Кітаби фразеологизмдер
Кітаби фразеологизмдер – стилистикалық бояу тудыратын, әртүрлі эмоционалды – экспрессивті реңк тән.
Кітаби фразеологизмдер – сөйлеу тіліне салыстырмалы салтанаттылық реңк беріп, көбіне әдеби тілде көрсетіледі. Мысалы: тағдыр дауылы, жаралы жүрек, от шашу [25, 213 бет].
Шығарма тіліндегі кітаби фразеологизмдер
Қасболат оның күдігін бірден сөндірді (“ Боран”, 9 бет).
Күдігін бірден сөндірді - шүбәсіз болды, сенімсіздік сейілді [ ҚТФС, 287 бет ].
Содан ақыры тәуекелге бел буып Қоспан өріске шықты (“ Боран”, 10 бет).
Тәуекелге бел буып – Қиындықты мойынға алып, неге де болса көнді [ ҚТФС, 499 бет ].
Жазда сусыз болғандықтан мал тұяғы жерге тимей жусаны мен изені ырғалып тұр (“ Боран”, 10 бет).
Мал тұяғы жерге тимей - Қиын, ауыр жол[ ҚТФС, 385 бет ].
Табиғатпен бірге қатқыл көңлі жібіп, жаны бусанып, көкірегін үнсіз, дыбыссыз күй кернейді (“ Боран”, 11 бет).
Көңлі жібіді – Тұла бойы жіпсіді [ ҚТФС, 273 бет ].
Қасболаттың болашығын біліп, ертең өзімен терезесі тең, не биіктеу болып шыққанда(“ Боран”, 66 бет).
Терезесі тең – дәрежесі, атағы, қатарлас [ ҚТФС, 501 бет].
Бұ да сол жағын есепке алып, ер мойнында бір қыл арқан жүрсін дегені ғой (“ Боран”, 67 бет).
Достарыңызбен бөлісу: |