Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Орта кәсіптік білім талап етіледі



бет103/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Электронды аппаратура - баптау, реттеу, сынау.

2. Локомотив және вагондардың электр машиналары - автоматталған жүйелердің көмегімен («Тестер-ЭМ, «АСКД-ЭМ» үлгісіндегі) коммутация сапасын бағалау, параметрлерін бақылау.

3. Микропроцессорлық элементті базасы бар қауіпсіздік аспаптары – диагностикалау, сынау және реттеу.

4. Ток трансформаторлары – токтың таратылуын тексеру.

5. Локомотив, вагондардың электр жабдықтары – автоматталған («АСКД», «СУИД» үлгісіндегі) жүйенің көмегімен параметрлерін бақылау.

§ 172. СЛЕСАРЬ – ЭЛЕКТР МОНТАЖШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әмбебап айлабұйымдар мен аспаптарды пайдалана отырып жай тораптар мен аппараттарды құрастыру. Қуаттылығы 50 кВт-ға дейінгі ауыспалы және тұрақты ток электр машиналарын және қуаттылығы 30 кВт-қа дейінгі дәнекерлеу аппараттарын монтаждау және орнату. Орнатқаннан кейін жөнделетін арнайы айлабұйымдар мен шаблондарды машиналар мен аппаратураларды сынамалау. Арнайы айлабұйымдар мен шаблондарды пайдалана отырып орташа күрделіктегі тораптар мен аппаратураларды құрастыру және монтаждау. Бөлшектер жасау, айлабұйымдар мен шаблондарды құрастыру. Төмен вольтты аппаратуралардың жай электр конструкцияларының, сондай-ақ электр аспаптар мен іске қосатын реттейтін аппаратуралардың бөлшектерін жасау, құрастыру, сынау және орнату. Өткізгіштердің ұштарын монтаждау және дәнекерлеу. Өткізгіштерді берілген түстерге сырлау. Біріктіру муфтыларының, үштіктер мен қораптардың сегіз тобына дейін жарықтандыру қалқандарын құрастыру және орнату. Жай тәсім сымдарын құрастыру. Панель дайындау, коммуникациялық аппаратура орнату және қоректендіру станциясын монтаждау. Жарық, күш және дабыл қаққыш желілерін жүргізу. Кірпіш және бетон қабырғаларда шлямбурмен және пневматикалық аспаппен ұя салу. Қолмен және станоктарда саңылаулар тесу, ұңғылау, бұранданы кіргізу. Кабель ұштарын қалайылау. Жоғарылау білікті слесарь-электр монтаждаушының басшылығымен күрделі бұйымдар мен электр машиналарын құрастыру, орнату және сынау.

Білуге тиіс: орындалатын жұмыс көлемінде электр техникасының негіздері; қуаттылығы 50 кВт-қа дейінгі күрделі емес электр машиналарының, аспаптардың және іске қосатын аппаратураның құрылысы мен қолдану принциптері және оларды монтаждаудың техникалық шарттары; бұрғылау станоктарында пневматикалық және электр дрельмен жұмыс істеу жолдары; материалдармен жұмыс істеуде қолданылатын қызметі, дәнекерлеу кезінде қолданылатын дәнекер мен флюстар; дәнекерлеу ережесі; газ құбырларда, роликтер мен трос ілмелерде сым төсеу ережесі; электр машиналарын іске қосу ережесі; құрастыру мен монтаждауда қолданылатын слесарлық және бақылау-өлшеу аспаптары, айлабұйымдар мен аппаратура.

Жұмыс үлгілері

1. Амперметрлер, вольтметрлер, электр есептегіштер - желіге қосу.

2. Жарықтандыру осьінің өшіргіштері – орнату.

3. Штепсельді ұяшықтар – панельде құрастыру және орнату.

4. Аппаратураның іске қосылуын реттейтін бөлшектер – жасау.

5. Күш және жарықтандыру қалқаншаларының оқшаулау тақталары – жасау.

6. Түрлі жүйедегі және үлгідегі аспапқа арналған электр магнитті катушкалар – орау және орнына орнату.

7. Динамомашина мен мотор коллекторлары – құрастыру кезінде тазалау.

8. Үстелге қоятын лампалар – құрастыру.

9. Контактілі жапырақшалар – тойтару.

10. Қайта қосылатын люстралар – орнату.

11. Жарық беру желісі – сымды белгілеу.

12. Оқшаулау панельдері – орнату.

13. Жай контактілі панельдер – жасау.

14. Қайта қосқыштар мен реостаттар – орнына орнату және жалпы тәсімге қосу.

15. Клемді платалар – құрастыру және орнату.

16. Қорғағыштар, ауыспалы қораптар, кескіштер – құрастыру және орнату.

17. Тығыздағыш резина – тарату қалқандарына желімдеу.

18. Қарапайым тұрақты және ауыспалы ток релесі – толықтай құрастыру және реттеу.

19. Үш полюсті кескіштер – құрастыру және іске қосуды қиыстыру.

20. Контактілі термобулар – құрастыру.

21. Микрофон тұтқалары, екі контактілі телефон релесі, телефон аппараттары, полярланған қоңыраулар, селекторлық диспетчерлік байланыс жәшіктері, рельсті механизацияланған педальдар, Мелентьев ату жүйесінің бақылау құлыптары, найзағай бұрғыштар, семафорлық қайталағыштар, шарнирлі ататын тұйықтатқыштар – құрастыру және жинақтау.

22. Контактілі шпилькалар, оқшаулағыштар, белгі беру лампалары, қайта қосқыштар, тумблерлер – орнату.

23. Шунттар – орнату.

24. Щетка ұстағыштар – құрастыру.

§ 173. СЛЕСАРЬ – ЭЛЕКТР МОНТАЖШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып қуаты 50-ден асатын 100 кВТ-қа дейінгі тұрақты және ауыспалы ток электр машиналарын, орташа күрделіктегі электр аспаптары мен тораптарын монтаждау, құрастыру, сынау және тапсыру. Арнайы айлабұйымдар мен шаблондарды пайдалана отырып күрделі электр аспаптар мен электр машиналарын құрастыру және орнату. Электр жабдығындағы ақаулықтарды монтаждауда анықтау және оларды жою. Сегіз топтан асатын тарату қалқандарын және шина құрамаларын, сондай-ақ жүк көтергіштігі 20 т-ға дейінгі кран электр жабдықтарын, қуаттылығы 300 кВТ-тан асатын дәнекерлеу аппараттарын және қуаттылығы 500 кВТ-қа дейінгі сынап түзулегіштерін монтаждау және орнату. Түрлі кесетін сымдардан жасалған электр тәсімдерін өру және корпустарда толықтай монтаждау. Күш электр құрылғыларына арналған тарату қалқандарының коммутациясы бойынша жұмыс. Ток күші 1000 А-ға дейінгі қоректендіру станциясының аппаратурасын орнату және толықтай байланыстыру. Фидерлі және тарату желісін төсеу. Жоғарылау білікті электр монтаждаушысының басшылығымен күрделі электр жабдықтарын және бұйымдарын құрастыру және орнату.

Білуге тиіс: орындалатын жұмыс көлеміндегі электр техникасының негіздері, қуаттылығы 50-ден жоғары 100 кВТ-қа дейінгі тұрақты және ауыспалы ток машиналарының құрылысы мен жұмыс істеу принципі; орташа күрделіктегі іске қосуды реттейтін аппаратура; электр машинасының жұмысындағы шекті жүктемелер; электр қозғалтқыштың щеткалы механизмін баптау тәсілдері; орау-тығыздау материалдарын өңдеу тәсілдері (сіңдіру, майлау, пісіру, өру және т.б.); шектеулер мен отырғызу жүйесін; электр монтаждауда қолданылатын бақылау-өлшеу және монтаждау аспаптарының, арнайы айлабұйымдар мен жабдықтардың құрылысы мен қызметі, электр жабдықтарын сынаудың техникалық шарттары; жиналатын және жөнделетін аппараттардың, аспаптар мен бақылағыш басқарылатын электр крандарының тәсімдері.



Жұмыстың және жұмысшы мамандардың
Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік сілтегіші

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет