Лексикология жауаптары.
53-54-55-56-57
53-сұрақ.Фразеологиялық синонимдердің қалыптасу жолын көрсетіңіз.Мысалдармен дәлеледе.
Фразеологиялық синонимдер дегеніміз не? Ең алдымен осы сұраққа жауап бере кетсем. Мән-мағынасы жағынан үйлесе келіп, бірінің орнына бірі балама болып қолданылатын тұрақты тіркестерді фразеологиялық синонимдер деп атаймыз.Қазақ тілі көркем,cөздік қорға бай тілдердің қатарында десем артық айтпаған болар едім.Қазақ тілі лексика мен синонимге қандай бай болса, Фразеологиялық синонимдер қорыны да соншалықты бай.Білдіретін ұғымы жағынан фразеологиялық синонидер бір-бірінен сатылып өсіп қана қоймай күшейіп отырады.Мәселен, көз ілмеді, көз шырымын алмады, көрер таңды көзімен атырды,түн баласына кірпік қақпады,түн ұйқысын төрт бөлді дегенде әрбір фразеологиялық синонимнің алдыңғысынан соңғысы қарқындай береді.
54. Фразеологиялық антонимдерге сипаттама беріңіз, құрылымдық ерекшеліктеріне бөліп, мысалдармен дәлелдеңіз.
Фразеологизмдер беретін мағынасы жағынан бір-біріне үйлесе келіп, бірімен-бірі синоним болып жұмсалатындығы сияқты, мәе-мағынасы жағынан қарама-қарсы мағына беру арқылы да қолданылады.Түрақты тіркестер арасындағы бұл қарама-қарсы құбылысты антонимдер деп те атауға болады.Фразеологиялық антонимдер негізінен екі түрлі болып кездеседі.Бірінші түрі-тұрақты тіркестердің өз ішіндегі сөздерді басқадай сөздермен алмастыра отырып жасалады.Мысалы келтіретін болсам аты шықты -аты өшті, ат ізін салды-ат ізін құрғатпады және мінер жақ-қамшылар шақты, іске алғысыз-іске татыр, ақ жүрек-қара жүрек тағы да басқалары. Келесі түріне құрылымдық құрамы өзгеше, басқа сөздердің жиынтығынан жасалады. Соры сорпадай қайнады-көзң ашылды, шөлі қанды-қаны кепті, өркенің өскір-желкең қиылғыр, сабыр етті -дегбірі қалмады тағы да басқалары.Қазақ тілі фразеологиялық синонимдерге қандай бай әрі көп болса демек фразеологиялық антонимдерге де соншалықты жарлы емес екендігі анық.Мұндай болу себебі тілдегі сан алуан стильдік сөздің қолданысымен өзара тығыз байланысты болуында деп түсінгеніміз жөн.
55. Фразеологизмдердің пайда болу негіздері мен уәжін мысалдармен дәйектеңіз.
Фразеология - ауызекі тілде және жазба әдебиетте ойып тұрып орын алған, кез-келген халықтың өмір сүру салтын, тұрмыс жағдайын, өмір сүру мәдениетін сипаттайтын, белгілі бір елдің ойлау ерекшелігі мен даналығын, айшықтығын айғақтайтын тілдің мәнерлі,сөздік қорға бай салаларының бірі.Тіл білімінде фразеологизмдерді теориялық зерттеу жиырмасыншы ғасырдың ортасынан басталып, бүгінгі күнге дейін зерттеушілердің назарына ілініп, зерттеу жұмыстары толастамай келеді.Фразеология мәселесіне І.Кеңесбаев,А.В.Кунин, В.К.Жуков, Т.Ж.Мықтыбаева ,В.Л.Архангельский сынды ғалымдар құнды еңбектер жазып қалдырған болатын.Фразеологизмнің пайда болу негізіне фразеологиялық мағынаның қалыптасуы өте маңызды болып табылады.Фразеологиялық байлаулы мағына екі түрлі жолмен жасалады.Біріншісі -жалғаса туса, екіншісі жарыса туады. Мысал келтіре кетсем: ат үсті деген тұрақты тіркестің ең алғашқы мағынасы ат яғни жылқы үстінде жүрумен байланысты қолданыста болатын.Кейін келе жеңіл желпі қарау мағынасын беретін болды.Көптеген фразеологизмдердің жасалу жолына адам ойындағы қорытылмаған құбылыстардың негізгі бейнесі себеп болған.Мысалы жауыр болды деген сөзді алатын болсақ көп мінілген жылқы малы көз алдымызға елестейді.Ең алғаш қолданыста атқа байланысты шыққанымен , қазіргі кездегі мән-мағынасы адамға қытысты айтылатын болған. Жауыр болды - қазіргі таңда әбден мезі болған, ығыры шыққан деген мағынаны білдіреді. Бірқатар фразеологизмдер өлшемдік ұғымдардың негізінде нақтырақ айтқанда көлем, қалыңдық, пен тереңдік өлшемдері пайда болған.Уақыт, пен мерзім өлшем бірліктері өлшемдік ұғымдарды білдіреді.Мысалы:сәске түс,тападай тал түсте,таңға жақын, іңір ортасында, мал балалап жатқанда тағы да басқалары.
56. Фразеологизмге ұйытқы болатын сөздерге сипаттама беріңіз, оларды топтастырып, мысалдармен дәйектеңіз.
Жалпы алғанда фразеологизмдер кез-келген тілдің болмысын сөздік қорының бейнелеушілігін және байлығын арттыра түсетін тілдік бірліктер болып саналады.Тіл білімінің жеке саласы ретінде еншісін енді алып қалыптасып келе жатқан фразеология ғылымында қазіргі таңда әр түрлі бағыттар мен әдістер пайда болды.Академик Р.Жайсақова мен Ә.Қайдар фразеологизмдерді тақырыптарға бөлуде фразеологиялық бірліктердің тақырыптық және пәндік жүйеленуін екі түрлі негізге сүйене отырып жүргізуге болады деген пікір айтқан болатын. Бірінші негіз-ұйытқы болса , екінші негіз- фразеологиялық бірліктердің жалпы мағынасы. Зерттеуші Ш.А.Құрманбаева етістікті фразеологизмдерді ұйытқы болған сөздерге қарай үш топқа бөліп қарастырады.Біріншісі дене мүшелерінің атауы ұйытқы болған фразеологизмдер, сан атаулары ұйытқы болған және де жануарлар атауы ұйытқы болған фразеологизмдер.Осылардың ішінде адамның дене мүшелері ұйытқы болып келетін тұрақты тіркестердің алар орны ерекше болғандықтан фразеологиялық қордың басым бөлігін құрайды.Мысалы, бас пен бет,көз бен қас, қол мен аяқ, құлақ пен мұрын сөздері көптеген фразеологизмге негіз бола алады.Осы тұста бас сөзін алатын болсақ: « Басын бәйгеге тікті (өлімге), басын кессе де шындықпен кетті,басын қақты,басын құрбан қылды деген тіркестер өз басын нар тәуекелге тігіп құрбан етті, жанын пида қылды деген мағына мағына береді.Бағынды,жалынды,аяғына жалбарынды дегеннің орнына:басына бәле жауды,басына қауіп-қатер төнді тіркестері қолданылады.
57. Қазақ ғалымдарының зерттеулеріндегі оңтүстік, батыс, солтүстік-шығыс диалектілерінің бөлінісін мысалдармен дәлелдеңіз. Фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктеріне мысалдар келтіріп, дәйектеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |