Шым-шытырық кенеуі кеткен тағдыр-ай. (“ Боран”, 67 бет).
Тыпыр-тыпыр еткен кішкене тұяқтар. (“ Боран”, 111 бет).
Жүздеген кішкене тұяқ қыбыр-қыбыр етеді.(“ Боран”, 111 бет).
Бірақ су сіңіп қалған отындай ойы тұтанбайды, қайта-қайта бықсып сөне береді (“ Боран”, 111 бет).
Олардың қоянның жымыңдай шұрқ-шұрқ жолын қар көмеді. (“Боран”,111 бет).
Ирек-ирек сызық түскен аппақ қар көз жеткісіз алысқа кетіп жатыр
(“ Боран”, 111 бет).
Асып- саспай, еппен байсалды қимылдайтын боп алға(“Боран”, 117бет).
Талай-талай жақсы сөз айтып көңілін жылытқысы келіп өзеннен су алатын мезгілін тосады. . (“ Боран”, 121бет).
Дік-дік етеді. . (“ Боран”, 120 бет).
Екеуі кезек-кезек қолдарына алып балаға,бір-біріне сүйсініп,емірене қарайды. . (“ Боран”, 122 бет).
Аяқ астында еміс-еміс қылаң беріп ағараңдаған дала әрегірек барып күлгін қоңыр түнекке ұласады. . (“ Боран”, 123 бет).
Қаламүш әр жерінде жолақ-жолақ көлеңке жатқан еңіске сүйсіне қарап,сонау алыс адырға да шауып шығып ар жағын тамашалағысы келеді. . (“ Боран”, 127 бет).
Лақтың кіп-кішкентай сүйір тұмсығымен суды талмап ішкенін Қаламүш қызық көретін. (“ Боран”, 126 бет).
Осылай сайыса-сайыса келгенде Қаламүш жағына ауытқушылар көбейді. (“ Боран”, 129 бет).
Әр жерге үлкен-үлкен базалар салса тіпті көңілді болар еді.
(“ Боран”, 129 бет).
43...Әлі де арындап кеткен ыстық көңлі басылмай үздік-үздік ойлар келеді басына. (“ Боран”, 134 бет).
44.Айта-айта жалыққан. (“ Боран”, 140 бет).
45.Қаншама құлақ түріп тың тыңдаса да төңірек жым-жырт.
(“ Боран”, 123 бет).
46.Я,осы сөзі өзіне қып-қызыл пәле боп жабысты. (“ Боран”,176 бет).
47.Аяқ-қолы,сүйек-сүйегі салдырап ауырып қалған. (“ Боран”,192 бет).
48.Ауық-ауық екі-үш атты ойқастап ұзап қырқаға шығып,маңайды сүзіп өтеді. (“ Боран”, 197бет).
49.Жиі-жиі көзі бұлдырайды. (“ Боран”, 201 бет).
50.Әр жерде сұлап-сұлап жатқан қойлар. (“ Боран”, 200 бет).
Қорыта айтқанда, Т. Ахтановтың “Боран” романының тілін талдау барысында 50 қайталама қос сөз, 13 қосарлама қос сөз табылды. Талдау барысында терілген қос сөздер ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлініп, сараланды.
Достарыңызбен бөлісу: |