Жұмыстың мақсаты мынадай міндеттерді орындауды көздейді



бет1/28
Дата17.12.2021
өлшемі84,08 Kb.
#102355
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
невро тесты


Кіріспе
Біз қазіргі қоғам дамуының жалпы әлемдік тенденциялары адам қызметінің: экономикалық, саяси, қаржы, мәдени, идеологиялық, әлеуметтік, экологиялық барлық жақтарын қамтып отырған жаһандану заманында өмір сүріп жатырмыз. Жаһандану үрдістері алғашқыда экономика және саясат салаларын қамтыса, жаңа технологиялардың, байланыс және телекоммуникация құралдарының пайда болуымен бірге мәдениет саласына да тарала бастады.

Қазақстан әлемдік қауымдастықтың белсенді қатысушы бола отыра қазіргі ғаламдық үрдістерден оқшау тұра алмасы белгілі. Ықпалдасу үрдісіне белсенді араласып, жаһанданудың ағынына ілікті. Өткен тарихтан бүгінгі біздің елімізге мирас болып қалған қасиет ұлттық мәдениеттер мен дәстүрлеріміздің саналуандығы дер едім. Елімізді мекендейтін жүз отызға жуық этникалық топтар өз бойында еуропалық және азиялық қасиеттерді шебер үйлестіре білген айрықша мәдениетті құрайды. Сондықтан жаһандану заманы алып келген жаңа мәдени стандарттар мен үлгiлердiң жаппай етек жаюы жағдайында айрықша мәдени дәстүрлеріміз бен Қазақстандық мәдениеттің ерекшелігі болып саналатын саналуандығымызды сақтап қалып, дамыту барынша өзектi мәселеге айналып отыр.

Әрбір ел өз мәдениетiн қорғау жолдарын өз қолымен жасайтыны заңдылық. Жаһанданудың қазіргі Қазақстан мәдениетіне ықпалын, оның сипаты мен жолдарын қарастыру өзекті мәселе болып табылады.

Жобаның мақсаты жаһанданудың мәнін аша отырып, оның қазіргі Қазақстан мәдениетіне қаншалықты әсер етіп отырғанын талдап, болашағын болжау.

Жұмыстың мақсаты мынадай міндеттерді орындауды көздейді:


  • жаһандану үрдісінің мәнін ашу;

  • мәдени жаһандану ұғымының мәніне, бағыттарына тоқталу;

  • жаһанданудың қазіргі Қазақстан мәдениетіне әсеріне талдау жасап, қорытындылау.

Жобаны жасау барысында осы мәселе төңірегіндегі мерзімді баспасөз материалдары, оқу әдебиеттері және ресми сайтттардың мәліметтері пайдаланылды және талдау, салыстыру, сауалнама әдістері қолданылды.

Негізгі бөлімі

Тарау 1 Жаһанданудың қазіргі Қазақстан мәдениетіне әсері қандай?




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет