Жұмыстың өзектілігі: Жазушы Тахауи Ахановтың «Боран» романының тілдік қолданысын зеріктеу. Жазушы шығармасындағы көркемдік құралдардың қолданылуын айқындау. Жұмыстың нысаны


Ұйытқыған боран омырауына, мойнына әкеп жас қарды былш-былш соғады



бет70/76
Дата08.02.2022
өлшемі120,19 Kb.
#130876
түріСабақ
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76
Байланысты:
Боран романы

Ұйытқыған боран омырауына, мойнына әкеп жас қарды былш-былш соғады (“Боран”, 12 бет).

  • Бетіне төпелеп ұрған қар кірпік астын жасқа толтырып, көзін аштырмайды (“Боран”, 12 бет).

  • Ілезде түтеп кеткен ақ боран жақындап қалған аласа қораны бұлдыратып, көзден жасырды (“Боран”, 13 бет).

  • Өңшең марқалар ыққа қарай қутың-қутың жүгіріп, жылы қораға асығып барады (“Боран”, 13 бет).

  • Боран үдей түскен. Есіктің алды омбы қар. Жиырма –отыз қадамдай ұзап барды да селтиіп тұрып қалды. Түтеп тұрған бораннан ешнәрсе көрінбейді (“Боран”, 14 бет).

  • Ауыз бөлмеде керосин шам сығыраяды. Үйдің іші толған бу. Қазандағы су қайнап кетіпті (“Боран”, 14 бет).

  • Үйдің іші ала көлеңке. Ошақта қидың шоғын қоламта басып қызылы семіп барады. Жым-жырт. Далада ұлыған боранның еміс гуілі (“Боран”, 14 бет).

  • Түн қараңғысы қоюлана түсті. Жотасы жылыған қойлар көбірек үйіріліп, ілгері қарай аттағысы келмейді ( “ Боран”, 41 бет).

    Қорыта айтқанда, жазушы Т. Ахтановтың “Боран” романы тілін талдау барысында 16 пейзаж теріліп, талданды.

    Қорытынды

    Тіл ─ адамзаттың баға жетпес құндылықтарының бірі. Ол ─ адамзат арасындағы қарым-қатынас пен болмысты танудың басты құралы ғана емес, қоғамдағы саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани, тарихи өзгерістердің куәсі және сол ақпараттарды бойында сақтай отырып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші құрал.


    Тіл – мәдениеттің қайнар көзі. Өйткені ол мәдениеттің құрастырушы бір бөлігі, сонымен қатар, тіл мәдениетті танытудағы негізгі құрал, себебі біз ол арқылы мәдениетті меңгереміз. Тіл мәдениеттің жалпы сипатын танытады. Негізгі ақпаратты сақтайды, жинақтайды, таратады. Осыған байланысты тіл әрбір этникалық қоғамдастықта этностың мәдени ерекшелігін танытатын фактор ретінде, мәдениеттің тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетуін қамтамасыз етеді. Осылайша, ұлтты бір тұтастырып, бүтіндігін сақтайды.
    Әр тіл – өз бойында ұлт тарихын, төл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық жүйе. Осындай мазмұнды құрылымына сәйкес ол жай таңбалық жүйе емес, ол – мәдениеттің көрсеткіші. Сондықтан оны құрылымдық лингвистика деңгейінде зерттесек, үлкен нәтиже ала алмаймыз. Себебі, бұнда тілдің қызметі тек коммуникативтік емес, этномәдени ақпараттарды сақтаушы, жеткізуші, келесі ұрпаққа жалғастырушы, бүтін тұтастық болып танылады.
    Ақиқат дүниенің мәдени ақпаратын танытатын әрбір лингвомәдени бірлік дүниенің тілдік бейнесін айқындаушы лингвомәдени көрсеткіш ретінде қарастырылады. Ол тіл мен мәдениет арасындағы өзара байланысы тұрғысынан талданады және таңба мазмұнындағы лингвистикалық, мәдени ақпараттармен танылады.
    Жазушы Т. Ахтановтың ұлттық тілдің бай қазынасы – сөздік құрамын шебер пайдаланып, әр сөзін, сөйлемін, тұтас мәтінін мәнерлі, өткір шебер тілмен өрнектеген және оларды белгілі бір стильдік мақсатпен ұтымды пайдаланып отырған.
    Т. Ахтанов ‟Боран”шығармасы тіліндегі қолданыс тапқан фразеологизмдер бір жағынан тіл көркемдігінің құралы болса, екіншіден, ой көркемдігінің сипаты. Қаламгер тілінің лексикалық байлығының бір қырын әр түрлі фразеологизмдер танытады. Шығарма тілінде кездесетін фразеологизмдердің басым көпшілігі ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер болып табылады.
    Жазушы Т. Ахтановшығармада мақал – мәтелдерді өз мәнінде, өз қалпында жұмсаумен қатар, бастапқы мәніне қосымша рең кіргізіп түрлендіреді де, өзінің мақсатты ойына лайықтап қолданады.
    Жазушы кез келген құбылысты, қимыл – әрекетті, теңеу формасының негізгі міндеттерін орындай отырып, шебер пайдаланған. Қазақ халқының ұлттық танымын көрсететін теңеулер шыншылдығымен, нақты құбылыстарды сипаттауымен ерекшеленеді.
    Шығарманың ерекшелігі – Мақал – мәтелдер, фразеологизмдер, атноним, омоним, синоним сөздер, қос сөздер, ұлттық қазақы киімдердің атаулары және портреттердің жиі кездесуі. Сонымен қатар шығарма тіліндегі пейзаждың, метафораның, эпитеттің, теңеудің қолданылуы.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет