Бұрқ-бұрқ бу шығады. (“ Боран”, 16 бет).
Басында ыңқыл-сыңқыл сияқты көрініп еді. (“ Боран”, 16 бет).
«Жаңылжан,менің қолым тимей жатыр,қазанды қарай қойшы»деп сызылып,сып-сыпайы болады. (“ Боран”, 20 бет).
Әрине сонша жыл бағып-қаққан қызды мен оған тегіннен-тегін ұстата салар деймісің? (“ Боран”, 21 бет).
Есіктен кіріп келгенде Қоспанның иығынан жаңа түскендей көзіне жып-жылы көрініп алдамшы әсер туғызатын. (“ Боран”, 24бет).
Бірақ бара-бара тозған тұлып сияқты иісі кетіп,иесіз қалған дүниедей көңілін құлазытатын болғасын,оны сандыққа салып тастады. (“ Боран”, 24 бет).
Сонау ық жақта шетсіз-шексіз боран ойнақ салған ен далада ел жоқ. (“ Боран”, 27 бет).
Жұрт дірдектеп тоңып тұрғанда-жұп-жұқа ақ шүберекке ораған Мұраттың денесін мұздай шұңқырға түсіре береді. (“ Боран”,35 бет).
Алғашқы да оның ерні кезеріп, түсі сұп-сұр боп кеткен (“ Боран”, 52 бет)
Талай жақын достар шалғайланып, бірте-бірте ұмыт бола береді (“ Боран”, 56 бет).
Бұрын әрі-сәрі боп жүргенде-әйтеуір үміт бар еді. (“ Боран”,66 бет).
Мажитов те оның ішінде қандай дауыл тулап жатқанын сезген сияқты,қолма-қол жауап бер деп қысқан жоқ. (“ Боран”, 67бет).
Жаңа жер,жаңа қызмет,бір науқанға бір науқан жалғасып үсті-үстіне шапқылаған командировка. (“ Боран”, 67бет).
Анда-санда сайқымазақтау мінезімен өткен ісін ойға салып қойғаны болмаса Қасболат Мажитовқа риза. (“ Боран”, 67бет).
Сұм тағдырға шара жоқ екен...я...көп-көп сырларды айту керек.
(“ Боран”, 69 бет).
Со кезде жап жас қыз. (“ Боран”, 68 бет).
Бірақ белгісіз бір күш жеме-жемге келгенде желкесінен тарта берді. (“ Боран”, 68 бет).
Астындағы ағаш керует сықыр-сықыр етті. (“ Боран”, 70 бет).
Түнде де ауық-ауық оянып,балалардың алаңсыз қорылының арасынан әйнекке соққан желдің гуілін тыңдап елегзи беретін. (“Боран”,74 бет).
Шоқының күнгей етегі кедір-бұдыр, жота-жота атжалдар. (“Боран”,79бет).
Достарыңызбен бөлісу: |