Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Грануляторлар – футерлеу және борттарды ауыстыру



бет98/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   108

9. Грануляторлар – футерлеу және борттарды ауыстыру.

10. Уатқыштар – бұзылған бөлшектерді ауыстырып және қиыстырып жөндеу, уату ірілігін реттеу.

11. Үтіктеуге арналған әмбебап және ротациялық каландрлар, сығымдағыштар – жөндеу және баптау.

12. Қышқыл сығатын компрессорлар – ағымдағы және орташа жөндеу.

13. Шпиндель конустары – ысқылау әдісімен тексеру және қалпына келтіру.

14. Металл өңдеу станоктарының жылдамдығы мен жіберу қораптары – құрастыру және реттеу.

15. Бу және су жылытқыш қазандықтар – жөндеу.

16. бұрғылау машиналары – монтаждау және орнату.

17. Қысыммен құюға арналған машиналар – жөндеу.

18. Мартен пештерінің үйінділеу машиналары – тік осі және деңгейі бойынша колонналарды тексеру, тартатын механизмді және тұмсығының бұрылуын жөндеу.

19. Иіру машиналары – күрделі жөндеу және реттеу.

20. Тігу машиналары – ағымдағы және күрделі жөндеу.

21. Диірмендер, елегіштер, кептіру барабандары – орташа жөндеу.

22. Тереңдік және штангілі сорғылар – жөндеу және құрастыру.

23. Конверторлар мойындарын тозаңдатқыштар – монтаждан алу, монтажда.

24. Мазут жабдықтар – жөндеу.

25. Өсімдік майларын өндіруге арналған дайындау цех (учаскелер) жабдықтары мен май өңдеу өндірісінің аппараттары – құрастыру, реттеу және сынау.

26. Пневмосорғылар, түтін сорғылар, эксгаустерлер – жөндеу.

27. Жауапты мойынтіркетер – баббит құю және қырып тегістеу.

28. Айналып тұратын пештердің, бу диірмендерінің, конвейерлердің, пластиналық транспортерлердің, қоректендіргіштердің редукторлары – жөндеу.

29. Конвертерлер мен ватержакеттердің ауа жүйелері – реттеу, күрделі жөндеу.

30. Араластырғыштар мен сульфураторлар – біліктер мен муфтыларды ауыстыру.

31. Ағаш өңдейтін және металл кесетін станоктар – күрделі жөндеу, реттеу.

32. Тоқу станоктары – күрделі жөндеу және қайрайтын механизмдерді баптау.

33. Секциялық және шпиндельді құбыр бұрғылағыштар – жөндеу, құрастыру, реттеу, сынау.

34. Чушкоқалағыштар – бөлшектерін ауыстыра отырып жөндеу.

§ 156. СЛЕСАРЬ - ЖӨНДЕУШІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, монтаждау, монтаждан алу, сынау, реттеу, баптау және жөндеуден кейін тапсыру. 6-7 квалитеттер бойынша бөлшектерді және тораптарды слесарлық өңдеу. Кернеулі және тығыздағыш отырғызу жағдайында тораптар мен жабдықтарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру.

Білуге тиіс: жөнделетін жабдықтардың, агрегаттар мен машиналардың конструкциялық ерекшеліктері; жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, құрастыру және сынау, реттеудің және жабдықтарды орнатудың дұрыстығының техникалық шарттары; жабдықтарды жөндеу, құрастыру және монтаждаудың технологиялық процесі, машиналардың жабдықтарын статикалық және динамикалық теңгерілуін сынау ережесі; күрделі белгілеу кезіндегі геометриялық құрылымдар; тозған бөлшектерді қалпына келтіру және төзімдету және қорғау қабатын жағу тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Токарлық-револьверлі автоматтар, көп шпиндельді, көшірмелі, координатты-қайрайтын, тіс қырнайтын және білік токарлық станоктар – орташа жөндеу, монтаждау, реттеу, дәлдігін тексеру, іске қосу және пайдалануға тапсыру.

2. Жоғары қысымдағы агрегаттар (синтез бағаналары), сепараторлар, буландырғыштар, су конденсаторлары, тоңазытқыштар – ағымдағы және орташа жөндеу.

3. Оттекті мен мартен пештерінің аргонды аппаратурасы – жөндеу, қызмет көрсету.

4. Брагоайдаушы және брагоректификациялық аппараттар – күрделі жөндеу.

5. Жоғары қысымдағы аппараттар, газ құбырлар – ревизия, жөндеу және сынау.

6. Күрделі кинопроекциялық аппараттар мен шығаратын машиналар – орташа жөндеу.

7. Газ үрлегіштер – күрделі жөндеу және сынау.

8. Кептіретін-үтіктейтін вакуумды катоктар – жөндеу және баптау.

9. Оттекті – ағызатын компрессорлар – күрделі жөндеу.

10. Токарлық жартылай автоматтардың жылдамдық қораптары – шлицті біліктерді өзара қиыстырып құрастыру және қайта қосу.

11. Жүк көтергіш машиналар – кран асты жолдарды жөндеу, реттеу және нивелирлеу.

12. Хаттарды сұрыптауға арналған машиналар – жөндеу.

13. Мартен пештерінің үйінділеу машиналары – шахтаны ауыстыра отырып толықтай жөндеу, механизмдердің барлығын реттеу.

14. Тиейтін машиналар – жылжыту және бұру механизмін ревизиялау, бөлшектеу, құрастыру, тексеру және бөлшектерді ауыстыру.

15. Автоматтандырылған жуу машиналары – жөндеу және баптау.

16. Диірмендер, елегіштер, кептіру барабандар – күрделі жөндеу, сынау, реттеу және тапсыру.

17. Металл өңдейтін станоктардың гидравликалық жіберу механизмдері – жөндеу және реттеу.

18. Станоктардың гидроқұбырлардың механизмдері – жөндеу, құрастыру, реттеу.

19. Вакуумды және форвакуумды сорғылар – күрделі жөндеу.

20. Домна пештер – еңіс көпірді орнату.

21. Реакторлары – жөндеу.

22. Айналып тұратын пештердің кран редукторлары мен илемді стандардың дифференциалды редукторлар – ревизия, жөндеу.

23. 20 бірлікке дейінгі күрделі жөндеу санатындағы бағдарламалы басқару роботтары мен манипуляторлары – күрделі жөндеу, реттеу.

24. Терең бұрғылайтын бұрғылық станоктар – жөндеу.

25. Күрделі қиғаш сызықпен жіберетін тісімен тегістейтін, тісімен уататын, тісімен сүргілейтін станоктар – дәлдігін тексеру.

26. Бағдарламалық басқарылатын станоктар – қаттылығын тексеру.

27. Дәл құятын көлемді, редукторлы, реактивті-турбиналық, тез қататын құбыр бұрғылар – жөндеу, құрастыру, орнату, реттеу, сынау.

28. Вакуум – булайтын құрылғылар – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

29. Цилиндрлер, түбірлі және шатунды мойынтіркетер – дөңгелетіп тегістегеннен кейін тексеру және барлық бірікпелерді түпкілікті бекіту.

30. Экономайзерлер, бу қыздырғыштар, компрессорлық және ауа үрлегіш құрылғылар – күрделі жөндеу, сынаудан кейін тапсыру.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет