Жазушы Т. Ахтанов “Боран”романындағы синоним сөздердің қолданысы мынадай:
Мағыналық синонимдер
Қоспанға дегенде ұлық басын кішік етіп, ықлас, ілтифат етумен келеді (“ Боран ”, 8 бет ).
Ықлас, ілтифат- Бір нәрсеге істеуге ұмтылушылық, бейіл қоюшылық [ҚТСС, 616 бет].
Соңғы он-он төрт жылдан бері қой соңында келе жатқан Қоспан бұл тіршіліктің тәсіліне жетіліп, машықтанып алған еді (“Боран ”, 10 бет).
Жетіліп, машықтанып - Өсіп, дамып қатарға қосылу[ҚТСС, 260 бет].
Табиғатпен бірге қатқыл көңлі жібіп, жаны бусанып, көкірегін үнсіз, дыбыссыз күй кернейді (“ Боран ”, 10 бет ).
Үнсіз, дыбыссыз - үн шығармай, дыбысын білдірмеу [ҚТСС, 588 бет].
Тағы да қойны суық жалғыздық, жетімдік келе жатты ...(“Боран”, 16 бет ).
Достарыңызбен бөлісу: |