Жұмыстың мақсаты мынадай міндеттерді орындауды көздейді



бет2/28
Дата17.12.2021
өлшемі84,08 Kb.
#102355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
невро тесты

Жаһандану дегеніміз не?

Саясаттану сөздігінің анықтамасы бойынша: жаһандану (лат. globus - шар) — әртүрлі елдер мен халықтардың өзара байланысы мен ықпалының кеңею үрдісі, мемлекеттер мен мәдениеттер арасындағы көп кедергілердің алынуы, оған ақпараттық технологияларды қолдану барынша көмегін тигізеді. Жаһандану - бұл қауымдастықтар арасындағы экономикалық, қаржылық, саяси, әскери, мәдени, идеологиялық байланыстар мен тәуелділіктердің бірегейленуі [1,66]. терминді алғаш 1983 жылы американ экономисі Т. Левитта трансұлттық корпорациялар (ТҰК) өндірген жекелеген өнімдердің араласуын түсіндіруде қолданған. Ал ұғымның терең айналымға кіруін 1992 ж. өз концепциясының негіздерін «Жаһандану» атты еңбегінде танытқан американдық социолог Р. Робертсонның атымен байланыстырады.

Қоғам назарын жаһандану ХХ ғ. соңынан бастап аудара бастағанымен, бүгінге дейін әлемдік ғылым мен саясатта біржақты анықтама берілмей келеді. Негізгі таралған анықтамалар сипаттау немесе бір-бірін жоққа шығару түрінде ғана болып отыр. Жаһандану мәселесін зерттеуші ғалымдар қатарында К.Омэ, М. Кастельс, Э.Валлерстайн т.б. бар. М. Кастельс жаһандануға «жаңа капиталистік экономика» деген анықтама беріп, оның негізгі сипаттамаларына: ақпарат, ақпараттық технологияларды жатқызады.

Э.Валлерстайнның ойынша жаһандану – адамзаттың біртұтастық қалыптасуының жалғасы болады [2]. Түрлі анықтамалардан жинақтай келе түсіндіретін болсақ, жаһандану – халықаралық маңыздағы түрлі факторлардың (тығыз экономикалық және саяси байланыстар, мәдени және ақпараттық алмасулар) жекелеген елдердегі әлеуметтік жағдайға жан-жақты үдемелі әсер ету үрдісі. Оны төмендегі диаграмма арқылы белгілеуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет