Мысық сорғыштың кездесу жиілігі
Мысықсорғыш құртынан туатын аурудан 2002-2006 жылдар аралығында жалпы 3 ересек адам ауырды.
Жалпы мысықсорғыш құртынан болған аурулар 0,69 %-тін құрайды. Мысықсорғыш құртының ауруынан науқас-танған адамдар басы ауырып, дене қызуы көтеріліп, бауыр-ларының қызып ауырады.
Сиыр цепенімен ауданымызда 3 адам тіркелген. Үшеуі де құрты бар сиырдың бауырынан жұқтырған. Сиыр цепені бауыр мен бұлшықетте оратылып, ұзындығы 10 метрге дейін жеткенше жатады
№ 5график Сиыр цепенінің кездесу жиілігі.
Финноз ауруына шалдыққан науқастар тек қана 2002 жылы және 2003 жылы ғана тіркелді. Жалпы 0,69 %-тін құрайды.
Ал енді осы құрттардың қаншасы әйел адамда , қаншасы ер адамда кездескенін мына диаграмма арқылы қарайық:
21
Бұл адамдардың барлығы да емделіп жазылып кетті. Тек қана бір әйел адам ғана эхинококкоз ауруынан көз жұмды. Ол адам Астана қаласында тіркелген.
Осы көрсеткіштер арқылы мен адам ағзасы үшін құрттардың өте қауіпті екенін көрсетіп отырмын.
Бұл адамдардың барлығы да емделіп жазылып кетті. Тек қана бір әйел адам ғана эхинококкоз ауруынан көз жұмды. Оған эхинококк ит жүні арқылы жұққаны анықталды. Ол адам Астана қаласында тіркелген.
Осы көрсеткіштер арқылы мен адам ағзасы үшін құрттардың өте қауіпті екенін көрсетіп отырмын. Біздердің көбімізде бұл құрт кездесуі мүмкін, бірақ біз оларды байқамай өз алдымызға өмір сүріп жата береміз. Сондықтан да денсаулығымызға немқұрайлы қарамайық, дер кезінде емделіп жыл сайын дәрігерге көрініп отырайықшы.
Олардың санын жыл сайын азайтып отыру керек, ол үшін мектепте бастауыш
сыныптарда және жоғары сыныптарда осы құрттар туралы мәлімет беріп, олардан ауруды болдырма үшін ең бірініші жеке бас гигиенасын ұстау екендігін миға тоқытқызу.
Мені тағы бір қызықтырғаны осы құрттарды, әсіресе балада кездесетін түрлерін қалай анықтайтыны болды. Ол үшін мен 2006 жылы (СЭС) зертханашысы Людмила Генадиевнаның жасаған тексерісіне қатыстым.Ол 14жасқа дейінгі балалардың ағзасынан ішексоғы мен үшкірқұрттың жұмыртқалары бар ма екенін тексерді. Ол үшін олар Рабинович әдісін қолданады екен.
Осы зертханалық жұмысты мынадай құрал-жабдықтармен жасайды:
Эфир майы, спирт, кастерленген май, клей.Осы заттарды араластырып жабысқыш зат жасаймыз. Осы затты әйнек таяқшамен алып баланың құйрығына қойып, микроскоппен қараймыз. Осы әдіс арқылы энтербиоз ауруларын, гельминттарды және кейбір кезде сиыр цепенінің жұмыртқасын анықтай аламыз.
Анықтау бойынша биылғы жылы энтербиоздан 1130 баланың ішінен 60 бала үшкірқұрттан ауырды. Ал гельминттен 1323 бала ішінен 5-і ішексорғы. Сонда қорытындылағанда 14 жасқа дейінгі балалардың көбі 6-7 жас аралығында паразит құрттардан зардап шегеді. Олардың барлығы дәрігерге жіберіліп, емдеуге тіркелді.
Ал Кото әдісі арқылы аудандық зертханашы Людмила Генадиевна өзі ересек және жас балаларды тексерістен өткізіп қорытынды жасаған.
Ал енді осы құрттардың қай жерлерден табылғаны және оның не себеппен сол аймақтан табылғанын білгім келді. Сондықтан менің жасаған келесі кестеден бұл ақпаратты алуға болады.
