Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Өте күрделі электр тәсіммен арнайы белгіленген аппараттар – монтаждау және реттеу



бет105/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108

2. Өте күрделі электр тәсіммен арнайы белгіленген аппараттар – монтаждау және реттеу.

3. Қуатты кіші электр станцияларының жабдықтары – монтаждау.

4. Көп диапазонды және көп каскадты тәжірибелі таратқыштардың үлгілері – күрделі тәсімдер бойынша монтаждау.

5. Қуаты 1000 кВт-тан асатын электр кіші станциялары – монтаждау.

6. Электроникаға, радиотехникаға және телемеханикаға негізделген дербес күрделі электр монтажды тәсімдері бар бірнеше механизмдерден тұратын аспаптар – машина тәсімін өру және толықтай электр монтаждау.

7. Басқару және термореттеу пульттары – монтаждау.

8. Прецизионды және бірегей күрделі станоктар – электр жүйесін монтаждау.

9. Абоненттерінің саны 1000 асатын автоматты телефон станциялары – монтаждау.

10. Қуаты 20000 кВт-тан асатын күшті трансформаторлар – монтаждау және сынау.

§ 176. СЛЕСАРЬ – ЭЛЕКТР МОНТАЖШЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ірі кемелерде, ұшақтарда, бірегей және прецизионды металл өңдейтін жабдықтарда, электр станцияларында күрделі эксперименталды электр машиналарын және аспаптарын, күрделі арнайы стандартты емес жабдықтарды механикалық және электр тізбектерін, автоматты қоректендіру және ретте құрылғыларымен бірге басқару пульттарын, сондай-ақ металл өңдеу станоктары автоматты желілерінің электр тәсімдері мен күрделі бөлшектерді өңдеу жөніндегі агрегаттарды монтаждау, толықтай бөлшектеу, жөндеу, баптау, реттеу, сынау және тапсыру. Бірегей және прецизионды жабдықтардың күрделі қорғау және байланыстыру аппаратурасын баптау. Механикалық және электр параметрлерінің байланысын сақтай отырып жиналатын жабдықтарды слесарлық өңдеу. Қашықтықтан басқару монтаждау-жапсарластыру және жетілдіру жұмыстары мен электр жүйелерінің сынамаларын орындау. Монтаждау процесінде ақаулықтар мен келген зияндықтарды анықтау және оларды жою. Қуаттылық жобасына сәйкес жөнделетін жабдықтарды, аспаптарды, механизмдер мен құрылғылардың жұмыс режимін тексеру және толтыру. Байлау және жүргізіп сынау уақытында ірі кемелердегі кеме жабдықтарын электрмен монтаждау бойынша жетілдіру жұмыстарын орындау.

Білуге тиіс: ұшақтарда техникалық шарттарға сәйкес, кемелерде – теңіз және өзен регистрлері ережелеріне сәйкес жөнделетін электр машиналарының, аспаптар мен күрделі жабдық механизмдерінің конструктивті ерекшеліктері мен жұмыс істеу принциптері;

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Бағдарламалық басқарылатын электр вакуумды жабдықтар – бағдарламаларды баптай отырып толықтай монтаждау.

2. Металл өңдейтін, бірегей және прецизионды станоктар – электр механизмдерді сынау және тапсыру.

3. Бағдарламалық басқарылатын металл кесетін станоктар – баптау және сынау.

4. Илемді стандар – электр механизмдері мен электр қозғалтқыштарды, басқару пульттарын монтаждау, сынау, тапсыру.

§ 177. ЕСЕПТЕУ МАШИНАЛАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР МЕХАНИК

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Есептеу, сомалау және есеп-перфорациялық, электр жалынды, термокопирлік, электр фотографиялық, жарық копирлік машиналарды, ротаторлар мен ротапринттерді ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету. Жай және орташа күрделіктегі механизмдерді бөлшекте, жөндеу, құрастыру және реттеу. Бөлшектерді жетілдіре және қиыстыра отырып 11-12 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу. Литерлік рычагтар жасау. Механизмдерді сынау және тапсыру. Түрлі дәнекерлермен дәнекерлеу. Кейіннен жетілдіре отырып аз жауапты бөлшектерді термоөңдеу. Жай электр тәсімдерді құрастыру және монтаждау. Анағұрлым жоғары білікті электр механиктің басшылығымен күрделі механизмдерді жөндеу және реттеу.

Білуге тиіс: күрделі емес есеп аппараттары мен көшіргіш-көбейткіш машиналардың қызметі, жұмыс істеу принципі және конструкциясы; есеп аппараттарының техникалық шарттары мен сынау әдістері; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының қызметі мен құрылысы; әмбебап кесетін аспаптардың конструкциясы; металлдар мен қорытпалардың механикалық қасиеті, орындалатын жұмыс көлеміндегі электр механика негіздері.

§ 178. ЕСЕПТЕУ МАШИНАЛАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР МЕХАНИК

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Есептеу, сомалау және есеп-перфорациялық, электр жалынды, термокопирлік, электр фотографиялық, жарық көшірмелік машиналарды, ротаторлар мен ротапринттерді орташа жөндеу және қызмет көрсету. Есеп-талдау механизмдерін, есеп аппараттарын, жазу машиналары мен басқа да жекелеген тораптардың күрделі механизмдерін бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және реттеу. Үздіксіз көшіретін, ротациялық және таспалық үлгідегі электронды есептегіштерді, электрографикалық аппараттарды ағымдағы жөндеу. Бөлшектерді ауыстыру немесе қалпына келтіру. Бөлшектерді 7-10 квалитеттер бойынша слесарлық өңдеу. Жекелеген тораптар мен механизмдерді машинаға құрастыру және орнату. Есеп және жазатын машиналар жұмысының дұрыстығын тексеру. Орташа күделіктегі электр тәсімдерді құрау және монтаждау. Жөндеу түріне ақаулық ведомостілерін жасау.

Білуге тиіс: түрлі жүйедегі есеп және көшіргіш-көбейткіш машиналардың қызметі, жұмыс істеу принципі мен конструкциясы; әмбебап және арнайы айлабұйымдардың қызметі және пайдалану ережесі; пайдаланылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының қызметі және құрылысы; арнайы кесетін аспаптардың конструкциясы; оқшаулау материалдарының қасиеті, орташа күрделіктегі электр тәсімдерін жасау және монтаждау тәсілдері; микроажыратқыштардың, релелердің құрылысы, біріктіру тәсімдері; шектеулер мен отырғызу жүйесі; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері.

§ 179. ЕСЕПТЕУ МАШИНАЛАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР МЕХАНИК

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Есептеу, сомалау және есеп-перфорациялық, электр жалынды, термокопирлік, электр фотографиялық, жарық копирлік машиналарды, ротаторлар мен ротапринттерді күрделі жөндеу және қызмет көрсету. Үздіксіз көшіретін, ротациялық және таспалық үлгідегі электронды есептегіштерді, электрографикалық аппараттарды орташа жөндеу. Есептеу аппараттары мен жазу машиналарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Бөлшектерді 6-7 квалитеттер бойынша слесарлық өңдеу. Пісіруді қажет ететін түрлі бөлшектерді ауыстыру, өңдеу, қиыстыру. Тораптар мен бөлшектерді орнату және реттеу. Күрделі электр тәсімдерді құрау және монтаждау. Литерлік рычагтар мен шрифтіні ауыстыру.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет