қола

Алюминиевый сплав

- алюминий қорытпасы

Аморфное [гр. аmorphos] тело

- аморфты дене

Аморфный сплав

- аморфты қорытпа

Анизотропия [гр. аnisos неравный + tropos свойство] свойства

- қасиет анизотроптігі

Арматура [<лат. аrmatura вооружение, снаряжение] стальная

- болат арматура

Атомарное состояние

- атомдық күй

Атомная плоскость

- атомдық жазықтық

Атомно-кристаллическая

структура



- атом-кристалды құрылым

Атомный радиус решетки

- тордың атомдық радиусы

Атмосфера [ гр. atmos пар +гр. sphaira шар] Коттрелла

- Коттрелл атмосферасы

Атмосферная коррозия [<лат. сorrosio разъедание]

- атмосфералық коррозия

Атом [< гр. atomos неделимый]

- атом

Аустенит переохлажденный

- аса суытылған аустенит

Аустенитное превращение

- аустениттік түрленіс

Аустенитная структура

- аустенитті құрылым

Аустенитная фаза

- аустенитті фаза





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет