Жұмыстың мақсаты



бет42/70
Дата28.01.2018
өлшемі8,16 Mb.
#34155
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   70

Тапсырма 3


Шаблон көмегімен жаңадан құжат құрыңыз. ¤з атыңызбен сақтаңыз. Мәтінді теріңіз:

Шаблонды қолдану кезінде, шаблонда сақталған құжаттардың бірден бірнеше дайын безендірілген стильдерін ала алады. Word бағдарламасы дайын тұрған шаблон негізіндегі жаңа шаблон жасауға мүмкіндік береді және құжат барысында да ол мүмкін болады. Қажетті баптауларды таңдай отырып Файл – Құру командасы бойынша орындалады.

Парақ нөмірлерін қойыңыз (парақ нөмірлері - төменде және ортасында). Құжатқа колонтитул қосыңыз (колонтитул жоғарыда; қаріп - Times New Roman, көлемі 12, мәтін – «Лабораториялық жұмыстың орындалу нұсқасы А.Ж.Т. (Ф.И.О.)».

Кесте құру және оны өңдеу

Кестелерді құру

Word редакторы жұмыс кезінде көптеген практикалық есептердің орындалуын жеңілдететін, әртүрлі амалдар жиынын орындай алатын, сақталынған мәліметтерді реттеу мен форматтауға мүмкіндік беретін кестелерді ыңғайлы пайдалану жолдарын ұсынады.

Кез келген кесте ұя түріндегі қатарлар мен бағаналардан тұрады, оларға мәтін немесе сурет орналастыруға болады. Сандарды мәтіндерді тіке туралап жазу үшін де кесте жасауға болады.

Кесте құрудың ең бір қарапайым жолы – Кесте салу батырмасын қолдану. Мұнда қолыңызға қалам алып қағазға кестені қалай сызсаңыз, экранда да дәл солай кесте саласыз. Келесі қатарлар биіктігін өзгертуге де мүмкіндік бар. Экрандағы көлденең сызықтар түзу сызылып, оның кез келген нүктесінен төмен қарай бағана жасау мүмкіндігі пайда болады. Кестенің сыртқы сызықтарын тышқан батырмасын басып тұрып қаламды жылжыту жолымен саламыз да, сонан соң оның бағаналары мен қатарларын сызамыз.

Керек емес сызықты Өшіргіш батырмасын басып алып тастаймыз.

Бос кесте құрудың тағы бір тәсілі – Кесте –Кесте енгізу (Таблица–Добавить таблицу) командасы немесе стандартты саймандар тақтасының осыған сәйкес батырмасын басып, бағана мен қатар санын тышқан курсорымен кеңейте отырып нақты белгілеп көрсету қажет. Осы тәсілді қолданғанда бағаналар саны негізінде автоматты түрде бірден анықталады. Қажет болса, әрбір бағаналар енін мұнан кейін де өзгертуге болады.





    1. –сурет. “Кесте енгізу” батырмасы арқылы салынған 2х2 өлшемді кесте.

Егер кесте құру процесінде бағаналар енін өзіміз санмен бергіміз келсе, онда Кесте – Кесте енгізу (Таблица – Добавить таблицу) командасын пайдаланамыз. Бұл команданың орындалуы нәтижесінде “Кестені енгізу” деген сұхбат терезесі ашылады, онда кестенің қажетті параметрлерін қолмен енгізе аламыз. Кесте құрылған соң, алдын ала жасалып қойған олардың стандартты ықшам форматтары жиынынан өзімізге қажетті форматты таңдап алуға болады, ол үшін Кесте – Автоформат командасын орындаймыз. Бұл тәсіл кестелерді форматтау процесін жеңілдетеді.

5.2 –сурет. Кестені енгізу сұхбат терезесі.



Каталог: download -> version -> 1413608975 -> module -> 10522068477 -> name
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет