1. Мағыналық (семантикалық) сын есім синонимдер.
2. Экспрессивтік – стилистикалық сын есім синонимдер.
3. Мағыналық – стилистикалық сын есім синонимдер [9, 78 бет].
Жалпы сын есім синонимдерді білдіретін мағыналарына байланысты бірнеше топқа бөлуге болады.
1. Адамға қатысты айтылатын сын есім синонимдер:
а) Адамның мінез – құлқына байланысты синонимдер: мейірімді – қайырымды – рақымды, ұшқалақ – күйгелек – жеңілтек, ашушаң – ашуланшақ, сотқар – бұзақы – тентек, т.б.
ә) Адамның жеке басындағы қасиеттеріне байланысты синонимдер: шешен – сөзшең – ділмәр, сөзуар – мылжың, дарынды – талантты – талапты, табанды – тұрақты – орнықты, т.б.
б) Адамның қоғамдық ортадағы орнына байланысты синонимдер: беделді – абыройлы, атақты – даңқты – әйгілі – белгілі, епті – икемді, әлді – ауқатты – бай – дәулетті, көнтерлі – көнбіс, т.б.
в) Адамның табиғатпен және қоғамдық – әлеуметтік өмірмен қарым – қатынасына байланысты синонимдер: азат – ерікті – еркін – тәуелсіз, діншіл – құдайшыл, тілектес – тілеулес, адал – ақ – пәк, жетім – панасыз, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |