Мойнына арқан салды – күштеп көндірді [ ҚТФС, 393 бет].
Бірақ белгісіз бір күш жеме-жемге келгенде желкесінен тарта береді(“ Боран”, 68 бет).
Желкесінен тарта береді – Тыққыштай беру, жауапгершілікті ілу [ ҚТФС, 196 бет].
Қоспан көңілі құлазып аз тұрды да баурайдағы тобылғыға келді (“Боран”, 80 бет).
Көңілі құлазыды – Жалғызсырады, көңілі жетімсіреді [ҚТФС, 279 бет].
Қисайып көз шырымын алғысы келіп еді, бірақ әлде неге мазасызданып орнынан тұрып кетті (“Боран”, 83 бет).
Көз шырымын алды – Аздап мызғып, дем алды[ҚТФС, 255 бет].
Қоспанныңжүрегі зірк ете қалды(“Боран”, 86 бет).
Жүрегі зірк ете қалды – қатты толқыды[ҚТФС, 214 бет].
О жағынан көзі қырағы (“Боран”, 88 бет).
Көзі қырағы – көргіштік [ҚТФС, 257 бет].
Жастығына қарамай жайлы мінез, жылы жүзімен әп-сәтте кісінің іші-бауырына кіріп кетеді (“Боран”, 90 бет).
Іші-бауырына кірді – Жылы сөзі, жақсы мінезімен баурап влды, өзіне жақын тартты [ҚТФС, 585 бет].
Өңін жүдеу ғой деп сұрады (“Боран”, 90 бет).
Өңін жүдеу – Ашулы [ҚТФС, 436 бет].
Байғұс бала екі күннен бері бел шешкен жоқ(“Боран”, 100 бет).
Достарыңызбен бөлісу: |