22
Ғабит Мүсірепов ауданындағы 2002-2006 жылдар аралығындағы ауылдарда кездескен паразит құрттар
4-кесте Паразит құрттардың кездескен жері
Табылған жері
|
Мысық сорғыш құрт
|
Ішексорғы
|
Эхинококк
|
Үшкірқұрт
|
Сиыр цепені
|
Новоишим
|
2
|
21
|
1
|
134
|
2
|
Ялты
|
1
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Червонное
|
-
|
3
|
-
|
-
|
-
|
Рузаевка
|
-
|
1
|
-
|
63
|
1
|
Боровское
|
-
|
1
|
-
|
-
|
-
|
Новоселовка
|
-
|
1
|
-
|
-
|
-
|
Гавриловка
|
-
|
|
2
|
-
|
-
|
Неженка
|
-
|
-
|
1
|
-
|
-
|
Буденное
|
-
|
-
|
|
85
|
-
|
Чистополье
|
-
|
3
|
-
|
81
|
-
|
Ломоносов
|
-
|
-
|
-
|
28
|
-
|
Бұл жерден нені көруге болады? Ауылдың халық саны артқан сайын аурудың кездесу жиілігі жоғары, ең көп шоғырланған аймақ- өзіміздің Новоишим ауылы.
Новоишим ауылында 3 мыңнан астам халық тұрады. Бізде бала саны да көп. Сондықтан гельминтоз ауруынан көп адамдар шалдықты. Сол сияқты Чистополье, Буденный және Рузаевка ауылдарында халық санының көптігінен ауруға шалдыққан адамдардың саны да өскен.
23
2.6. Күресу шаралары.
Адам мен ауыл шаруашылық малдардың ішқұрттардан құтқарудың мынадай әдістері белгіленді:
ішқұрт таратушыларды паразиттерден құтқару, яғни ішқұрттарды жою.
Сыртқы ортадағы ішқұрттарды жою, ол мыналарды қамтиды:
а ) коңді биотермиялық жолмен зиян келтірмейтіндей ету, мұңдайда көң дұрыс төгілсе , бактериялардың тіршілік әрекетінен температурада +500С. Тіпті +700С –ге дейін көтеріліп , ішқұрттардың жұмыртқасы мен дернәсілдері өледі.ә ) тынайтқышта дайындалған адам нәтежиесіне шымтезек немесе жылқының тезегін салып өңдку.б ) мал жайылымын жүйелі түрде алмастыру, сонда көптеген ішқұрттардың дернәсілдері тиісті иесі болмағандықтан өледі.
в ) сойылан малдың ұшасы мен ет өнімдерін малдәрігерлік тексеруден өткізіп, тазалығын анықтау.
Мектептерде ішқұрттардың жұмыртқасы таралмау үшін ай сайын оқушыларды дәрігерлік тексеруден өткізу- міндетті іс. Сондай –ақ оқушылардың тазалық сақтауын , әсіресе көкөністерді алдын ала жуып , тек соңынан ғана тамаққа пайдалануды, кез келген суды қайнатпай ішпеуді, шала піскен ет пен балықты жемеуді талап еткен жөн.
3. Паразиттердің аралық иесі моллюскілерді ол үшін балық өсіретін көлшелерде мезгіл-мезгіл құрғату, химиялық реактивтерді пайдалану керек. Хлорды немесе сөндірілген ізбесті пайдалану керек. Бұл әдіс тоғанмен суды жіберген соң, тоғанның ылғал тобына сеуіп шығамыз. Сондай-ақ пайдалы әдістің бірі хлорофос 0,1 -1,0 % ерітіндісі болып есептеледі.
4. Биологиялық әдіс өте тиімді. Ол үшін тоғанға қара амурды жіберу керек. Ол былқылдақденелерді жеп, биологиялық милоятордың қызметін орындайды.
5. Торлы қоқыс жинағышты жинау керек.
24
ІІІ Қорытынды.
Осы жұмысымды қорытындылап кетсем. Біріншіден паразит құрттар адам денсаулығы үшін өте қауіпті ауруларды туғызады, оған немқұрайлы қарауға болмайды. Себебі: бұл жерде адамның денсаулығы жөнінде сөз қозғалады. Ал халық мемлекеттің негізгі байлығы, ал балалар ертеңгі Қазақстанның болашағы. Екіншіден паразит құрттар барлық жерде кездеседі. Қазақстан мемлекетінің басты байлығы – адам.біз қазақстан мемлекетінің азаматы, болашағы болғандықтан біз денсаулығымызды сақтап , паразит құрттардан әрдайым сақтанып жүруміз керек.
Мен біздің ауданымызда жиі кездеметін паразит құрттарды зерттеп , олардың түрлерін , тудыратын ауруларын , кездесу жилігін анықтап , оларды зерттедім. Менің зертеуім бойынша біздің ауданымызда 2002-2006 жылдар аралығында 431 адам ауырғаны анықталды. Сонда олардың 421 жас бала екені, ал 10 ересек адам ауратынын анықтадым. Осы көрсеткіште көрсетілгендей 98,6% бала ауыратыны көрсетілген.
Сонда паразит құрттардан көбіне жас балалар зардап шегетіні көрсетіліп тұр. Әрине бұл бізге қуанышты жайт емес, себебі балалар Қазақстанның болашағы емес пе!
Паразит құрттардан балалар зардап шекпеу үшін менің ойымша біз ол үшін төмендегі шараларды қолдануымыз керек:
әрдайым мектеп оқушыларының даярлық тобынан бастап , бесінші сынып аралығындағы балаларға паразит құрттар жайында лекция оқып отыру
жыл сайын балаларды медициналық тексерістен өткізу
шала піскен ет пен балық етін жемеуге тырысу
қайнатылмаған суды ішпеу
әрдайым ас алдында қолды иіс сабынмен жуу
төсек орынды үтікпен үтіктеу
мектеп бағдарламасында берілген 7 сынып биологиясында паразит құрттарға толығырақ тоқталу
қоқыс маңайында жүрген ит пен мысықты үйге алмау, ал алсаңыз міндетті түрде тексерту
егер балық ішінен құрт шықса ешқешен да оны мысыққа бермеу
Міне осы мен ұсынған шараларды қолданып отырса онда біз паразит құрттарға қарсы тұра аламыз деп үміттенемін.
Қазіргі кезде Қазақстан мемлекеті көптеген дәрежеге жетуде. Біз 15 жыл ішінде тәуелсездігімізді алып , өзіміздің конституциямызды қабылдап , БҰҰ –на кіріп, ал енді 50 мемлекет қатарына кіруге ұмтылудамыз. Осы 50 мемлекет қатарына кіру үшін бізге денсаулығы мықты, білімді азамат керек. Сондықтанда біз жеке бас гигиенасын ұстап, денсаулығымызға көңіл бөлуіміз керек. Қазақ халқы «Денсаулық - зор байлық» дегендей, мен ғылыми жобамды осы мақалмен аяқтағым келеді.
25
Пайдаланған әдебиеттер
1. Заяц Р.Г. «Основы общей и медицинской паразитологии»
-М.,Феникс (2002 жыл 117 бет)
2. ЯтусевичА.И.,РасковскаяИ.В, КапличВ.М. «Ветеринария и
медицинская паразитология» –М.,Медицинская литература,
(2001. 42 бет)
3. ГенисД.Е. «Медицинская паразитология»-М., Медицина, (1979жыл
76-130 бет)
4. К.Жүнісова., М.Шаймарданова., Қайыров Қ., «Зоология сабақтары» -А.,Мектеп,(1981жыл 148-152 бет)
5. ТельЛ.З., ДаленовЕ.Д., «Валеология»-Астана(2003жыл 111-115 бет)
6. Дейнека И.Я., «Эхинококкоз человека», М: Медицина., (1968 жыл)
26
Жетекшінің сын- пікірі
Биология пәнінен алған білімді жетек ете отырып ,қосымша әдебиеттерді іздену арқылы еңбек иесі Мұқышова Айзада жұмысты толық орындаған. Ол орысша жиналған материалдарды дұрыс аудара отырып тиімді жерлерін теріп, паразит құрттардың адам денсаулығы үшін өте зиянды түрлерін зерттеп, олардың дамуын жәнек адамға қалай берілетіндігін толық мәнін аша білген.
Адам денсаулығы әрқашан бірінші орында екенін жете түсінген жеткіншек мәселені өз тұрғысынан зерттеген. Ауданның СЭС мекемесімен тығыз жұмыс істеп, материалдарды қорытындылап, анализдеп, саралап берген. Диаграммалар, кестелер мен графиктерді құру арқылы біздің ауданда жиі кезесетін паразит құрттарды терең зерттеген. Олармен күресу жолдарын айтып, мектеп ішінде оқушыларды тазалыққа шақырып әртүрлі іс-шаралар жүргізген.
Бұл жұмыс оңайлықпен берілген жоқ. Себебі жұмыстың мәнін ашу үшін медицина жағынан хабардар болу керек, әрі іздеген материалдардың барлығы орысша ғана кездескен. Оның өзінде біздің аудандық кітапханаларда ешбір әдебиет табылмайды. Бірнеше рет Көкшетауға барып әдебиеттерді оқи отыра , оның еңбегі зая кетпеді.
Жасынан бастап елдің қамын, елдің денсаулығын ойлаған баланың алда күтері мол жетістіктер екені сөзсіз.
Жұмыс мектеп оқушысы екенін еске тұта отырып қорытқанда өте жақсы жоғары деңгейде жазылған.
Ғылыми жетекші: Л.Т. Қасымова
Достарыңызбен бөлісу: |