Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Жұмыс үлгілері 1. Бір полюсті ауа және тез әсер ететін қосқыштар – шешу, жөндеу, орнату



бет102/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   108

Жұмыс үлгілері

1. Бір полюсті ауа және тез әсер ететін қосқыштар – шешу, жөндеу, орнату.

2. Селенді түзеткіштер – сынау.

3. Ток қабылдағыштардың бірікпе және гарнирлі кареткалары – жөндеу, құрастыру.

4. Вагон температураларының қашықтық контроллерлері – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

5. Барлық жүйедегі мотор желдеткіш құрылғылары, умформерлер, вагондардың электр қыздырғыш және таратқыш құрылғылары, қыруға арналған люменисцентті жарықтандыру және қайта түрлегіш жүйесінің ток генераторлары, букстарды қыздыру температурасын бақылау құрылғысы (термодатчиктер), жылу жүйесінің электр агрегаттары, ауаны салқындату құрылғыларының, автоматика аспаптарының электр қозғалтқыштары, барлық үлгідегі вагонның тоңазыту құрылғыларының электр қозғалтқыштары – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

6. Генератор және басқа да электр машиналары білік бірікпелерінің муфталары (пакеттер), қырағылық тұтқасы – тексеру, өзара іс-әрекетін реттеу.

7. Тартпалы электр қозғалтқыштардың мойынтіректері (шайқалту мойынтіректері) – толықтай ревизиялау.

8. Барлық үлгідегі электр машиналарының мойынтіректері – сығымдау.

9. Электровоздардың фарфор қорғағыштары – қайта зарядтау.

10. Вагон карданды-редукторларының жетектері – шешу, жөндеу, сынау, орнату.

11. Жылдамдық өлшегіштер, есептегіштер, электронды кернеулік реттегіштері, жылдамдату электронды релесі, кремний түзеткіш, қорғау панельдері – байқау, электр параметрлерін тексеру, жөндеу.

12. Турбогенераторлар, паровоз турбогенераторларының орталықтан тебетін реттегіштері – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

13. Трамвай вагондар мен троллейбустардағы басқару тізбектері – білікке орнату.

14. Электр қозғалтқыштар, тартпалы генераторлар, қосалқы электр машиналары, электр өлшегіш аспаптар, топтық қайта қосқыштар және олардың тартпалары, стартерлер, контроллерлер, радиоаппаратураның қоректендіру қайта түрлегіштері, барлық үлгідегі контакторлар мен реле – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, электр тізбегі бірікпелерінің дұрыстығын тексеру.

15. Вагондарды электрмен жіберетін дизельдегі, пойыз рефрижераторлары (секциялар) мен орталықтандырылған электрмен жабдықтандырылған вагондардағы электрмен жабдықтау – шешу, бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, орнату.

§ 169. ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ-ЭЛЕКТРИК

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі электр машиналарын, электр аппараттары мен электр аспаптарының дәлдігін тексеру, сынау және реттеу. Теңгеретін жүкті орната отырып барлық үлгідегі электр машиналарының зәкірлерін динамикалық теңгеру. Қашықтықтан басқару электр жүйелерін сынау және реттеу.

Білуге тиіс: күрделі жабдықтар мен құрылғылардың конструкциялық ерекшеліктері, жұмыс принциптері, күрделі электр машиналарын, электр аппараттары мен электр аспаптарының жұмысын реттеу тәсілдері мен ережесі; теңгеретін жүктерді орната отырып барлық үлгідегі электр машиналарының зәкірлерін динамикалық теңгеру жолдары мен тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Жоғары вольтті камера аппараттары – оқшаулау кедергілерін өлшеу және аппараттардың өзара іс-әрекетін тексеру.

2. Электр аппараттары, аспаптар мен машиналар, автоматтандырылған локомотивті дабыл қағу және автостоптар жүйесі - өзара іс-әрекетін және реттеуді тексеру.

3. Автоматика және қашықтықтан басқару аспаптары – реттеу.

4. Кернеулік реттегіштер – жөндеу, стендіде сынау.

5. Моторвагонды жылжымалы құрамдағы «ТОН» радио тарату жүйесі және «СИГНАЛ» байланысы, «СОЮЗ-Р» радио таратқыштардың поезд пункттері – техникалық күйін тексеру, реттеу.

6. Су мен дизель майының температурасын автоматтандырылған реттеу жүйелері, сондай-ақ электр майлы қыздырғыш ыдыстары – теңшеу.

7. Жылдамдық өлшегіштер, есептегіштер, электронды кернеу реттегіштер, жылдамдату электронды релесі, кремний түзеткіштердің панельдері, қорғау – реттеу, сынау.

8. Паровоз турбогенераторлары – сынау, реттеу.

9. Электр тізбектер – омикалық кедергілерді тексеру.

10. Тартпалы электр қозғалтқыштар, қосалқы электр машиналары, электр аппараттар мен электр аспаптар – сынау, теңгеру, стендіде реттеу, сипаттамасын және ұңғысын алу.

§ 170. ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ-ЭЛЕКТРИК

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі жүйелердегі күрделі электронды блоктардың алдын алу, электр параметрлерін жөндеу, тексеру. Микропроцессорлық элементті базасы бар күрделі электронды блоктардағы ақаулықтарды іздеу және жою. Түрлі локомотивтер мен вагондардың электр жабдықтарының жағдайын тексеретін күрделі жүйелерді пайдалана отырып диагностикалау.

Білуге тиіс: түрлі жүйедегі күрделі электронды блоктардың конструкциялық ерекешеліктері; локомотив және вагон электр тәсімімен электронды жүйелерінің байланысу тәсімі құрылысының принципі.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Жылжымалы құрамның электронды жоғары вольтты және төмен вольтты аппаратурасы – ақаулықтарды тексеру, жою және реттеу.

2. Жылжымалы құрамдағы электронды жүйелерді автоматты басқару блоктары – электр параметрлерінің алдын алу, жөндеу, тексеру.

3. Күш диодтары – жылу кедергілерін тексеру.

4. Күш тізбектері мен олардың элементтері – арнайы жүйе арқылы тұтастығын тексеру.

5. Электр тізбектер – сандық индикатор («Мастер-5» үлгісіндегі) арқылы параметрлерін бақылау.

§ 171. ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ-ЭЛЕКТРИК

8-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі бірегей электронды аппаратура және аспаптарды диагностикалау, сынау және реттеу. Есептеу техникасының негізіндегі құрылғыларды пайдалана отырып жылжымалы құрамның қозғалысы мен тежеуін автоматты басқару жөніндегі іске қосу баптау жұмыстарын орындау, автоматты реттеу жүйелі вагон электр тәсімінің жанасу ақауларын анықтау және жою.

Білуге тиіс: күрделі және бірегей электронды аппаратура мен аспаптардың конструкциялық ерекшеліктері; диагностикалауға арналған бақылау-өлшеу аспаптары мен стенділері; логикалық тәсім құру негіздері; оларды микроэлементті базада іске асыру; ЭУМ құрылғылары жекелеген блоктарының ақаулықтарын тексеру және жою әдістері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет