Етістікке байланысты антонимдер
Міне биыл бір күн ашылып, бір күн жауып, алысқа аттатпай қора маңын тақырлатып кетті (“ Боран ”, 9 бет ).
Ертеңнен кешке дейін жүк тиейді,жүк түсіреді (“Боран ”, 18 бет ).
Сын есімге байланысты антонимдер
Ақ даланы жапқан қара бұлт жоғары көтеріліп түсі күлгін тартып реңі жұмсарған (“Боран ”, 101 бет ).
Қорыта айтқанда, Т. Ахтанов “Боран” романы тілін талдау барысында 15 антоним сөз теріліп, талданды. Әр антоним сөздер сөз таптарына байланысты жеке топтарға топтастырылып, мағыналары ашылды.
Синонимдер
Синоним дегеніміз кемінде екі не оданда көп сөздердің бір ұғымды аңғартуы. Бірақ бірнеше сөз бір ұғымды аңғарқан-да, бәрі бірдей болып келе бермейді. Олар айтатын заты, қимыл-процесін ір жағынан аңғартып, мін-мағынасы жағынан толықтырып тұрады. Синоним сөзін грек тілінен (synonimon) аударғанда ‟қатар атау” деген мағынаны білдіреді. Тілдегі синонимдер – сөз қорының асыл қазынасы. Өйткені тілдің бай да оралымдылығы, оның сөздік құрамының қандай дәрежеде дамып жетілгені көп ретте синонимдер арқылы көрініс табады. Қай тілдің болса да көне заманнан бергі даму тарихы, лексикалық, грамматикалық жағынан жетіле түсуі оның сөздік құрамындағы синонимдік қатардың молайып, толығып отыруымен де ерекшеленеді [7, 19 бет].
Синонимдердің нәзік стильдік реңкі, экспрессивті – эмоционалды бояуы оны орнымен қолданғанда, басқа сөзбен тіркесе айтылуынан байқалады. Көп ғасырлық бай, әдеби дәстүрі бар халықтың лексикалық, морфологиялық жағынан дамып жетілген тілінің көрінісі ондағы қалыптасқан синонимдік бірліктердің әр алуандығымен, оның лексика – семантикалық жүйесінің күрделілігімен айқындалады. Соған орай синоним сөздер сөз байлығының құнарлы бір саласы болуымен қатар, әр халықтың ұлттық таным – түсінігін, болмысын да танытады. Әдетте сөз логикалық дәлдігімен, ойлаған ойдың реңктерін өз бояуымен нақты көрсете алса ғана мәнерлілік сипатқа ие болады. Мазмұн мен мақсатқа сайма – сай лайықтап алынған сөздер ғана мәнерлі деп танылады. Сөз де қиюластырып қалаған кірпіш сияқты шеберлікті керек етеді. Шешен де шебер сөйлеудің бір ұшы – тілдегі синонимдерді қисынын келтіріп, реңкін айқын ажыратып, тап басып, орнымен үйлестіріп жұмсай білуде.
Тілдің табиғатын айқын сезініп, синонимдерді таңдап, талғап пайдаланып, сөйлем ішінде дұрыс қолданудың күнделікті қарым – қатынаста айрықша маңызы бар. Лексиконы синонимге бай адам сөз мағыналарының нәзік реңктерін дөп басып, қолдану шеберлігінің арқасында шешен сөйлеп, ойын анық та тартымды жеткізе біледі. Демек, синонимдер – тіл байлығы дегенде біз сөздердің жеке тұрғандағы жай тізбегі деп түсінбейміз, олардың кең қолданысқа түсіп, көңілдегі көрікті ойды мүлтіксіз шебер жеткізудегі мәнді қызметін айтамыз.
Қазақ тіліндегі синонимдерді жүйелі түрде зерттеу, оның сөздігін құрастыру өткен ғасырдың елуінші жылдарының ортасынан басталады. Содан кейінгі жарты ғасырлық кезеңде синонимдерге қатысты тақырыпта бірнеше кандидаттық, докторлық диссертация қорғалды. Ғылыми жұмысының негізгі бағыты қазақ тілі лексикологиясы мен лексикографиясын зерттеуге арналған филология ғылымының докторы Әсет Болғанбаевтың ‟Қазақ тіліндегі синонимдер” атты монографиясы (1970 ж.) қазақ тіл біліміндегі іргелі ғылыми еңбек ретінде бағаланды [8, 617-618 бет].
Қазақ тіл білімінде арнайы сын есім синонимдерді зерттеген ғалым Фаузия Оразбаеваның ‟Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер” еңбегін айрықша атауға болады. Бұл еңбекте ғалым сын есім синонимдерді мынадай түрлерге бөліп, қарастырады:
Достарыңызбен бөлісу: |