1-экспонат. Ақынның өмірбаяны мен қолжазбалары және домбырасы. Ақын 1882 жылы Далабай ауылында дүниеге келген. Жастайынан өлеңге жақын болып ақын атанған. 1992 жылы 110 жылдық мерейтойы атап өтіліп сол мерейтойда Мұқанқызы Қозғалмас, ақынның домбырасын мұражайға әкеліп табыстады.
2-экспонат. Ақынның отбасы.
Қарсақ Қопабайлының 2-қызы 2-ұлы болған және Әуезхан және Қасымхан атты 2-немересі. Бүгінгі күнде ақынның шөберелері ақын бабасының кіндік қаны тамған туған өлкесінде өмір сүруде.
3-экспонат. Ауыл мен мектеп тарихы.
Ауыл мен мектеп тарихынан сыр шертетін мәліметтер. Ауылдың ең алғашқы директорының , мектептің алғашқы түлектерінің сондай ақ мұғалімдер ұжымының фотоларын көруге болады.
4-экспонат. Социалистік еңбек ерлері.
Далабай ауылынан шыққан социалистік еңбек ерлеріне арналған. Ауылдан 3 социалистік еңбек ері шыққан. Олар; Оспанов Нақып, Иманғазы Тоқырайұлы, Беспаев Ысқақ.
5-экспонат. Ұлы Отан соғысының ардагерлері.
Соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған. Ауылдан Ұлы отан соғысына 120 адам аттанып оның 62 сі өлкемізге оралды. Олар Ткаченко В.А, Елубаев Абден, Қойшыбаев Б, Кенжеғұл Оразалы,Әбілдин Қажығали, Райымбеков Батырбек және т.б.
6-экспонат. Ер есімі – ел есінде.
7-экспонат. Тың игерушілер.
8-экспонат. Ақыннан қалған материалдық мұра.
1-көрме. Ұлы жеңіске – 70 жыл. Халықтың ерлігі мәңгілік.
2-көрме. Тыңға – 60 жыл.
3-көрме. Егемен елдің кемеңгер басшысы.
Мұражайдағы
Ұлы отан соғысының ардагеріне – 20 медаль.
Білім озаты -1 медаль.
Ақын домбырасы – 1.
Ақынның бас киімі – 1.
Саптама етік – 1.
Соғыстағы сарбаздан хат – 5.
Ақынның қолжазбалары – 25.
Солдат бас киімі – 1.
Ақын Қарсақ Қопабайұлының шөбересі Нагызханова Бахыт 2012 жылы «Халық ақыны – Қарсақ Қопабайұлы» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізіп облыстық байқауда 1-орынды иеленді.Осылайша тарихи-өлкетану мұражайының оқушылардың өз еліне, туған өлесіне деген сүйіспеншілігін арттырып патриотизмді дамытуда басты орынға ие.
Оқушыларды мұражайға саяхат жасата отырып өлкеміздің тарихымен және өлкемізден шыққан ұлы тұлға Ақын Қарсақ Қопабайұлымен және оның атқарған еңбектерімен отбасымен таныстыру оқушыларымыздың өлкесіне деген патриоттық сезімін арттыруда көп септігін тигізетіні анық. Ал мектеп ішінен ашылған шағын орталықтың балаларына жылына 2-рет мұражайға экскурсия ұйымдастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |