Жұмыстың тақырыбы



бет8/12
Дата23.11.2023
өлшемі3,2 Mb.
#193121
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
537 Орынбай Айзере (Дарын1) оригинал
1, trigonometricheskie tablicy, ах рп 2010 соң, 1, Абайдың шығармашылығы
2.1.5.Тұздың ағзадағы маңызы
Тұздың адам денсаулығына пайдасы көп. Мысалы: тұз қышқылы ішкен жеген тамақты ыдыратып, оның денеге сіңуіне мүмкіндік береді де, натрий бұлшық ет нервмізге сіңеді, сүйекпен шеміршек құрамына енеді. Денеміздің әрбір ағзасынан тұз ерітіндісі бейне бір жуып, тәніміздегі барлық сұйықтықтың ағысын реттеп отырады. Егер денеде тұз жеткіліксіз болса, бұлшық еттер тырысып, сіңір – буын құрысып, қан кеуіп, нерв жүйесі тарылады, ақыр соңында дертке ұшырайды. Тұзды көлдер, батпақтар, бұлақтар, ауру-сырқауды емдейтін курорт-санаторийлер объектісіне жатады. Тұз үңгірлері мен шахталары ішінде өкпе, тыныс демікпесін емдейді. Барлық өндірілетін ас тұзының тек үштен бір жуығы ғана қоғамда қолданады. Тұз негізінен өнеркәсіптің қайнар көзі болып табылады. Химиялық дайын бұйымдардың көбінің құрамдарына астұзынан құралатын, хлормен натрий кіретінін біз біле бермейміз. Химия да хлорлы натрий, глаубер тұзын, тұз қышқылын, хлорлы известі, мүсәтір спирті, қала берсе таза металды, натрийды өндіруге қолданылады. Сабын, иіс су, жасанды жібек, қағаз, шыны, әр-түрлі бояулар, каучук, дәрі-дәрмек, пластмасса, былғары, синтетикалық талшықтар мен улы химикаттар алуда қолданылады. Ас тұзының 1500 қасиеті бар. Өйткені олар өнімдермен бұйымдар жасалуда қолданылады. Болашақта электр тогын теңіз тұзды суымен тұщы суды қосып өндіру жолы зерттеліп жатыр. Күнделікті өмірде тәтті қамырға аздаған тұз салса тамақтың дәмі кіреді. Маса, кене,бүрге шаққан жерге тұз жақса, дуылы тез басылады. 5 грамм тұз көкөністі тұздауда жақсы нәтиже береді. Қайнаған сүтке бір шым-шым тұз салса ол тез ерімейді. Баспаны (ангина) жазу үшін тамақты тұзбен соданы қосып шайса тіпті жақсы. Қолға жұғып қалған пияз иісін немесе жағымсыз иісті жою үшін, алақанды құрғақ тұзбен сүрту керек. Қыста терезені тұзды сумен сүртсе, әйнекке қырау тұрмайды.
Тұздың негізгі мөлшері (шамамен 71%) біздің денемізге дайын тағамнан келетінін есте ұстаған жөн. Тұз барлық дерлік тағамдарда, соның ішінде нан, шұжық және ысталған ет, құрт, ірімшіктер, ет және балық консервілері, тағамдар (чиптер, крекер, жаңғақтар және т. б.), соя соусының бульон текшелерінде, ас суында болады, осылайша адам өзінің табағына ештеңе қоспай-ақ күнделікті тұз дозасын ала алады. Тұз жаңа піскен көкөністер мен жемістерде, ет, сүт және ашытылған сүт өнімдерінде, жұмыртқада, балықта, саңырауқұлақтарда және басқа да тағамдарда кездеседі, бірақ әлдеқайда аз мөлшерде. Мысалы, 100 г сиыр етінде 60 мг тұз, 100 г қызанақта – 3 мг, ал 100 г мейізде – 27 мг бар.
Натрийді шамадан тыс тұтыну қан қысымының жоғарылауымен байланысты, ал натрийді аз қабылдау денеде ренин мен альдостерон деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Перспективалық когорттық зерттеулердің заманауи деректері натрийді тұтыну мен жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупі арасындағы J-тәрізді тәуелділікті көрсетеді және жүрек-қан тамырлары аурулары мен олардың өлімінің ең төменгі қаупі натрийдің орташа мөлшерін (тәулігіне 3-5 г) тұтынатын популяцияларда байқалатынын көрсетеді.
Сөз соңында әр халықтың әр заманда айтқан тұзға қатысты мақал-мәтелдері болған.
Тұз бен нансыз әңгіме жүрмес.
Астың дәмін тұз келтірер.
Тұз астың көркі , шаш бастың көркі .
Дәмсізді дәмді қылған тұз әулие,
Алысты жақын қылған қыз әулие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет