Жұмыстың мақсаты



бет47/70
Дата28.01.2018
өлшемі8,16 Mb.
#34155
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70

Тапсырма 1


Жарнамалық хабарландыру жасаңыз. Ол үшін жұмыс үстеліне Сурет және WortArt саймандар тақтасын орналастырыңыз.

Тапсырма 2


Құттықтау қағазын жасаңыз.

Тапсырма 3


Word –тың графикалық мүмкіндіктерін қолданып, келесі блок-схемаларды салыңыздар. Блоктарды келесі түске бояңыздар: басы – көк, соңы – жасыл, шарт – қызыл, енгізу – сұр, шығару – ашық көк, есептеу – сары, сызықтар – көк. Осы блок – схемаларды қолданып программа құра аласыз ба? Қандай программалау тілдерін білесіз?

Word редакторында формулалық өрнектерді енгізу



Формулалар редакторы

Формула редакторын іске қосу үшін курсорды формула енгізілетін орынға қойып, Вставка – Объект – Microsoft Equation 3.0 командаларын орындаймыз. Формулалар редакторында формуланы редакциялау үшін оған тышқанды екі рет шерту немесе Түзету – Объект Формула – Өзгерту (Изменить) командасын шақыру қажет. Формулалар редакторы іске қосылған кезде Word терезесінің меню қатары өзгереді. Жұмыс аумағында тіктөртбұрыш болып объект ауданы белгіленіп тұрады (формула жазған кезде аумақ автоматты түрде ұлғайып отырады), формулалар редакторының саймандар тақтасы пайда болады. Осы саймандар тақтасында математикалық және басқа да қолданылатын символдар батырмалары орналасқан.



Формула редакторының жұмыс аумағында математикалық символдар саймандар тақтасындағы Формула редакторы батырмасының көмегімен енгізіледі.


10.1-сурет. Word программасының терезесі.


Тапсырмалар

1. Формулалар редакторының саймандар тақтасынан қажет символдар мен шаблондарды таңдай отырып формуласын объект ауданына жазыңыз.

2.Формуланы жазып болған соң Word құжаты терезесіне тышқанды бір сырт еткізіңіз.

3. Формулаға өзгертулер енгізу үшін оған тышқанмен екі рет жылдам басыңыз.

4.Формула символдары арасындағы интервалдар мен туралау автоматты түрде қойылады. Символдар арасындағы бос орынды өз қалауыңызша өзгерту үшін, бос орын қалдыратын жерге курсорды қойып саймандар тақтасындағы Бос орын және көпнүкте батырмасына басып, қажет символды таңдаңыз.



5.Жоғарғы және төменгі индекстер арасындағы интервалды өзгерту үшін Формат – Интервал командасын орындаңыз

Интервалды өзгерту үшін жаңа мәндерді жазыңыз.



10.2-сурет. Интервал сұхбат терезесі.
6. Формуладағы кез келген элементтің стилін өзгерту үшін, сол элементті белгілеп Стиль – Другой командасын орындап, сұхбаттасу терезесінен қажет қаріп және туралау түрін таңдаңыз.

10.3-сурет. Другой стиль сұхбат терезесі.


7. Стиль түрін өзгерту үшін Стиль – Определить – Стили командасын орындап, қажет өзгертулер енгізу керек.

10.4-сурет. Стили сұхбат терезесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет