Жұмыстың мақсаты



бет45/70
Дата28.01.2018
өлшемі8,16 Mb.
#34155
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70

Регистрлерді ауыстыру


Формат – Регистр командасын орындағанда ашылған сұқбат терзесінің көмегімен құжаттың әріптерін – сөйлемдегідей, яғни нүктеден кейін бас әріп, барлығы кіші, барлығы бас әріп, сөзді бас әріптен бастау, регистрді керісінше ауыстыру әрекеттерін жүзеге асыруға болады.

8.3-сурет. Регистр сұхбат терезесі.



Тапсырмалар

1. Мәтінді теріңіз:

Информатиканы оқыту әдiстемесiнде математика меп информатика қурстары арасында пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшiн үлкен мүмкiндiктер бар. Информатика мен математика үшiн жалпы ұғымдар: ақпараттар теориясы, шамалар, графиктер және функциялар болып табылады.

П.б. жүзеге асыруда дидактиканың негiзгi принциптерiне сүйену қажет. Бiздiң жұмыста да өзге пәндермен п.б. негiзге ала отырып, информатиканы оқыту әдiстемесiнде дидактикалық принциптер қарастырылады. Олар барлық оқу пәндерiмен өзара тығыз байланысуда жалпыға бiрдейлiк қасиетi арқылы өз кезегiнде жалпы дидактиканы өзiнiң негiзгi категорияларымен байыта түседi.

Пәнаралық байланыстың әр алуандығын толық ашып зерттеу - бұл күрделi мәселе. Бiздiң мiндетiмiз: бiлiм берудiң негiзiн қалауда және оқу пәндерiнiң өзара байланысуының негiзгi бағытын белгiлеп қоюдағы байланыстарды орнықтырудың үлкен мүмкiндiктерiн көрсету.

Регистрдегі барлық әріптерді бас әріптерге ауыстырыңыз. Интервал бүктемесіндегі кернинг жалаушасын қойыңыз. Түзету менюіндегі Көшіру, Енгізу командаларын қолданып, мәтіндегі п.б-ны пәнаралық байланысты сөздеріне ауыстырыңыз.

2. Тізім жазаңыз. Түзету менюіндегі Көшіру, Енгізу командаларын қолданып сөйлемдердің кезегін кері ретке ауыстырыңыз. Тізімнің аты ортаға қарай тураланған, қаріп түрі–Times New Roman, қаріп көлемі–16, жазылуы – кәдімгі. Тізім мәтінінің де қаріпі және жазылуы да дәл сондай, қаріп көлемі -14.

Құжатқа суретті қою

Word-тың көмегімен құжатқа графикалық программаларда жасалған суреттерді енгізе отырып, иллюстрация жасауға болады. Суретті құжат мәтініне, жазбаға немесе кестеге енгізуге болады. Құжатқа суретті енгізу келесі амалдардың бірі арқылы орындалады:



  • Енгізу Сурет (Вставка  Рисунок) командасы.

  • Сурет жасау программасын іске қосыңыз және оны Windows – дың алмастыру буферіне көшіріңіз. Сонан кейін суретті алмастыру буферінен құжатқа қойыңыз.

  • Сурет енгізілген құжат өте көп орын алады. Құжатта сурет көшірмесін сақтамай-ақ құжат пен сурет орналасқан файл арасында байланыс жасау арқылы файлдың көлемін кішірейтуге болады. Бұл жағдайда Word құжатын әрбір ашқан сайын суретті көрсету үшін сурет орналасқан файлға кіру қажет. Байланыс Енгізу Сурет (Вставка  Рисунок  командасы арқылы орындалады. Суретті енгізу диалогтық терезесінде файлмен байланыс (связь с файлом) жалаушасын орнату және құжатта сақтау (хранить в документе) жалаушасын алып тастау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет