7. Май салқындатқыштар – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.
8. Поршенді сорғылар – жөндеу, орнату.
9. Жабдықтар – қышқыл және сілті ортаны бейтараптандыру.
10. Қоршаулар – шешу және орнату.
11. Төсемдер – жасау.
12. Галтті барабандардың редукторлары – бөлшектеу, жөндеу және құрастыру.
13. Металл торлар – ауыстыру, жасау, жөндеу.
14. Зімпара қайрақтар мен олардың шаңсорғыштары – жөндеу, құрастыру, ауыстыру және абразивтік шеңберді түзету.
15. Шпонкалар – егеулеу.
16. Арқау машиналарының шпулярниктері – машинаны жөндеу және орнату.
§ 154. СЛЕСАРЬ - ЖӨНДЕУШІ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жабдықтардың, агрегаттар мен машиналардың орташа күрделіктегі тораптары мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және сынау. Жоғарырақ білікті слесарьдың басшылығымен орташа күрделіктегі, сондай-ақ күрделі жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу. 11-12 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу. Футерленген жабдықтар мен қорғау материалдары мен ферросилициядан дайындалған жабдықтарды жөндеу. Фаолитті және керамикалық аппаратура мен коммуникацияларды бөлшектеу, құрастыру және тығыздау. Жөндеу және құрастыруға арналған орташа күрделіктегі айлабұйымдар жасау. Жерден басқарылатын жай жүк көтеретін құралдар мен механизмдер арқылы жүктерді жылжыту кезінде такелажды жұмыстарды орындау.
Білуге тиіс: жөнделетін жабдықтардың құрылысы; негізгі тораптар мен механизмдердің қызметі және өзара іс-әрекеті; жабдықтардың, агрегаттар мен машиналарды бөлшектеудің, жөндеу және құрастырудың технологиялық кезектілігі; тораптар мен механизмдерді сынау, реттеу және қабылдаудың техникалық шарттары, өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері, әмбебап айлабұйымдар мен қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; шектеулер мен отырғызу жүйесі; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері; жүкті ілмектеу, көтеру, жылжыту ережесі, жерден басқарылатын жүк көтеретін құралдар мен механизмдерді пайдалану ережесі.
Жұмыс үлгілері
1. Орташа күрделіктегі құрылғыларда жоғары вакуумды вакуум агрегаттар – жөндеу.
2. Барлық диаметрдегі бұрамалар – клапандарды ысқылау.
3. Желдеткіштер – жөндеу және орнату.
4. Жапсырмалар – параллельдер бойынша қиыстыру және егеулеу.
5. Газ құбырлар – соратын жерлерін диабазды майлама және мұнай битуммен тығыздау.
6. Шойын құюға арналған науалар – ауыстыру.
7. Күрделі қаптар мен рамалар – жасау.
8. Металл конвейерлер – роликтерді ауыстыру.
9. Орташа күрделіктегі металл өңдеу станоктарындағы жылдамдық және жіберу қораптары – құрастыру және реттеу.
19. Газ электр кескіштер – электродты орталықтан тебетін ұштамаларын ауыстыру.
20. Елек және пышақ – шешу, орнату және реттеу.
21. Ағаш өңдейтін станоктар – ағымдағы жөндеу.
22. Тоқу станоктары – төменгі біліктер мен қысқыштарды ауыстыру.
23. Токарлық станоктар – ұзына бойы және көлденең салазкаларды, суппорттарды толық жөндеу.
24. Жылу ауыстырғыштар – жөндеу, құрастыру.
25. Құбыржолдар – бөлшектер.
26. Шпиндельді позициялау құрылымдары – реттеу.
27. Шлак шығарғыштар – байқау, майлау және жөндеу.
28. Электр пештер – бөлшектеу және жөндеу.
§ 155. СЛЕСАРЬ - ЖӨНДЕУШІ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі тораптар мен механизмдерді бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және сынау. Күрделі жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, монтаждау, монтаждан алу, сынау, реттеу, баптау және жөндеуден кейін тапсыру. 7-10 квалитеттер бойынша бөлшектерді және тораптарды слесарлық өңдеу. Жөндеу және монтаждауға арналған күрделі айлабұйымдар жасау. Жөндеуге арналған ақаулық ведомостілер жасау. Көтергіш-көлік механизмдері мен арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып такелажды жұмыстарды орындау.
Білуге тиіс: жөнделетін жабдықтардың, агрегаттар мен машиналардың құрылысы; машиналарды реттеу ережесі; жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, құрастыру және сынау процесінде ақаулықтарды жою тәсілдері; пайдаланылатын бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі; әмбебап және арнайы айлабұйымдардың конструкциясы; күрделі емес түрлі бөлшектерді белгілеу және өңдеу тәсілдері; шектеулер мен отырғызу жүйесі; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері; қышқыл төзімді және басқа да қорытпалардың қасиеті; жабдықтарды жоспарлы-ескертпелі жөндеуінің негізгі шарттары.